Ортағасыр Сидақ қаласының цитаделіндегі «Табыну ауласы»

25.04.2022 11:07

Сидақ ортағасыр қаласы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданында, Түркістан қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіш көлемі үлкен болмағанымен VІІ-VІІІ ғғ. басында ғибадат кешені бар, күшті платформаға тұрғызылған жақсы бекінген қамалы болған. Бұл жерлерді бірнеше ғасыр бойы сақ тайпалары мекендеген. Қамалдағы өмір халифат әскерлерінің шапқыншылығы нәтижесінде тоқтауы мүмкін. Жобамен VIII ғ. екінші жартысында қатты өрттен кейін бұл табыну орталығы өз өмірін тоқтатып одан кейін өз қалпына келе алмады. Кең тарапта болған өрт негізгі үстіңгі құрылыс қабатының архитектуралық құрылыстардың жақсы сақталуына және мәдени қабатының археологиялық қалдықтарына аса бай болғандығына себеп болды. Шағын көлемде жүргізілген қазба қабырғалар биіктігі 1 метрден 2 м-ге дейін сақталғанын көрсетті. Жобаның бастапқы элементтері ғибадатхана ғимараттары әр түрлі алтарьлармен, бағаналармен, сыпалармен, қызметтік қоймаларымен ерекшеленеді. Ғибадатхана кешенінің ауданы шамамен 5000 м2 құрайды.

Сидақ қаласында қазба жұмыстары барысында алынған мәліметтер Қазақстан тарихының бір кезеңін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.1 Олар арабтарға дейінгі кезеңнің мәдениетін сипаттайды. Бұл кезең осы кезге дейін тек қана Орта Азияның (Өзбекістан, Тәжікістан) басқа ескерткіштерінде жақсы зерттелген болатын.

Алдыңғы жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстарының нәтижелері жарияланған болатын.2 2008 жылы қазба жұмыстары Сидақ қаласы цитаделінің ғибадатхана кешенінің ауласында зерттеулер жалғастырылып, ол 2-3 құрылыс қабатына жататын қабаттар, атап өтсек өртке дейінгі кезеңге жататындығы анықталды және ауланың күрделі соғылған шығыс қабырғасының сыртында орналасқан құрылыстар жобаларын анықтау үшін қазба жұмыстары басталды. Аула ішінде үшінші құрылыс қабатының деңгейіндегі № 8, 9 және 12 бөлмелер ашылды. 8 бөлмеде алау ошақ және тұрғын үй бөлмелерінің басқа ішкі құрылымдар анықталды. Аула ортасында орналасқан шұңқыр тазаланды, ол бос топырақ және қыш ыдыстар сынықтарға, мал сүйектеріне т.б. толы. Шұңқыр тереңдігі 9 м дейін тазаланды.

Аула ішінде солтүстік қабырғаның бөлігі ашылып, жұмыстар барысында ол екі тегіс бөліктен (шамамен әрқайсысы 21 м) тұратындығы, олар доғал бұрышты құрап, ол арқылы ауланың орталық білігі өтетіндігі анықталды. Енді ауланың жалпы периметірін дұрыс емес бесбұрыш тәрізді деп санауға болады (1 сурет). Шығыс қабырғаларының шығыс жағында қазба көлемі 220м2 жерде жалғастырылды. Бұл қазбаның мақсаты цитаделдің аула қабырғаларының сыртындағы құрылымын анықтап, аула қабырғаларының құрылымын және сәулетін зерттеу болды. Бұл жерде үстіңгі қабат құрылыстары ашылды, оның құрылымы одан ертеректегі қабаттқа сәйкес. Цитаделдің осы участкесінде 8 әртүрлі пайдалануда болған бөлмелері ашылды. Осы бөліктегі 3 бөлмесінде үлкен жер бетіне орнатылған ұзындығы 1,68см, ұзынша ошақтың іздері тазалады. Ол өндіріске пайдаланылғаны айқын. Басқа бөлмелердің құрылымдарында сыпалар, алауошақ тазаланды, олар осы бөлмелер тұрғын үй ретінде пайдаланғандығын дәлелдейді. Үстінгі деңгейдегі құрылыстар алынған соң астыңғы қабатта шығыс ауланың қабырғасы бойында көше анықталды. Шамамен дуал ортасында бір кеңейтілу байқалады, ол мұнара іргетасы әлде пилон-контрофорс қалдықтары болуы мүмкін. Қазба осы жерде жетінші ярустың ортасына дейін жетті. Сонымен, цитаделдің солтүстігінде орналасқан күрделі дуалдары бар аула трапеция тәрізді оңашаланған құрылыс болып шықты.

