Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «Кұйрық төбе» елді мекеніндегі ескерткіштерге жүргізілген архео
Зерттеу тақырыбы Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы «Кұйрық төбе» елді мекеніндегі қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізуді көздейді1.
Мұнда платоның салыстырмалы тегіс жерлерінде жан-жағы бетон қоршаумен қоршалған қазіргі Құйрық моласы орналасқан оның ішінде XIV ғасырдан бастап XX ғасырға дейінгі ескерткіштер де кездеседі. Мола қоршауының солтүстік шетіне қазіргі кездегі жерлеу орындары жанасып жатыр.
1994 жылғы дала мауысымында барлау жұмыстары барысында тұрмыстық және жерлеу-ғұрыптық археологиялық ескерткіштері анықталып, көтерме материал жинап алынды2. Анықталған объектілер негізінен қорғандар, тас қоршаулар, тас кесектер, тұрғын үй қалдықтары т.б.
2008 жылы бұл территорияда жүргізілген жұмыстар археологиялық объектілердің біраз бөлігі Басқұдық кентін салу барысында және территорияға коммуникацияны салу барысында бұзылды. 2008 жылғы дала мауысымы барысында топырақ пен тастан үйілген 3 қорған зерттелді.
Қорган №1
Зерттелініп жатқан №1 қорған Мұнайлы ауданында3 Басқұдық кентінің солтүстік шетінде, Актау - Форт-Шевченко трассасынан шығыс жақта 700 м қашықтықта платоға жақын жерде орналасқан.
Қорған периметрі бойынша биік емес металл дуалмен қоршалған. Қорғанның шығыс жақ шетінде, дуалдың арғы жағында мұсылман дәстүрімен жерленген балалар молалары орналасқан. Қорғанның батыс жағында тас плиталар арасында құлпытас орнатылған.4
Қорғанның георафиялық координаттары: N 43° 42.022' Е 051° 11.449'
Қорғанның ортаңғы бөлігінде көлемі 4 м х 3 м, вертикалды қадалған екі тас тақталардан құрастырылған тікбұрышты пішінді жерлеу камерасы ерекшеленеді. Камераның шығыс бөлігінің көлемі 1,8х1,4 м тонаушылық қазбалармен бұзылды. Тонаушылық қазбаның ортасында 0,15 м тереңдікте шұңқыр анықталды. Жерлеу камерасындағы екі тас плиталар қатары арасындағы қашықтық 0,3-0,5 м.
Грунттан тас конструкциясын тазарту және ұсақ тастардан 0,3 м тереңдікте тазарту жерлеу камерасын сырт жақтан 0,3 м-ден 0,5 м-ге дейінгі қашықтықта горизанталды орналасқан тікбұрышты пішінді тастар қоршап тұрғанын көрсетті, шығыс бөлігінде айырылысы бар. Бұл тастардың орташа көлемі 180 см х 50 см х 40-30 см.
Құрылыстың орталық бөлігінде жерлеу камерасы екі қатардан тұрды, олардың орташа көлемі 2 м х 60 см х 20-25 см вертикалды қойылған тас плиталар.
Ішкі қатардың құрылысы барысында камераның қабырғалары, кейбір тас плиталарды тегістеу мақсатында өңделген. Екі тас плиталар қатары арасында кішігірім тас сынықтары табылды. Жерлеу камерасының құрылысында оңтүстік және солтүстік қабырғалары кейбір бұрыштарын есепке алмағанда бүйірімен қойылған тас плиталардан, ал батыс және шығыс қабырғалары төмен қарай тарланатын тігінен қойылған плиталардан құрастырылған. Камера аз мөлшерде шыммен толтырылған, оның астында түбіне дейін тас аралас ашық қоңыр түсті құмай орналасқан.
Тас үйіндісін тазалап, ашқаннан кейін оңтүстік қабырғадан 0,5 м қашықтықта орналасқан тігінен қойылған екі жалпақ емес плиткалар анықталды. Плиталар батыс және шығыс жағынан кішігірім тастармен бекітілген.
