Ортағасырлық Сығанақ қаласында 2008 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысы
Бұл жылы студенттердің далалық практикасы тексеру шұңқырда (стратиграфиялық шурфта) зерттеу жұмысын одан ары жүргізді. 2007-жылы тексеру шұңқырдың жұмысы XII ярустың соңы XIII ярустың басына келіп тоқтатылған міне сол жұмыс 2008 жылғы маусымда ары жалғастырылды.
Қазба жұмысының кезінде басты жинастырылған керамикалардан түрлі-түсті бояулармен боялған 160-тан астам ыдыстардың сынықтары табылған. Олардың ішінде ғылыми жағынан суретін түсіріп, археологиялық жағынан формасын беретіні 26, оның ішінде кесенің формасын беретін ернеуі (венчики) 8, ал кесенің түбі (донцы) 14, ал екі данасы көк сырмен сырланған теракота XIII ярустан табылған. Ыдыстардың іші-сырты сыры қоңыр-ақ сарымен сырланған (1 сурет,а). Кесенің ернеуінің сыртқа қайрылған жерінен 2см-ден кейін қара-қоңыр сызықша жүргізілген. Оған ернеуді айналдыра сол қара-қоңыр түспен толқын тәрізді өрнек салынған. Ернеудің диаметрі 18см қалыңдығы ернеуден түбіне қарай 5-8мм қалыңдап отырады. Кесенің күйдірілген сапасы өте жақсы. Кесенің екінші түрі (1 сурет.б) дәл осындай ашық сарымен боялған. Сырты ашық қызыл-сарымен қошқар мүйізді тәріздес өрнектермен безендірілген. Диаметрі 20см, қалыңдығы ернеуінен түбіне қарай 3-9мм. Кесенің қалыңдығы ернеуінен түбіне қарай қалыңдап отырған. Кеселердің ішінде күлгін, көк, сары қоңырдың үстінен қаралау қоңыр жолақтар жүргізген және біріңғай сары қоңыр сырмен сырланғандары кездеседі. Бұған қарағанда тарихи тұрғындар ыдыстарын әртүрлі бояулармен бояған. Бояулардың сапасы өте жоғары, жер астында қанша жатсада жылтырап тұрады және ыдыс сынса да одан сыры көшпейді.
14 кеселердің түбі (донцы) табылған. Олардың ішінде алтауына сипаттама беріледі (2 сурет). Үлкен кесенің түбі диаметрі 7 см, қалыңдығы 0,7 см. Кесе біріңғай ақ сырмен сырланған, оның үсті қоңыр қара сырмен түбінен ернеуіне қарай жалпақ0,5см жән жіңішке 0,2 см сызықшалар жүргізілген (2 сурет, а), кесенің екінші түбі - бұлыңғыр жасыл қарамен сырланып оның үстінен ашық жасыл төртбұрышты не дөңгелек тәрізді өрнектер жүргізілген (2 сурет, ә). Кесенің үшінші түбі ақ сырмен сырланған, оның үстінен жалпақ қара қоңырмен және жіңішке ақ көк сызықтармен ернеуне қарай сызылған (2 сурет,б), түбінің диаметрі 7см қалыңдығы 10 мм. Кесенің төртінші түбі (2 сурет,в). Ыдыс түгелдей сары бояумен боялып түбі, ішкі жағы ақ-сарымен төрт бұрышты өрнек салынып оның ортасынан және сол ақ-сары бояумен екі сызықша жүргізіліп ол төртке бөлінген. Төрт бөліктің ортасынан ақ-сарымен дөңгелектер қойылған. Түбінің диаметрі 7см, қалыңдығы 0,7см. Кесенің бесінші түбі тұтас жасылмен боялған, бірақ олар көшіп кеткен (2 сурет, г). Кесенің алтыншы түбінің іші бұлыңғыр қоңыр сарылау бояумен боялған, оның үстінен сары бояумен түбінен ернеуіне қарай қалыңдығы 1-см сызықшалар жүргізілген. Диаметрі 7см қалыңдығы 1см (2 сурет, д). Соңғы «в» мен «д» түбінің қолдан тескен тесігі бар. Бұл шамасы ыдыс сынып қалғанда жапсырып, қиюластырып (ремонт) ыдысты қайта қолданған. Ол заманда да таршылық болғандығы байқалады. Сынған ыдыстарды тастамай жамап-жалғап күн көріс жалғасқан.
