Алматы облысының тарих және мэдениет ескерткіштерінің жинағы бойынша 2005 жылы жүргізілген зерттеуле

2005 жылы негізінен қазақтардың жоңғар және Қоқан басқыншыларымен шайқасқан орындарынан, XVIII-XX ғғ. аралығындағы қазақ қоғамының көрнекті өкілдерінің өмірі мен қызметіне байланысты топонимикалық объектілерінен тұратын, Алматы облысының тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу және олар жайында ғылыми мақалалар жазу жұмыстары жалғастырылды. Аталмыш тақырып бойынша жұмыстар биылғы жылы ТМД- дағы мұрағаттар мен кітапханаларынан революцияға дейінгі тарихи-мәдени ескерткіштер жайлы жазба деректер іздестіру мен жинау шараларын, сондай-ақ, негізінен облыстың Жамбыл ауданында жүргізілген, далалық зерттеулерді де қосты.
Арнайы зерттеулердің приоритет нысаны ретінде Жамбыл ауданының тандап алынуы, бүл аумақтың Қазақтардың кейінгі орта ғасырлар дәуірі мен жаңа заманның бас кезінде, Орталық Азияның көшпенді және отырықшы халықтарымен жасасқан мәдени және әскери-саяси қарым- қатынастарының тарихында алатын орнының ерекшелігінде болып отыр. XVI-XVII ғғ. оның территориясы арқылы Солтүстік-батыс және Солтүстік Қазақстаннан Ұлытау және Сарысу өз. тармақтары арқылы Қазақстанның батыс аумақтарына өтетін, Сібірді Орта Азия мемлекеттерімен, соның ішінде негізінен Ташкент иелігі және Бұхарамен байланыстырған маңызды керуен жолы өтетін. Қазақтардың оңтүстіктегі отырықшы көршілері мен бас ордасы XVIII ғ. бас тұсынан Іле өз. жоғарғы сағасы мен оның тармақтарының аумағында орналаса бастаған, жоңғарларға қарсы жорықтары осы бағыт бойынша жүріп отырды. Сонымен қатар, XVII ғ. бірінші ширегінің бас тұсында Жетісуды Жоңғария жаулап алғаннан кейін, қазіргі кезде ҚР Алматы облысы Жамбыл ауданының құрамына кіретін Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағалауы, қазақтардың ойраттармен мәдени қарым-қатынас және әскери қақтығыстарының негізгі аймағына айналды. Соңғылардың ішінде үш Жүздің бірлескен қазақ қолдарының 1727-1730 жж. жеңіске жеткен жорықтары да бар. Облыстың басқа аудандарына қарағанда, Жамбыл ауданы қазақ халқының әскери тарихына қатысты жерлері көп аймақ;. Олардың көбісі қазақстандық тарихшыларға әлі де беймәлім.
Атап өтілген жағдайларға байланысты биылғы жылдың 11-30 тамыз аралығында, Балқаштың оңтүстік-батыс жағалауы ауданында құрамында сегіз адамы бар кешенді далалық экспедиция ұйымдастырылды. Оның құрамында: отряд басшысы, т.ғ.к. И.В. Ерофеева, бас геолог, г-м. ғ. д. Б.Ж. Әубәкіров, ұшақтан сурет түсіретін мамандар Р.Сала мен Ж-М. Деом, этнографтар Ш.А. Аманжолова мен А.А. Әлмұқамбетов жұмыс істеді. Қазақтардың жоңғарлармен 17^23-1730 жж. аралығында жүргізген шайқастарының панты болған жерлерінің координаттарын анықтау және оларды зерттеу осы экспедицияның мақсаты болды.
Далалық жұмыстар барысында солтүстігінде Ақсүйек поселкесінен бастап, оңтүстікте Аңырақай тауларының оңтүстік-батыс бөлігіне дейін, соның ішінде, Ақсүйек-Күрті трассасының бойында орналасқан Ұзынағаш, Қарабастау, Үйгентас және басқа да елді мекендердің төңіректері зерттелді. Барлау барысында Сарыбұлақ өз. бойында, Бескөл қыстауының маңынан қам кірпіштен тұрғызылған, облыстың ірі масштабты карталарында «Қалмақ төбе» деп белгіленген жоңғар қамалының қирандылары табылды. Оның өлшемдері 50x35 м, дельтапланнан 500 м биіктіктен түсірген суреттен, қамалдың сұлбасы анық көрінеді. Сонымен катар, Аңырақай тауларының шығыс етегі территориясын мұқият шолып шығу, аталмыш учаскенің орографиялық және геоморфологиялық ерекшеліктерін революцияға дейінгі XIX ғ. мен XX ғ. басындағы картографиялық материалдармен, соның ішінде Верный уезінің 1911 жылғы он шақырымдық картасымен; сондай-ақ Шу-Талас алқаптарының бақташыларының ақпаратымен және өткен ғасырдың бас тұсындағы қазақтардың тарихи аңыздарымен салыстыра отырып, революцияға дейінгі этнограф Ә.Ә. Диваевта «Аңырақай жері», ал статист П.П. Румянцев және оның әріптестерінің 1910-1914 жж. есебінде «Аңырақай шатқалы» деп аталған, 17.30 жылы қазақ қолдарының жоңғарлармен болған Аңырақай шайқасының нақты координаттары анықталды. Тарихқа қатысты бүл территория Қопалы және Сарыбұлақ өзендерінің арасынан 152 га-ға жуық аумақты алып жатыр. Аумақ қабырғалары тең үшбұрыш пішіндес, табаны Аңырақай шатқалдарының етегіне тірелсе, басқа екі қабырғасы өзендердің каньон тәріздес жағаларына тірелетін де, атты әскердің бүл жерден өтуіне үлкен қиыншылық тудыратын. Жүргізілген зерттеулердің негізінде Сарыбұлақ өз. бойындағы жоңғар қамалы бар учаскенің геоморфологиялық картасы, сондай-ақ оның горизонталды және ұшақтан түсірілген суреттері жасалды.