Жерлеу камерасының жоғарғы жағындағы бөгеті сақталған жоқ. Камераның түбі тегіс емес, таулы-тасты беткейге салынған және шығысқа қарай бағытталып шөгіп отырған. Камераның ұзын қабырғалары Ш-Б бағытқа бағытталған. Қорғандағы жерлеу орны тоналған, қаңқасы сақталмаған. Толтырылымды тазалап шығару барысында жерленген адамның жекелеген ұсақ сүйектері, түбі тегіс жабыстырма әдісімен жасалған қыш құмыраның төменгі бөлігі, (түбі және түбінен жоғарғы бөлігі тәрізді) камераның солтүстік-шығыс бөлігінде 60см тереңдікте табылды.
Сонымен қатар, жерлеу қорғанның тас құрылысын тазалау кезінде камерасының толтырылымында қыш құмыралардың бөліктері, қола айнаның фрагменті, қола қоңырау, сондай-ақ, остеологиялық материал сияқты заттай бұйымдардан жекелеген заттар табылды.
Қорғанды зерттеу барысында табылған қыш жинағының көлемі көп емес. Бұлар тас құрылысты тазалау кезінде табылды. Мұнда станоктік жене жабыстырма әдісімен жасалған құмыралар табылды.
Станоктік қыш құмған тәрізді құмыраның фрагменттерінен көрініс тапқан. Жабыстырма қыш құмыраның сынықтарының ішінде ернеудің үш бөлігі және құмған тәрізді құмыраның сынықтары бар. Осы бөліктері арқылы ыдыс түбінің диаметрі 7,8 см, ал бүйірлерінің және түбіне жақын жақтарының қалыңдығы шамамен 1 см болған көрінеді. Құмыраның түбіне жақын бөлігінің сақталған ұзындығы 5 см. Құмыра қышқа ұсақ шамот пен органикалық отощитель аралас қоспадан жасалған. Құмыраның фактурасы өте дөрекі жасалған, себебі құмыраның қабырғалары сыртынан да, ішінен де нашар тегістелген.
Жақсы сақталған қыш құрбандық табақшасының сынығы ерекше назар аудартады. Бөлік бұл томпайған аяғы бар тікбұрыш тектес пішінді бөлік. Ернеулері биік емес, сәл ғана иілген. Жақсы сақталған бөліктің өлшемдері мынадай: ұзындығы-8,8 см, ені-4,5 см, түбінің қалыңдығы - 0,8 см, ернеуінің биіктігі - 1,8 см, аяғының ені - 2 см, ұзындығы - 1 см. Бір қалыпты күйдірілмегендіктен сынығында қара - сұр мен қара-қоңыр түстер кездеседі.
Қорған №2
Қорған №1 ден оңтүстік-шығысқа қарай 175 м қашықтықта және платоның шетінен батысқа қарай 35 м қашықтықта орналасқан. Қазу жұмыстарына дейін бұл объект қорған тәріздес, ұсақ тастармен үйілген төмпешік болып көрінетін.
Қорғанның географиялық координаттары: N43° 42.020' Е 051° 11.473'
Алғашында қорған үйіндісінің диаметрі 5 м, биіктігі 0,2 м еді. Қазу жұмыстары тас конструкциясын тасынды топырақ қабатынан тазарту жолымен жүргізілді. Топырақ тазартылғаннан кейін, 0,2 м тереңдікте батыстан шығысқа қарай созылған сопақша келген құрылыс табылған. Ол көлденең жатқызылған үш қатарлы тастардан құрылған. Тас құрылғысы тазартылып болған соң балшықтан жасалған екі фрагмент табылды. Ол-құмыра мойынымен құмыраның қабырғасы. Көлденеңнен жатқызылған тастардың ішкі қатарлардың батыс бөлігі мен шығыс бөлігінің кейбір жерлерінде құрылғының қирауы бұзылуы байқалған.
Құрылғының ішкі қатары ірі тастармен салынған, олардың көлемі 0,75-0,60x0,4 м. Екінші қатары одан кішілеу тастардан құрылған. Олардың көлемдері 0,2х0,1 м дейін 0,15х0,1 м жетеді.
Құрылғының көлемі: сыртқы контуры бойынша 4,5 м (С-О) х 4,9 м (Ш-Б), ал ішкі контур бойынша 2,45 м (С-О) х 2,8 м (Ш-Б) құрайды.
