Жуантөбе қала жұртында 2007 жылы жүргізілген жұмыстардың қысқаша нәтижелері

Ертеортағасырлық Жуантөбе қаласының жұрты Шымкент-Арыс тас жолының Көлтоған (Мамаевка) ауылы маңындағы бұрылысынан жақсы көрініп тұр. Қаланың орны Арыс өзенінің сол жағалауынан оңтүстікке қарай 1 км жерде орналасқан. Ал одан бірнеше жүз метр жерде Арыстың сол террасасын бойлай Бөріжар қорымы (Жуантөбе зираты да) созылып жатыр. Қала цитаделі іргесінің шетін алған стратиграфиялық шурфтағы қазбаның нәтижесі бойынша ежелгі құрылысшылар ең алдымен жақсы пақса және күйдірілген кірпішті араластырып мықты жасанды платформа көтерген. Бұл деңгейдегі цитадельдің биіктігі 16 м; табаны бойынша өлшемі 165x130 м, бетіндегі солтүстіктен оңтүстікке (дәлірек айтсақ оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа) созылып жатқан тікбұрыш алаңның аумағы 85x75 м. Ескерткіштің мұқият әрі тиянақты зерттелуі тарихы бұрын қарастырылған .

Бүл жерде біз 90-шыжылдардың аяғынд аархеолог А.Н. Грищенконың Шымкент қаласынан аттанған Арыс археологиялық тобының құрамында Жуантөбе цитаделінде жүргізген жұмыстарына ғана тоқталып өтейік. Себебі, біздің қазбамыз цитадельдің солтүстік-шығыс бөлігіндегі атал- мыш зерттеушінің қазбасын қосып, үлкейтілді де 2004 жылғы ірі қазбамен (цитадельдің оңтүстік және шығыс бөліктерінде) жалғасты. Бұл туралы төменде сөз етеміз. 80-нші жылдардың ортасында А.Н. Грищенко жүргізген жұмыстар цитадельдің шығыс учаскесінде шоғырланып, мұнда ол 1 құрылыс қабатының тұрғын-үйлерін зерттеген еді. Тұрғын үйлер өлшемдері 43-45x24x7-10 см тікбұрышты кірпіштерден өрілген, дуал бір кірпіш қалыңдықпен қаланған (дуалдың жоғарғы қабаты нашар сақталған). Археолог екі архитектуралық-құрылыс қабатын ашты. Олар, оның пікірінше, Жуантөбе цитаделінің ҮІ-ІХ ғғ. кезеңін анықтап берді. Рабадтың солтүстік бөлігінде стратиграфиялық шурф салынып, оның төменгі қабаттарынан А.Н. Грищенконың пікірінше ІІІ-Ү ғғ. жататын (Қауыншы II) мәдени қабаттар аршылды. Бұл рабадта 2005-06 жылдары жүргізілген № 5 қазбадан және сондай-ақ 2006 жылы цитадельде салынған стратиграфиялық шурфтың төменгі қабаттарынан шыққан материалдармен дәлелденеді. Сонымен, ерте ортағасырлық қаланың өмір сүрген уақыты келесі кезендерді қамтиды: қала кейінгі кангюй кезеңінде бой көтерді, ал құлдырауы араб шапқыншылығына тұс келеді. Кейіннен көрші қала - Арсубаникет (Қараспан қала жұрты) пен оның ұзын дуалмен қоршалған округі Кенджиденің гүлденуі самани әулетінің билігі тұсына сай келеді.

2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институтының ОҚКАЭ (жетекшісі К.М. Байпақов) Жуантөбе қаласында зерттеулерді жалғастырды (2003 ж. Г. Ахатов және Р. Шербаев жандандырған). Археолог С.А. Дудаков жоғарыда аталған А.Н. Грищенконың қазбасынан оңтүстікке таман орналасқан учаскені аршыды. Р. Шербаев цитадельдің солтүстік-батыс бөлігіндегі жоғарғы қабаттарды кесіп өткен, бірақ аяқталмай қалған стратиграфиялық шурфты 2 метрден 5 метрге дейін кеңейтеді. 2006 жылы Т.В. Беляева және Б.А. Железняков стратиграфиялық шурфты материкке дейін жеткізді. Шурф-тың жалпы ұзындығы 67 м, ал тереңдігі 16-17 м құрады.

