Әулиекөл кешенінде жүргізілген археологиялық зерттеулер

Әуликөл кешені Екібастұз қаласынан солтүстік-батыста Өленті өзенінің Әулие көліне құйылатын жерде, Қара-оба атты түбекте орналасқан. Археологиялық зерттеулер таяуда ғана басталғанымен бұл ескерткіш XIX ғасырдың орыс саяхатшылары мен өлкетанушылардың еңбектерінде аталып жүрген болатын. Мысалы, В. Никитиннің «Краткое описание памятников древности Семипалатинской области» атты еңбегінде «на речке Уленты на летовках имеется большая древняя могила, называемая Кор-оба», - деп жазылтан1. Осы мәліметті Н.Коншинның келтірген деректері толықтырады: «В районе шестого старшинства на ур. Кара-оба уцелели занесенные песком развалины какого-то здания из обожженного кирпича. По отзуву управителя, «внутренняя сторона этого здания была облита стеклянной массой синяго цвета»2.

Қазақтардың жазғы жайлаулары болған Өленті мен Әуликел жэне осы жерде орналасқан көлдер жүйесі кеңес дәуіріне дейін Павлодар уездінің Ақкөл болысының құрамында болғанын ескерсек, жоғарыда келтірілген екі деректе де бір ескерткіш жайлы жазылған деп тұжырымдауға болады.

Бірақ, осы мәліметтерді сарапқа салғаннан кейінгі зерттеушілер қателесіп аталмыш ескерткішті Ертістің оң жағалауында, Шығыс-Қазақстан облысының Бесқарағай ауданында орналастырған3. Тек, өткен ғасырдың 70-шы жылдары Павлодар өлкетанушылары С. Музалевский мен Л.Сафронова көне ғимарттың қалдықтары Әулиекөл жағасында орналасқанын анықтаған болатын4. Осыдан кейін көп жылдар бойы ескерткіште қазба жұмыстары жүргізілмеген, тек 2004 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің жүргізген кішігірім қазбалары мен жер үстіндегі материалдарды жинақтағаны болмаса5.

2005-2006 жж. ҚР БҒМ Археология институты мен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының біріккен экспедициясы жүргізген археологиялық зерттеулер нәтижесінде, кешен неолит-энеолит уақытына жататын тұрақтан, ирригациалық құрылыстардан, кейінгі орта ғасыр кезеңіне жататын қоныс пен молалар кешенінен тұратынын анықтады.

2007   жылдан бастап археологиялық зерттеулер «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілуде6. Қазба жұмыстары нәтижесінде орта ғасырлық қоныс пен молаларда өндірістік құрылыстардың және кірпіштен қаланған ортағасырлық ақсүйектердің мазар қалдықтары табылды. Археологиялық жұмыстардың алғашқы нәтижелеріне, жазбаша және ауызша деректер мәліметтеріне сүйенетін болсақ, осы ескерткіш ортағасырлық Орда-тұрақ болды деген тұжырымдама жасауға болады.

2008   жылы зерттеу тобымен ескерткіштің өндіріс құрылыстары мен ирригациалық қалдықтарды зерттеуі жалғастырылды. Некрополде жүргізілген қазба жұмыстары барысында ортағасырлық көшпенділердің жерлеу рәсімі, өнері мен архитектурасы жайлы жаңа мәліметтерге қол жеткізілді. Осы жерде зерттелген қорғандардың бірінде жерленген екі адамның қалдықтары табылды, жерлеу рәсімінде жылқылардың қалдықтары (терісі) бірге салынған. Қорғанда қару-жарақтың оның ішінде қорамсақ, ер тұрман, тұрмыс-тіршілікте қолданылған заттар қалдықтары табылған.

Зерттелген қабырдың бірінде Хижра жыл санауы бойынша 723 (1323) жылы Бұлғар ал-Махрус (Құдайдың қамқорлығындағы Бұлғар) қаласында Өзбек хан тұсында соғылған алтынордалық күміс ақша (денг) табылды7.

Қорғандағы зерттеулерден басқа, некрополде орналасқан мазарда қазба жұмыстары аяқталды. 9x12 м. көлемдегі ғимарат қызыл және шым кірпіштерден тұрғызылған екі бөлмеден тұрады, және есігі оңтүстікке қаратылған. Аталмыш құрылыс іргелерінің қалындығы 1 метрден асады, биіктігі кем дегенде 5 метр және сегізқырлы күмбезбен жабылған. Ғимараттың ішкі және сыртқы іргелері бай ою-өрнектелген декоративті кірпіштермен безендірілген. Кумбезіне көк шыны (глазурь) жалатылған болса керек. Мазар екі бөлмеден тұрған. Бірінші бөлме - зиратхана сегізқырлы болған және ғимараттың орталық бөлігінде орналасқан. Екінші бөлмеде (құрхана) ағаш табыттарға салынған мәйіттер табылды.

