Оңтүстік-Батыс Алтайдағы 2015 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары
2015 жылы зерттелінген Қабырғатал қорымы Боран – Күршім тас жолынан солтүстік-шығыс бағытта 7 шақырым, Егіндібұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 13 шақырым жерде орналасқан. Нысан аталған фермадан шығысқа қарай 700 м жерде. Зерттеу нысаны орналасқан аймақ Алтай тауларының Зайсан қазаншұңқырымен астасатын жоталы-қыратты бөлігі. Оңтүстік-Батыс Алтай тауы баурайларынан археологиялық барлау жұмыстары нәтижесінде қола дәуірінен бастап, көне түркі кезеңіне дейінгі ескерткіштер анықталып, олар нақты орындарының координаталары бойынша картаға түсірілді. Оңтүстік-Батыс Алтайдың ежелгі және ортағасыр көшпелілерінің бастау қайнар көзі – қола дәуірінің ескерткіштері де сол жерден кездейсоқ табылған сына жазуы бар тас жәдігерге және сыртқы құрылысы қазбаға дейін түркі қоршауына ұқсас болғандықтан да қазба жұмыстары жүргізіліп, зерттелді.
Дереккөздер
- Омаров Ғ.Қ., Сапатаев С.А., Сагындыкова С., Куркеев Е.М. Оңтүстік-Батыс Алтайдағы 2015 жылғы археологиялық зерттеу жұмыстары // «Қазіргі жоғарғы білім жүйесіндегі археология, этнология және музейтану» атты «VІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары / жауапты ред. А.Б. Қалыш. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 593 б.