Егер 1980-90 жылдардағы қазбалар Жуантөбе (Таяқ-салды) жұртының цитаделі мен рабадының хронологиялық межесі мен мәдени қабаттар ерекшелігін анықтауға бағытталса, онда 2004-06 жылдардағы қазбалар уақытты нақтылаумен қатар бұрын алынған тұрғын және қоғамдық ғимаратардың жобалануы жайлы мәліметтерді анықтады. Сондай-ақ қаланың саяси-әкімшілік міндетінен басқа да міндет атқарғаны анықталды. Қала ертеортағасырларда Арыс өзенін бойлап созылған жол бойындағы (VІІ ғ. жиі қолданылған) ірі салт- жоралғылық орталық болған екен .

2007 ж. қазба орнын таңдағанда мына факті ескерілді: Жуантөбе жұртының цитаделі негізінен I, кейде II құрылыс қабаты шамаларында ғана аршылған еді (цитадель жалпы аумағының 40-50%). Мұнда тек кейінгі тұрғын үйлер орналасқан (олжалар арасында әйнекей жалатылған ыдыстар шықпады) олар жоғарғы үш қабатты алып жа- тыр. Цитадель өмірінің кейінгі кезеңінің сәулетіне қатысты негізгі құрылыстар үшінші қабатта орналасқан, бүл стратиграфиялық қима салынғанда анықталды. Цитадельдің солтүстік-шығыс бұрышындағы учаскенің III қабаты аршуда мол мүмкіндігі бар. Қазба орнымен мұқият танысқанда «арыстан және адам (билеуші)» сюжеті бейнеленген гемма бастырмасы бар күбіжік ернеуінің сынығы табылды. Шурфтармен (негізінен стратиграфиялық қимамен) цитадель үйінділерінің негізін қалаған сәулет құрылыстары мен берік бекіністердің болғандығын көрсететін төменгі қабаттар барланды. А.Н. Грищенконың осыдан он жыл бұрын жүргізген археологиялық қазбалар нәтижесінде аршылған, жоғарғы екі қабат орны езіліп үйіндіге айналған. Сол себепті жұмыстар қазба шетіндегі үйінділерді, жұқа шым қабатты тазалаудан, шайылған құрылыс бетін тегістеуден басталды. Сонымен, біздің цитадельдегі 2007 ж. қазбамыз, 2005-06 жж. рабадтағы №5 қазбадан кейін №6 реттік сан алды.

Цитадельдегі 2007 ж. жүргізілген қазба-стратиграфиялық шурф А.Н. Грищенко аршыған II құрылыс қабаты деңгейімен аршылған цитадельдің солтүстік-шығыс бұрышы аралығында III құрылыс қабатын ашты. Цитадельдің солтүстік-шығыс бөлігінен оңтүстік- шығыс жаққа қарай созылған қазбаның жалпы аумағы 400 шаршы м дейін кеңейтілді. Қазба шаршы және қабат бойынша дәстүрлі әдіспен жүргізілді. Өлшемдері 42x24x1 5 см қам кірпіштен қаланған және пақсадан құйылған құрылыс орындары анықталды. Бұған дейін аршылған жерлерде олар бір-бірімен жалғасып жатты, бүл жәйт жөндеу жұмыстарының орын алғандығын көрсетеді.

Цитаделдің солтүстік беткейіндегі шайындыларды тазалағанда үш бөлме аршылды (тұрғын бөлмелерден қалың қабырғамен бөлінген). Олар шаруашылық мақсатта пайдаланылған. тазартылғаннан кейін шаруашылық, бөлмелер тегістелген қамал үстінде тұрғандығы анықталды. Жайларды бөліп тұрған қалың қабырға тозуына байланысты күрделі жөндеулерден өткен ерте уақыттағы қамал дуалы болып шықты. Осыдан кейін негізгі қазбамен қатар біз осы учаскедегі бекініс жүйесін зерттеуге кірістік. Жиналған материалдар жиынтығы бойынша ашқан қабатымыз VII ғ. екінші жартысы - VIII ғ. (арабтар келгенге дейінгі кезең) жатқызылды. Бірақ, үйінді арасында одан да ерте уақыттың материалы (керамика) кездесіп отырды. Сондай-ақ қоқыс шұңқырлары жоғарғы қабаттардың керамикасына (IX ғ) тола болып шықты. 2004 және200бжж.салынғанқима шурф негізінде зерттелген цитадель стратиграфиясы бойынша біздің аршыған орнымыз сәулет құрылыстары зәулім, Жуантөбе жұрты цитаделінің араб шапқыншылығы тұсындағы үшінші құрылыс қабатына жатады.