Жерлеу рәсімдері XIV-XVI ғғ. тән сипатта, яғни мұсылман дәстүрі бойынша бірақ кейбір исламға дейінгі жерлеу ерекшеліктерімен жасалған. Ислам көріністерін жерленген адамдардың батыс бағытта жатқызылғанынан, ағаш табыттарының кездесуінен, құрбандық шалу және отқа табынушылық белгілерінің кездеспеуінен байқауға болады. Дәстурлі наным-сенімдерінің қалдықтары жерленген адамның басының бағытталуы, алтын жіптермен тігілген киімдерінің қалдықтары, әшекейлік бұйымдардың және тұрмыстық заттардың кезедесуінде байқалады.

Ислам Жошы ұлысында XIV ғасырда мемлекеттік дін дәрежесіне ие болған еді. Дәл осы уақыттан бастап Сарыарқа көшпенділерінің саяси, экономикалық және мәдени орталықтарына айналған Ұлыс Орда-тұрақтары маңында ірі мемлекет қайраткерлері мен дін уағыздаушыларға арнап керемет күмбезді мазарлар салына бастайды.

Дешті Қыпшақтың, негізінен көшпенді қалалар сипатында болған ортағасырлық орда-тұрақтары сол заманның авторларының жазбаларында көрініс тапқан.

Ибн Батута енбегінен «Подарок наблюдателя по части диковин стран и чудес путешествий» ... Подошла ставка, которую они называют Урду(Орда) и мы увидели большой город, движущийся с своими жителями; в нем мечети и базары да дым от кухонь, взвивающийся по воздуху: они варят (пищу) во время самой езды своей и лошади везут арбы с ними. Когда достигают места привала, то палатки снимают с арб и ставят на землю, так как они легко переносятся. Таким же образом они устраивают мечети и лавки...

Иософат Барборо «Путешествие в Тану» ...В их войске есть ремесленники - ткачи, кузнецы, оружейники и другие, и вообще есть все необходимые ремесла. Если бы ты спросил меня: «Они, значит, бродят, как цыгане?» - я отвечу отрицательно, так как за исключением того, что их станы не окружены стенами, - они представляются (нам) огромнейшими и красивейшими городами. ...Упомянув о купцах, но возвращаясь к нашему предмету, а именно к татарскому войску, скажу, что при нем всегда находятся купцы; одни различными путями привозят сюда товары, другие же лишь проходят через орду с намерением идти в иные страны».

Сонымен, ортағасырлық билеушінің Орда-базарында қажетті инфраструктура мен барлық маман өкілдері болатын: дін өкілдерінен бастап, емшілер, қолөнершілер, күзет, үй қызметкерлері мен сауда-саттықты жүргізген көпестерге дейін. Осы территорияда сауда-саттық қарым-қатынастары дамығандығының бір дәлелі, ол Тасмола IV қорғанында және зерттеліп жатқан ескерткіште табылған алтынордалық ақшаның болуы.

Далалық аймақты мекендеген ортағасырлық халықтың мемлекеттік орталықтарының, Қазақстанның оңтүстік аймақтарына қарағанда қуатты бекініс құрылыстары және басқа да Орталық Азиялық қаланың дәстүрлі атрибуттары болған жоқ. Бұның негізгі себебі солтүстік, жазық далаларын мекендеген кейінгі көшпелілердің шаруашылықтарының ерекшеліктеріне байланысты тек жазғы түрымен шектелетін.

Осы жерде табылған остеологиялық материалдар (жылқы, қой, балық және жабайы құстар сүйектері) және шығыр ыдыстарының қалдықтары Әуликөл ескерткішін қалдырған халық кешенді мал шаруашылығы мен егіншілікпен айналысқанын дәлелдейді.

Әуликөл мазары және Калбасун мұнарасы (Калбасунская башня) сияқты қүрделі діни-мемориалды құрылыстардың болуы, осы өңірде оқымысты, архитектура, құрылыс материалдарды жасау бойынша арнайы білімі бар адамдардың болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар, бұл ортағасырлық көшпенділер арасындағы исламнның ерекше маңызын сипаттайды. Ислам, діни-рухани маңыздылығымен қатар сауат ашу функциясын да атқарды, бұл арқылы Ертіс өңірінде жазу дәстүрі таралып, қоршаған орта жайлы білім еңгізілді.

Зерттеудің осы кезеңінде Аулиекөл маңындағы Орданың қай нақты Жошы тұқымының династиялық ұрпақтарына жататындығы туралы нақты шешім айту қиын. Осылардың ішінде

Қазақстанның шығыс далалық аумағындағы ұлыс орталықтарының шығуын, Ордасы алғашында Ертіс маңында орналасқан Орда-Ежен ұрпақтарымен байланыстыру ең ықтимал болып отыр.

Қазақстанның солтүстік далалық аймағынының ортағасырлық тұрғындарының мемлекеттік орталықтары, Алтын Орда дәуірінде Оңтүстік Қазақстанның қалалық орталықтарына тән күшті бекініс қүрылыстары мен басқа да Орталық Азия қалаларының классикалық белгілері болмады. Бұл жағдай, солтүстік аудандардың шаруашылық ерекшеліктермен, яғни, тегіс далалық аймақтар негізінен жаз уақытында ғана қолданылуымен тікелей байланысты.