Дуалдың солтүстігінен көлемі 2,1x1 м болып келетін, тегіс тастар үйіндісі жалғасып жатты. Мола шұңқыры құрылғының ортасында орналасқан. Бастапқыда үстіңгі қабат биіктігі 0,3 дейін 0,1 м, жуандығы 4-8 см келетін мола қоршауында қырмен тұрғызылған тас плиталарымен белгіленген. Жерлеу бұрыштары дөңгеленіп келген топырақ шұңқырында жасалған. Қабырғалары қалыңдығы 10 см ге дейін келетін, тегіс тастармен қаланған деген болжам жасауға болады. Тас қалдықтары қабірдің оңтүстік-шығыс бұрышының үстіңгі жағында және камераның солтүстік жарында сақталған.
Мола шұңқыры мөлшері 2,2х1,6 м, тереңдігі 0,7 м болып келетін ұзын жақтармен Ш-Б қарай сызығымен бағдарланған. Камераны толтыруда ашық-қоңыр түсті құм қабаты мен ұсақ тастар қолданғаны көрінеді. Жерлеу орнының камера қаңқасы мен инвентарі сақталмаған. Тек қана бөлек-бөлек заттар қалдықтары кездеседі.
Камераны тазарту кезінде қыш ыдыстардың қалдықтары, қоладан жасалған сырға, құрбандық табақтың фрагменті және де адам қаңқасының қалдықтары табылған.
Тас құрылғысын тазарту кезінде жене мола шұңқырының топырағынан қыш қалдықтары табылған. Материал илемелі қыштан жасалған қалдықтармен ұсынылған. Ол көбінесе құмыра ернеуі, мойыны және тұлғасы. Қалыңдығы 0,5 см жететін бүктелген ернеу дөңес құмыраның қалдығы.
Қыштан жасалған тіреуіш (?) цилиндір пішінді. Пішініне қарап, бұл бұйым табақ тәріздес құмыраларға арналған тіреуішке ұқсайды. Ұсақ құммен араласқан жұқа дисперсті саздан иленген. Ұзындығы - 7,5 см, ортаңғы жағындағы ені - 2,1 см, бүйір жағына қарай құмарының екі жағынан да кеңейтулер - 3,5 см ге дейін жетеді. Бүйір жақтардың екі жағынан да кішкентай ұңғымалар көрінеді.
Мола шұңқырын тазарту кезінде тастан жасалған құрбандық табақтың фрагменті табылды. Ұзындығы-11см, ені-6,5 см, биіктігі - 4 см. Алтарьдың бүйірі биік, аяғы үш бұрышты болып келген. Табылған фрагментке қарап, бұйым сұр әктастан жасалып, мұқият өңцеліп, сыланған. Құрбандық табақтың бүйірі 1,5 см ге жетеді. Сақталған бөлшектің ішкі бүйірі көлденең сызықпен салынған.
Сонымен қатар оба шұңқырының үйіндісінен сопақ пішін құрайтын, сымнан жасалған қола сырға табылды. Сырғаның шеттері бір-біріне қарайды.
Ұзындығы -3,9 см, кеңдігі - 2,6 см, кесіктің қалыңдығы 0,3 см.
Қорған № 3 қорған № 2 ден оңтүстің-шығысқа қарай 30 м және үстірттің шығысынан батысқа қарай 20 м қашықтықта орналасқан. Қазу жұмыстарына дейін қорған әр түрлі көлемді тастар үйіндісінен тұрған. Диаметрі 6,5 м, биіктігі 0,2 м болып келетін. Қорған үйіндісінің жартысы тұрмыстық және құрылыс қоқысымен үйілген. Қорғанның географиялық координаттары: N43° 42.017' Е 051° 11.496’
Қорғанның шымды қабатының астынан 20 см қалыңдығы бар сұр-қоңыр құм қабаты, ал оның астында қалың қоңыр балшық белгіленген.
Тазарту жұмыстары кезінде, 0,15 м тереңдікте көлемі жағынан 0,9х0,5 м ден 0,5х1 м ге дейін жететін тастардан құралған дөңгелектенген пішінді конструкция көрінді.