Жұмыстар шайылып кеткен бұрыңғы қазбадағы рекогносцировкадан(тазалау мен тегістеу), құрылыстардың сәулеттік жобасын (кейінгі құрылыстардың іргетасы болып кеткен аман жеткен іргелі қабырғалардың жоғарғы бөлігі) анықтаудан басталды. Таңдап алған учаскеміз бен оның маңындағы территорияның бізге дейінгі археологтар да қазған еді. Өлшемі 44-45x24-25x13-15 см шикі кірпіштер араластырылып пақсадан қаланған қамалдың берік дуалдары цитадельдің солтүстік шетін тазалау барысында шықты. Солт-шығыс жақтағы қамал дуалы тік бұрылып, шығыс жағымен созылып кетеді. Дуалдың солтүстік бетінде цитадельге кіретін басты әрі жалғыз қақпа орналасқан. Кіре-берісті мұнара қорғаған, оның орны жұмыс барысында аршылды. Цитадельдің солт-шығыс бұрышында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қамалдың тікбұрыш пішінді дуалының солт.-шығыс бұрышы аршылды. Қазбаның анықтап бергені: қала бекінісінің жүйесі жақсы дамыған және дуалдар ұзақ тұрған. Мұны жөндеу жұмыстарының іздерінен көреміз.

Дуалдың ішкі жағында, біздің жорамалымызша, шаруашылық аула (І бөлме) және сірә, күзетшілердің бөлмесі (№4) орналасқан. Өлшемдері 4,7x5 м I бөлме күл, тамақ және басқа өндіріс қоқыстарына толып кетке. Солт.-батыс бұрышта жоғарыдан түскен шұңқыр қабырғаны кесіп өтеді де, одан төмен түсіп кетеді. 4 бөлме кейінгі уақытта орын алған жөндеу жұмыстары кезінде толтырылып тасталған.

1 бөлмеден оңтүстікке қарай орналасқан 2 бөлменің кіре-берісі 1 бөлме жаққа қараған. Аталмыш бөлме толық ашылмады, сондықтан оның батыс қабырға жағы қазбамыздың аумағынан тыс қалды. Бұл бөлме де кейінгі уақытта қоқыс пен күлге толып кеткен, төгетін шұңқырды қазғанда оңтүстік қабырға зақымданып, ол кей жерлерде 1 м биіктік шамасында ғана сақталған. Оңтүстік қабырғаның бойында сыпа орналасқан, оның оңт.-батыс бөлігінде малта тас төселген шұңқыр бар. Ал оңт.-шығыс бұрышта жылжымалы үй ошағы орналасқан. Ошақ хұмның түбінен жасалған. Үй иелері шоқтың үстіне қою-қызыл түсті ангоб жалатылып, дәстүрлі «қаңғар» мәнеріндегі өрнектермен безендірілген кішкентай құмыра қойған. Ыдыс, сірә, көмілген немесе үй иелерінің өмірінде оғаш оқиға орын алып, бұқтырылған күріш сол қалпында сақталған. Біз тапқан кезде күріш кеуіп, төрттен үш бөлігіне азайған. 2 бөлменің шығыс жағында 3 бөлме орналасқан. Оның кіре- берісі оңтүстік қабырғада, кейн уақыт өте оны қалап, жауып тастаған. 4 бөлмеден кіретін есік солтүстік қабырғада орналасқан болса керек.

