Ескі Түркістандағы метал өңдеу цехы

2021 жылдың далалық маусымында Тоған қалалық су қоймасының батыс жағалауын археологиялық зерттеу барысында металл өңдеу цехы табылып, ашылды. Аумағы 55,5 х 37,7 м болатын аумақта 24 үй-жайдан тұратын, қабырғалары шикі және пахса кірпіштен қаланған құрылыстардың бірыңғай ансамблі ашылған. Метал өндірісі цехы қазылып, оның ішінде металды өңдеуге және дайын қолөнер бұйымдарын өндіруге байланысты тұрғын үйлер мен өндіріс орындары болды. Жұмыстар ХІХ ғ. мерзімделетін жоғарғы құрылыс көкжиегі бойынша жүргізілді.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Тұяқбаев М.Қ., Ержігітова А.А. Ескі Түркістандағы метал өңдеу цехы // Марғұлан оқулары–2021: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналған «Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы Дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Алматы қ., 26–27 қазан 2021 ж.). 3 томдық. - Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2021. - 2-том. - 280 б.
Авторлар:Ержігітова Айсұлу Асқарқызы,Туякбаев Марат Кымызович

Экспедиция