Ерекше назарды қажет ететін мәселе ол, алғашқы археологиялық зерттеулердің нәтижелерін тарихи-этнографиялық мәліметтермен салыстыру. Қазақтың тарихи аңыздарына көз жүгіртетін болсақ Ақкөл-Жайылманы (Әулиекөл маңы, Шідерті және Өленті өзендерінің төменгі ағысы - авт.) кейінгі орта ғасырда ноғайлы халқы иеленіпті делінеді. Қазақ ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілі білгірі Мәшһүр Жүсіп: «Сарыарқадағы жары терең, суы аз өзендер - сол замандағы ноғайлардың егін салу үшін қазған арығы деседі. Шідерті деген өзеннің аяғында Ақжар, Сасай деген жер - Ноғайлардың хандарына орда қылып, тақ орнатқан жері. Орманбет хан сол жерге тақ орнаттырған екен деседі. Ол уақытта Ноғайлының байлығы да сондай болыпты. Бір күнде қырық саба, елу саба қымыз толтыратұғын үйлер болған екен деседі. Сол Орманбет:

- Адам - баласы, жер - анасы. Ана емшегін ембей, асқа жарымайды! - деп, халқына егін салуды машық қылдырып. Бұл күнде:«Ақкөл, Жайылма деген көлдер егін орны екен»,-дел жазады.

Ноғайлар туралы Мәшһүр Жүсіп келесі түсініктеме береді: «Және қазақ жұрты ескіден бір сөз сөйленсе: «Бұрынғы ноғай, қазақ заманында» -десіп келеді. «Бұл ноғай, қазақ демектің мәнісі немене?» - деп, қариялардан сұрасақ: «Ноғай, Қазақ әуелінде бір тұқымдас болған», - дейді. Сол қазақпен тұқымы бірге болған ноғайлар: Қызлар ноғайы, Құндырау ноғайы, Аштрахан ноғайы, Қара ноғай, Қырым ноғайы...» -дейді»8. Ш.Уәлихановта «ноғай» - көшпелі халықтарды біріктіретін атау ретінде пайдаланғаны жайлы жазып кеткен болатын: «Старики говорят, что ногай было общее название [степных] кочевых татар (татарлар деп XIX ғасырдың орыс әдебиетінде бүкіл көшпелі халықтарұғынылатын-авт.),дляотличияотполуоследлых»9. ХҮІ-ХҮІІ вв. Ғасырларға жататын орыс мұрағат деректерінде «ноғай» «ноғай татарлары» деген атаулармен белгілі Көшімханды қолдаған Батыс Сібірдің оңтүстік аймақтары мен Қазақстанды мекендеген көшпенді тайпалар ұғынылған.

Далалық Ертіс өңірінде «ноғайлардың» болғаны жайлы мәліметтер Г.Ф.Миллердің еңбегінде де кездеседі, бұнда Ертіс өзенінің маңындағы жерлер «Ноғай даласы» деп аталған10.

Демек «Ноғай даласына» Есіл-Ертіс өзендері арасындағы далалық аймақ жатса керек, себебі Ертістің өң жағалауында орналысқан жерлер өздерінің тарихи атауларына ие - Құлынды, Ұлы Бараба. Сонымен, қолдағы бар мәліметтерге сүйенетін болсақ Алтын Орда дәуірінде Солтүстік-Шығыс Сарыарқаның мәдени-саяси орталықтарының бірі болған Ақкөл-Жайылма, қазақ-ноғайлы заманында да өз маңызын жоғалтпаған.

 

1. Коншин Н О памятниках старины в Семипалатинской области/УЗаписки Семипалатинского п/о Зал. Сиб. отделения РГО, вып 1. - Семипалатинск, 1903.

2.  Археологическая карта Казахстана - Алма-Ата, 1960

3.  Археологическая карта Казахстана. - Алма-Ата, 1960

4.  Муэалевский С , Сафонова Л Археологические памятники Баянаульского района. Павлодар. 1972

5. Артыкбаев Ж.О., Ерманов А.Ж., Жанисаи А 1 Позднее средневековье Павлодарского Прииртышья: опыт этноархеологического исследования (этнографо¬археологический комплекс Акколь-Жайыпма) II Краеведение (ж). - Павлодар, 2004. - №3,

6.  Смагулов ТН Археологические исследования на некрополе Аулиеколь//Археологиялық зерттеулер жайлы есеп. Алматы,2008. С.223-229

7. П. Петровтын аныктамасы

8.  Мәшһүр Жүсіп Көпейулы. Шығармалары. 8 том. - Павлодар, 2006.

9.  Валиханов Ч.Ч Предания и легенды Большой киргиз-кайсацкой орды //Собр сом. Т.1. - Алма-Ата, 1984

10. Миллер Г Ф. Описание Сибирского царства и всех происшедших в нем деп СПБ, 1750.С. 42