Бөлме сондай-ақ күзетшілер бөлмесімен жалғасып жатқан. 2 және 3 бөлмелердің оңтүстік қабырғасы бір және қамалдың сыртқы шығыс дуалына батыс жақтан жалғасып жатыр. Цитадельдің ішіндегі осы аталмыш қабырға 7,8,9 тұрғын бөлмелердің солтүстік қабырғасы болған.

7 бөлме біздің қазбамыздың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Онда шығыс қабырғанының бойымен ені 1,25 м, биіктігі 0,3 м шамасындағы сыпа орналасқан. Мұнда кан жасалған. Бөлменің ортасында бөлменің ауасын жылытқан тағы бір ошақ бар. Ол аласа шаршыда орналасқан және бетін көрпемен жапқан үстел орналасқан сандал- ошақтың міндетін атқарған. Үйді жылытудың бүл әдісі Өзбекстан мен Тәжікстанда соңғы уақытқа дейін сақталды. 7 бөлмеде, шығыс қабырғаның бойындағы сыпаның маңынан ертеортағыслар уақытына жататын, қолдан жапсырылып, бет пішіні айқын көрсетілген мүсін табылды. Бүл мүсін ертеортағырлық еркектің бет келбетін көрсетеді. Адам мүсінінің бас киімі мен оң құлағындағы шомбал сырғасы көшпелі дәстүрде жасалған.

9 бөлменің оңтүстік қабырғасында сүр және ақ түсті күлі сақталған салт-жоралғылық ошақтар орналасқан. 8 бөлменің оңтүстік қабырғасынан үлкен доңғалақ тандыр аршылды. Қабырғалары оттан қызған, аузы қам кесекпен жабылған. 8 және 9 бөлмелердің жоғарғы қабаты ғана аршылды, төменгі қабаттары бөлменің негізгі жобасын сақтай отырып одан төмен кеткен. 10 бөлме қала дуалының төбесінде орналасқан, дуалдың жоғарғы бөлігі тегістеліп еден қызметін атқарса, бөлменің өзі шаруашылық міндетті атқарған. Оңтүстік қабырғаның түбінде ошақ қойылған, батыс қабырға түбінде күл үйілген.

Цитадельдің солтүстік қабырғасы мен солтүстік-шығыс бұрышында жүргізілген жұмыстар барысында үлкен шикі кірпіштер (өлшемдері 43x24x12-14 см) қолданып жасаған жөндеу іздері назар аударарлық. Жөндеу, соғыс жағдайын ойға алсақ, сірә, дуалдың сыртқы беті тозғанда орын алған. Платформаның төменгі жағында жаңа қабырғаның іргесі көтерілген. Жаңа дуал мен ескі дуал арасындағы бос кеңістік үйіндімен толтырылған. Кіре-берістегі жартылай доңғалақ мұнараны үлкен қам кесектер қаптап, қамал дуалының жаңа жұмыр пішінін жасаған. Жаңа қаланған дуал қамал дуалын қалыңдатты, ал мұндағы учаскелерді қосымша бөлме ретінде пайдаланды. Жөндеуден кейін қолданылған солтүстік дуалдағы үш бөлме осылай пайда болды. Мұндай бөлмелер шығыс учаскеде де болды. 11 бөлме міне осы қосымша аумақта орналасқан. Оның едені құрылыс қоқысымен тегістелген. Бөлменің жобасы тікбұрышты. 11 бөлмеден тар мойны ұзын, науасы созылыңқы құмыраның екі сынығы табылды. Тұтқасы әсем пішінді, жоғарғы жағында томпақ жапсырмасы бар. Құмыраның беті қою-қызыл түсті ангоб жалатылған және ол консервативті жетіасар керамикасына (кейінгі кезеңдегі) өте-мөте ұқсас. Бірақ, қою-қызыл ангоб жалатылған керамика сынықтарының көптеп табылуына қарап (бұл туралы 2005 ж. жұмыстардың есебін қараңыз), оны жергілікті шеберлердің өнімі деп айтуға болады.