Қазба жұмыстары барысында табылған заттар (керамикадан, мыстан, сүйектен жасалған бұйымдар) тек қана V-VIII ғғ. материалды мәдениетін ғана емес, осы ашылған кешендердің табынушылық ерекшеліктерін сипаттайды. Терракотадан жасалған бұйымдар коллекциясы антропоморфтық мүсінше басымен (2-3 сурет), керамикалық үйкекпен, бір аңның мүсіншесімен (2-4 сурет) толықты. Хош иісті түтін шығаратын ыдыстар түрлері де көбейді (3 сурет). Бүгінгі күні Сидақ қаласының цитадель кешенін алдымен 740 жылы өртенген өз ғибадатханасы және ғибадатхана шаруашылығы бар жергілікті дінінің пұтқа табынушылық орталығы деп негіздеуге болады. Үстінгі құрылыс қабатының тұрғын ғимараттарының бөлмелерінде қолөнер қызметтерінің (қара, түрлі-түсті металдарды қорыту, сүйекті өңдеу және ою, қыш өндірісі т.б.) іздері байқалды. Қазіргі 2-3 құрылыс қабатарында зерттелген құрылыстар және ертедегі «бесбұрышты табынушылық ауласының» толтырмалары бүл жерде алтарьларді жандыру, құрбандық шалу, бірлесіп тамақтануымен қосталған еске алу салттарын өткізуге іске асырылғанын дәлелдейді. Осы жерде арнайы бөлмелерде болған, оларда өлген ата- бабаларының сүйектерін үлкен ыдыстарда сақтайтын болған. VI ғ. соңында, ғибадатхана ыдырағаннан кейін ыдыстардағы сүйектер сыртқа шығарылып, мүмкін жерленген болар. Ол қиратылған үлкен ыдыстар, кейбіреулері бүтін сақталып осы жерде қалдырылған. Кішкентай бөлмелерді тазаланған кезде сол ыдыстар арасында адам қаңқалырың бөлек сүйектері табылды. 18 бөлмесінде сыпаға көмілген құмыра ішінде жерлеу киімінің аксесуарлары кездейсоқ қалған және сақталған. Құмыра ішінде бірнеше алқалар (асыл тастардан, шыныдан, каури қабыршағынан, кәріптастан, т.б.), мыстан жасалған шашқа қадайтын түйреуіш, алтыннан жасалған полихромды ғұн алқаларының сынықтары, сасанид геммалары т.б. табылды. Осы бұйымдар егесі биік әлеуметтік дәрежедегі әйел болуы мүмкін.3