Құрылым көлемі 3,5х4 м (С-0 Ш-Б). Қорғанның солтүстік-шығыс жағында жартас тастар белгіленген. Мола шұңқыры көлемі 1,1х1,6 м, тереңдігі 0,7 м ге жететін бұрыштары дөңестенген тікбұрышты болып келеді. Ол конструкцияның ортасында орнатылған. Тереңдігі 0,22 м де мола үйіндісінде ақшыл-қоңыр құммен ұсақ тастар араласқан қабат кездеседі. Мола түбі жартастардан құралып, тегіс емес болып келеді. Қабір қиратылған. Шұңқыр үйіндісін тазарту жұмысының кезінде адам қаңқасының ұсақ қалдықтары кездестіріледі. Қыштан жасалған бұйымдар мола үйіндісінен табылған қыш құмырамен ұсынылады.
Ернеу бөлігінің қабырғасы тегіс құмыра денесінен түбіне ұласып жатыр. Сақталған биіктігі 10 см, ернеудің қалыңдығы 0,8 см. Қыш материалы сынығында қара түсті, органика мен топырақ қоспасынан тұрады. «Кұйрық тебе» елді мекенінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында жерлеу құрылысының материалдары алынды.
Зерттелініп жатқан жерлеу құрылыстарының өзіндік ерекшеліктері (қорған асты құрылыс ерекшеліктері) және 1990 жж.-ры зерттелген б.з. XIІІ-ХІ ғғ-мен мерзімделетін Ақтау қорымындағы қорғандармен архитектурада, құрылыс тәсілдерінде ортақ ұқсастықтары байқалады. Мұнда қорғандар - ортасында вертикалды тас плиталар қойылу арқылы құрастырылған тікбұрышты жерлеу камерасы бар тас құрылыс ретінде көрініс табады. Камера қабырғалары беріктігін арттыру мақсатында ұсақ тастармен тірелген. Жерлеу камерасының айналасында горизанталды қойылған тас плиталардан сақина тәрізді қалау қаланған, аралары ұсақ тастармен және топырақпен толтырылған.
2 және 3 қорғандарда қарапайымдау құрылыстар кездеседі. Бұл жерде құрылыс дөңгелек пішінді тас қалау түрінде кездеседі. Құрылыстың ортасында салыстырмалы түрде терең емес шұңқыр жасалынып, қабырғалары кішігірім тас плиталармен жабылған.
Ақыреттік заттардың аздығы, қыш матриалдарының мәнерсіз жасалғандығына байланысты өкінішке орай Құйрықтөбе обасының қандай хронологиялық шеңберге жататынын анықтауға мүмкіндік бермейді.
Қыш сынықтары, тас құрбандық табақшасы, қола бұйымдарының бөліктері т.б. алынған материалдар негізінде ерте темір дәуірімен мерзімдеуге мүмкіндік береді.
Зерттеліп жатқан құрылыстың кейбір конструкциялық ерекшеліктерінің, мысал ретінде Ақтау қорымын алғанда андронов дәуірінің жерлеу құрылыстарымен мәдени-тарихи ұқсастығы архитектуралық, құрылыс дәстүрлерінің қола дәуірінен мұра ретінде сақталғанын білдіреді.
1. Археологиялық жүмыстарды қаржыландыру жасалынған келісім шарт негізінде «Маңғыстау мемелекеттік тарихи-мәдени қорық» Мемпекеттік бялқармасымен қаржыландырылды.
2. Батыс-Қазақстан археологиялық топтың Ақтау қаласы шенберіндегі археология ескерткіштерінде жүргіэген ғылыми-зерттеу жумыстары жөніндегі есебі 1994 ж. Археология Институтының мурағаты ҚР БҒМ.
3. Берілген есеп бойынша қорған номері «№Э объект».
4. Қорғанның астыңғы жағында «Періште Әулие» жазуы бар мрамор тақта орнатылған Дап ооы қорғанның жанында металл курке (будка) орнатылган. Қаэбанын солтүстік-шығыс секторында биіктігі 35см қулпытастың жоғарғы бөпігі таэаланып алынды Бұл бөлік (фрагмент) есепте аталынган куппытасқа тиесілі де болуы мүмкін. Батыс - Қазақстан археологиялықтоптың Ақтау қаласы шенберіндегі археология ескерткіштерінде жүргіэген ғылыми-зерттеу жумыстары жөніндегі есебі 1994 ж. Археология Институтының мурағаты ҚР БҒМ Қар.