Қазба жұмысының кезінде жинастырылған сырланбаған ыдыстардың ұзын саны екі ярустен 250-ден астам. Олардың ішінен ыдыстардың формасын беретіндері 50 данадан астам. Оның ішінде ас үйде ас дайындауға қолданатын тегене 13, формасын толық беретін екеуі (3 сурет,а,ә). «А»-ның ернеуінің диаметрі 36 см, түбініңдиаметрі20см, биіктігі 11,5 см, қалыңдығы 13 мм. Таза саз балшықтан жақсы күйдірілген. Аздап құрамына құм қосылған. 3 сурет «б» тегененің ернеуінің аумағы 26 см, биіктігі 16 см, түбі 26 см., қалыңдығы 1 см. Ернеуі сыртына қайрылып бүйірі түбіне қарай доға тәрізді болып жалғасқан. І ші-сырты қызыл ангобпен сырланған.Табылған тұтқалардың ішінде көрнектісі екеуі (4 сурет, а). Ыдыс сырты қара-қоңыр ангобпен сырланса, ішінің ернеуі қызыл ангобпен, ал одан төменгі жағы ақ сары ангобпен сырланған. Тұтқаның екі жағынан айналдыра салынған қатар жүргізілген үш сызықшамен өрнектелген. Тұтқаның ұзындығы жоғары ернеуінен бүйіріне дейін 7,5 см. Тұтқаның ұстауға жасалған қалыңдығы 4см ыдыстың қалыңдығы 6 мм. 4 сурет,б тұтқаның өзіне тән ерекшелігі ұстайтын жеріне сызықшалармен қарағайдың бұтақтары тәрізді өрнектелген. Ұстайтын жерінің қалыңдығы 4 см, ұзындығы белгісіз. Ыдыс қиыршық құм аралас балшықтан жасалған. Ыдыстың түсі қарақоңыр.
Күбітік (хұм) ыдыстардың үшеуі (5 сурет). «А» күбітіктың ернеуінің диаметрі 50 см, сыртына қайырылған ернеуінің қалыңдығы 5см. Ыдыстың қалыңдығы 1,5см. Ернеуінің сыртына қайырылған жиегінде толқын тәрізді айналдыра өрнектелген (5 сурет,ә). Күбітіктің ернеуінің диаметрі 27 см. Сыртына қайырылған ернеуінің қалыңдығы 5 см. Ыдыстың қалыңдығы 15 мм. Ернеуінің сыртқа қайырылған жиегінде толқын тәрізді өрнектелген. Ыдыстардың ішінде шүмегі бар ыдыстардан екеуі 6 сурет. «А» ыдыстың шүмегінен басқа жері табылмаған. Шүмек ыдыстың бүйірінде аузы жоғары қаратылып жасалған. Шүмектің ұзындығы 4,5 см. Бүйірі жалғасқан жері кеңдеу болса аузына қарай 1,5см тарылған. Тесігі 1см. Ыдыстың қалыңдығы 5 мм. Ыдыстардың ішінде көпшілік кездесетіндері түптері (6-сурет,ә). Олардың қалыңдықтары және диаметрлері әрқалай 9-11 см. Қазба жұмысының кезінде XIII ярустан адам сүйегінің жанындағы шұңқырға жақын жерден бір түбек табылды (7 сурет). Түбіктің биіктігі 15см, ернеуінің сыртына қарай қайырылған кеңдігі 4 см. Ернеуінің диаметрі 13 см. Түбінің диаметрі 7,5 см, қалыңдығы 7 мм, іші-сырты боялмаған.
Қазба шұңқырдың ортасында ХІҮ яруста бір адамның жерленгені кездесті. Сүйектің бас жағы батысқа ұсынтып оң жағымен оңтүстікке қаратып қырымен жатқызылған (8 сурет). Жамбастан соңғы ортан жіліктен және кейінгі тізден төменгі жіліктері, аяқтың башпай сүйектері жоқ. Бұл адам не мүгедек не соғыста жараланып екі аяғынан бірдей арылған. Жанынан ешбір заттар табылған жоқ. Қазба жұмысының кезінде сүйектің төңірегінен жасыл көк сырмен сырланған көзелердің сынықтары табылды. Көзе сынықтарын шамамен Х-ХІ ғғ жатқызуға болады. Сонда бұл адам табылған керамика сынықтары өмір сүрген кезден кейін жерленген болып отыр. Оның басы қыбылаға қаратып таза мұсылманша жерленген. Ол шамасы ХІІІ-ХІV ғғ. Осы жерлегенген адамның солтүстік жағында 2 м жерде қажетсіз бұйымдар тастайтын екі шұңқырдың қосылған жерінен бірінші шұңқырдың түбінен жерленген және бір адамның сүйегі кездесті. Сүйектің жамбастан жоғарғы жағы шұңқырдың батыс жағында қалған. Сүйектің жанынан ешбір зат табылған жоқ. Сүйек жатқан шұңқыр сүйек жерленгеннен әлде-қайда кейін жасалған ол шұңқырдың басы 7 яруста басталады. Сонда бұл адам шұңқыр қазылғанға дейін одан әлде-қайда бұрын жерленген. Шаруаға қажетті шұңқыр шамамен ХІV ғасырда қазылған. Ал адам шамамен VІІІ-ІХғғ жерленген. Сүйектің бас жағы батысқа ұсынтып шалқасынан жатқызылған, жанына ешбір зат қойылмаған. ХІV ярустың солтүстік шығыс жағында қамалдың сыртқы дуалыың ішкі жағында түбінде шаруаға арналған шұңқырдың түбінен бір археологиялық бүтін сырлы кесе табылды (9 сурет.