Біз алдында шамалағандай4 осы табылған олжаны «қөмбе» әлде еске алу сыйяпат ретінде емес, құмыраның сақталу жағдайына байланысты және ішінде сақталған заттар енді ислам дініне дейінгі қолданылған жергілікті еске алу салтымен бірге қарастырылуы қажет. Біздің қайта жаңғыртуымыз бойынша жер бетіне салынған сағаналар өлген адамдардың сүйегімен ұзаққа созылған әрекеттердің тізбегінде өз ролін атқарған және орын алған.5 Олар табиғи жолмен тазаланған сүйектерден алынып құмыраға салынған. Осындай түсінік беруіміз төбеде аталып өткен үстіңгі қабат құрылысында табылған майда заттардан, хумнің ішінде табылған қанқа сүйектері, үстінгі құрылыс қабатында және аула ішінде орналасқан бөлмелерде табылған бүтін құмыралар ішінде тамақ қалдықтарының жоқгығы түсініктемесінде табылады. Онда Сидақ цитаделінде 2-3 құрылыс қабаттар денгейінде ашылған табынушылық ауласын ата-бабаларды әлде бүкіл қауымды, әлде бір қалаулы руды еске алу ғибадатханасы деп түсінуге болады. Қандай? Бәлкім, мұны жеке сүйектермен табылған бір хумға сызылған тамға түсіндіреді (4-2 сурет). Мүмкін бұл таңба VI-VIII ғ. бірінші жартысында Шаш және Соғды ақшаларында лайда болады.6 Бізде тамғасы бар сидақ хумын III-IV ғғ. жатқызуға стратиграфиялық негізідемесі бар. Жерлеу ыдыстардын ру тамғаларымен белгілеу дәстүрі болғандығын жақында Арыс өзенінің орта ағысында орналасқан қорымның бір катакомбасында табылған хумға сызылған тамға және бұғы бейнеленген гемманың баспа-таңбасының табылуы дәлелдейді (4-3 сурет).7 Свастика бейнеленген тамға Түркістан қаласының тарихи музейінде тұрған хумда да бар (4-4 сурет). Баспа-таңбалармен тараздық жерлеуге арналған хум-оссуариларында да белгіленген8.

Сидақта өмір сүрген тұрғындар өзіндік бір арнайы қауымдастық болғандығын, олардың неше түрлі кәсіптермен және суармалы егін шаруашылығымен айналысқанын болжауға болады. Ал ғибадатхана қауымдастығының ең басты міндеттері ол ата-бабалардың сүйектерін сақтап қалу, олардың әруақтарына тағзым ету дәстүрлерін ұйымдастыру және өткізу болған.

 

1. Смагулоа Е.А. Арабское нашествие в Южный Казахстан: данные письменных и археологических источников// Мобилизованный археологией. Астана, 2004.

2. Смагулов Е.А. Исследование доисламского храмового комплекса на городище Сидак // Кулыурное наследие Казахстана открытия, проблемы, перспективы Материалы международной научной конференции. Алматы, 2005: Смагулов Е А. Исследования на городище Сидак // Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие-2004» Апмяты. 2005, с.177-180: Смагулов Е.А. Продолжение исследований храмового комплекса на городище Сидак // Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие» в 2007г Алматы. 2008, с.292-296: Смагулов Е.А. Сидакский культовый центр в системе межрегиональных связейУ/Древняя и средневековая урбанизация Евразии и возраст города Шымкент. Материалы международной конференции Шымкент, 2008. с.378-408 Смагулов Е.А., Ержигитова А Погребальные сооружения некрополя городища Сидак // Известия МОН РК, НАН РК, сер общ-ых наук, №1,2004, с.285-302; Смагулов Е.А., Туякбаев М Археологические исследования городища Сидак// Известия МОН РК, НАН РК, сер общ ых наук, №1,2003.

3.Смагулов Е.А. Сидакский культовый центр в системе межрегиональных связей//Древняя и средневековая урбанизация Евразии и возраст города Шымкент Материалы международной конференции. Шымкент, 2008. с.399-403

4. Смагулов Е.А Сидакский культовый центр..., с.403

5.Смагулов Е.А. К реконструкции погребального обряда Южного Казахстана раннесредневековой эпохи// Интеграция археологических и этнографических исследований. Алматы, Омск, 2004. с.252-256: Байпаков К.М., Смагулов Е.А, Ержигитова А А Ряннесредневекавые некрополи Южного Казахстана Алматы 2006. с.139-148.

6. Шагалов В.Д , Кузнецов А.В Каталог монет Чача III-VIII вв. Ташкент, 2006.с.141.

7. Ержигитова А Баратов С., Габуев Т, Малашев В Отчет об археологических раскопках курганов Борижарского могильника и склепов некрополя Жуантобе Рукопись. Архив ИА Алматы. 2007.

8. Сенигова Т.Н. Вопросы идеологии и культов Семиречья {VI-VIIІвв ) // Новое в археологии Казахстана. Алма-Ата, 1968, с.59, рис.2