Аңырақай шайқасы болған жермен қатар, қазақтар мен жоңғарлар арасында оған дейінгі болған, «Сууқайтын» (дұрысы «Сұмқайтты») тарихи топонимінен мәлім, шайқастың орны анықталды. Бүл атау, 18-43 жылдың өзінде-ақ орыс саяхатшысы А.И. Шренктің топографиялық қолжазба материалдарында кездеседі. Ұшақтан және космостан түсірілген суреттерді ХІХғ. мен XX ғ. басындағы тарихи карталармен салыстыра отырып, қазір Жангелді деп аталатын өзен мен Аңырақай шайқасының алдында 1730 жылы шайқас болған, аты аңызға айналған Сұмқайтты өзені бір болып шықты. Жангелді-Сұмқайтты өз. солтүстік- батысқа қарай орналасқан Әбілқайыр тауы аталмыш шайқастың тарихи-мәдени ескерткіші. Экспедиция мүшелері осыған дейін тарихшы М. Тынышбаевтың хабарлауы бойынша белгілі болып келген бүл таудың пакты орнып анықтады.
Қазақ-жоңғар шайқастарының орындарын басқа да қызықты тарихи ескерткіштер, соның ішінде Алакөлден оңтүстік-батысқа қарай ондаған километрге созылып, «Жошы- ханның оры» деп аталған ор орны анықталды. Экспедиция барысында ол суретке түсіріліп және қажетті өлшемдер жасалып, бүл нысан жайлы XIX ғ. мен XX ғ. бас тұсында Жетісуда болған орыс саяхатшыларының маңызды жазба естеліктері қолға жиналды.
Экспедиция материалдарын өңдеумен қатар Петербург мұрағаттары мен кітапханаларынан Балқаштың оңтүстік-батыс жағалауы, соның ішінде негізінен қазақ қолдарының жоңғар әскерлерімен 1726-1750-ші жылдары арасында шайқасқан жерлері, сондай-ақ Жетісу территориясынан ортағасырлық және кейінгі уақытта өткен керуен жолдары жайлы мағлұмат беретін XIX ғ. тарихи-географиялық сипаттағы құнды қолжазба деректері жинас тырылды. Бүл жазба деректерді қазіргі уақытқа дейін Оңтүстік-шығыс және Орталық Қазақстанның территориясындағы қазақ-жоңғар қатынастарының тарихи географиясын зерттеген зерттеушілер ешқашан қолданбаған, ғылыми айналымға олар енді ғана енгізіліп отыр. Сонымен бірге Санкт-Петербургтің іргелі кітапханаларының картографиялық қорларынан XVII г. мен XX ғ. басындағы Қазақстан мен көршілес Орталық Азия аймақтарының 50-ге жуық карталары табылды. Олар революцияға дейінгі Алматы облысының тарихи ескерткіштерін зерттеуге жаңа серпін беріп, олардың географиялық локализациялауын неғұрлым айғақты түрде жүргізуге мүмкінділік береді.
Одан басқа, Жетісудың ірі батырлары Самен, Қаратай және басқа да адамдардың әскери-саяси қызметіне қатысты жерлер және олардың жерленген орындары жайлы жазба деректерден маңызды мағлұматтар жинас тырылды. Қазіргі кезде оларға Жамбыл және облыстың басқа да аудандарында ескерткіштер орнатылған.
Қазіргі уақытта Жамбыл ауданында зерттелінген нысандар жайлы бүкіл құжаттық және далалық материалдар жинастырлып, өңделді және жүйеленді, бұлардың негізінде Алматы облысының тарихи және мәдени ескерткіштері жайында бір топ ғылыми мақалалар жарияланды.
Дереккөздер
- Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2005 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2005. Қазақ жэне орыс тілдерінде. Отчет об археологических исследованиях по Государственной программе «Культурное наследие» в 2005 году. - Алматы, 2005. – 218 стр. На казахском и русском языках.