а). Кесенің ернеуінің диаметрі 19 см, биіктігі 9 см түбінің диаметрі 7,7 см. Ыдыс қалыңдығы 5-8 мм. Ернеуінен түбіне қарай қалыңдап отырады. Ыдыс ақ сырмен сырланып үстінен қара-көктүспен өрнектелген. Өрнек жапырақ тәрізді. Түбінің ішкі жағы қара дөңгелектің ортасы жапырақ тәрізді айналдыра 10 өрнек жүргізілген. Оның ортасына қара шеңберсызылып іші көкпен сырланған. Ыдыстың ернеуінің ішкі жағы үш қара жиекпен сызылып ортасы көкпен сырланған. Ал екі көк жиектің арасы қара жапырақшамен өрнектелген. Ыдыстың сырты мақта гүлі тәрізді өсімдікпен өрнектелген. Осы ыдыстың жанынан сырланбаған қос тұтқалы үлкен құты табылды (9 сурет, ә). Ернеуінің аумағы 24 см.мойынбиіктігібсм.бүйірінеқарайдоғатәріздіжалғасады.Ыдыстыңбүйірітүбінеқарайтарылды.
Тұтқасы ернеуінен 2 см төмен жерден жасалып бүйіріне бекітілген. Мойнында үш қатар сызықша бүйірді айналдыра жүргізілген, бұлардың арасы толқын тәрізді айналдыра өрнектелген. Мұндай өрнек сызықшаның астыңғы жағындада жасалған.Ыдыстың құрамы қиыршық құмқосылған. ХІV ярустың солтүстік жанында сопақша жасалған ташнау күл-көмірдің үстіне салынған. Ташнауды тазалағанда оның бұрышынан ақшыл-көгілдір түсті кірпіш көрінді, оны алып қарағанда ол ашықкөк түсті сырмен сырланған терракот болып шықты (10 сурет). Сонда бұл көріністің өзі жұмбақ болып отыр. Өйткені мұндай ашық көк түсті терракотаны мешіттің жанынан 2 данасы табылған (11 сурет).
Екеуінің түсі бірдей. Біз мешітті ХІV-ХV ғғ жасаған деп жүрміз. Ал тексеру шұңқырдың ең астыңғы мәдени қабатынан табылып отырған ашық көк түсті терракотта мешіттіңде ХІ-ХІІ ғғ. салынғанын көрсетеме деген ойға қалдырып отыр. Өйткені ташнау ХІV яруста ең астыңғы мәдени қабатта тұр. Ол керамикалық материалдарға қарағанда ХІ-ХІІ жатады. Ал ташнаудың күл-көмір тасталған жердің үстінде тұрғанына қарағанда, ташнау салынғанға дейін бір тұрақ- жайлардың болғандығын көрсетеді. Алайда оған дәлел болатындай материалдар табылған жоқ. Сонымен ХІV ярустан алынған материалдар Сығанақ қаласында өмірдің қашан басталғанығына дәл жауап беруге қиындық туғызып отыр. Оған басты дәлел ташнаудың қабырғасынан табылып отырған ақкөкшіл түсті сырмен сырланған терракоттың сынығы. Мұндай сырмен сырланған сырланғанда бір-бірінен айнымайтын терракоттың қаланың шығыс жағындағы қақпасының алдындағы 120м жердегі мешіттің жанында табылуы, мәселенің шешілуін қиындатып отыр. Егер ташнаудан алынған терракоттың сынығы қаланың астынғы қабатынан 8 м тереңдіктен табылса, ал мешіттің жанынан табылған терракотта жердің үстінен табылып отыр. Екеуінің арасында ұқсастық болғанымен табылған жерлерінде айырмашылық жермен көктей. Ал ташнаудың тұрғызылған жері күл көмір төгілген жер. Бұл күл көмірді ташнаудың кезіндегі төгілген күл көмір десең, күл-көмір қала қорғанының астына дейін кетеді. Екіншіден ташнау қорғанға тым жақын салынған. Бұған қарағанда ташнау қорған тұрғызылғанға дейін салындыма деген ой туғызады. Қысқасы ташнаудың жасалған мерзімі жұмбақ болып отыр. Бұл мәселелерді шешу үшін қаланың және бір жерінен тексеру (стратиграфиялық) шұңқыр жүргізу қажет сияқты.