Жөндеу жұмыстары қамалдың ішінде де орын алып отырған. 4 бөлме қам кесекпен жабылған. 2 бөлменің қосымша солтүстік, ал 1 бөлменің батыс дуалы қаланды. Олжалар көп емес. Керамика аз жи- налды. Бұл негізінен қолданыста болып, жарамсыздыққа келіп қоқыс шұңқырына тасталған ыдыс сынықтары. Өндіріс технологиясына, құмыра мен күбіжік пішіндеріне, ернеу астында кертілген өрнектерге, таңбаларға, ангоб түр-түсіне және жағу әдісіне қарағанда жиынтық отырар-қаратау мәдениеті ескерткіштерінің материалдарына ұқсас, және VІII-IX ғғ. жатқызылады. Жекелеген, «мерекелік» заттар жетіасар немесе қаңғар мәдениетінен хабар береді. Олардың ішінде ойылған үшбұрыш, жарты шеңбер, шыршалар және басқа да өрнектері тігінен созылған және қою-қоңыр ангоб жалатылған құмыра немесе су құятын науасы созылыңқы, тұтқасында томпақ жапсырмасы бар VІІ- VІІІ ғғ. жататын (2004 жылы стратиграфиялық имадан табылған затқа ұқсас) ангобты құмыра бар.

1 бөлмеден тостаған, табак, және тұзақ пішінді тұтқасы бар саптыаяқ сынықтары табылды. Өңдеу технологиясы бойынша бұл ыдыстар VІ-VІІ ғғ. Соғды мәдениетін сипаттайды. Табылу орны мен уақыты бұл жерде дуал жөнделген уақытта соғдылардың болғандығын көрсетеді.

Басы мен денесі көрсетілген мүсін «қаңлы» еркегін бейнелесе керек. Қол бар, көршілес отырықшы аудандардан табылған аналогтарға қарасақ, образдың негізінде әділ патша немесе аты аңызға айналған ата-баба бейнесі жатса керек. Сірә, бұл жерде екі образ араласып кеткен. оң құлаққа ілінген шомбал сырға өте қызықты. Бет келпеті тұрпайы түрде берілген. Осыған дейін табылған заттардағыдай (соның ішінде Құйрықтөбеден табылған (Х-ХІ ғғ.) шылдырмак,) мұндағы бейненің қыр мұрыны оның ирандық-кангюйлік бет келпетке жататынын көрсетеді. Сонымен қатар, мұндағы бейне Ферғанадан табылған құмыраның бүйірінде салынған еркектің профиліне өте жақын (қастары, астыңғы жақтың шомбалдығы секілді белгілер) . Антропоморфты жапсырмасы бар асханалық ыдыстың сынығын да атап өтуге болады. оған ұқсас дүниелер Алтынтөбе және Сидақтан табылған . Сондай-ақ саяси-мифологиялық сюжет: «тақта отырған әміршіге шабуылдаған арыстан» бейнеленген хұмның сынығы да өте-мөте қызықты. Бұл заттар жайлы тиянақты мәлімет есеп пен басқа да жұмыстарда келтіріледі.

Сонымен, 2007 жылғы жұмыстар нәтижесінде III мәдени қабатқа жататын цитадельдің солтүстік-шығыс бөлігі VІ-V қабаттар деңгейімен аршылды. Одан басқа, цитадельдің бекітілген сыртқы дуалының басым көпшілігі аршылды, қамалдың шаршы пішінді бастапқы жобасы анықталды. Цитадельдің солтүстік-батыс дуалындағы қақпа орнының бір шеті ашылды. Ескерткіштің ұзақ уақыт өмір сүргендігі, бекініс жүйесі мықты болғандығы, арнайы білім мен әдіс қажет ететін жөндеу жұмыстарының орын алғандығы тағы бір дәлелденді. Жуантөбе қала жұртының ертеортағасырлық халқының рухани мәдениетін сипаттайтын жаңа қызықты мәліметтер жиналды. Бірақ, жұмыстың негізгі нәтижесі: Жуантөбе қаласының заттай мәдениеті туралы жан-жақты мағлұмат беретін айғақтардың жинақталуы.

Байпаков К.М., Смагулов Е.А. Ержигитова Е.А. Некрополи средневекового Казахстана. Алматы, 2005. С. 98-129.

Железняков Б.А., Танеев Д.А., Беляева Т.В. Отчет об археологических исследованиях городищ Жуантобе и Караспан в 2006 г. Алматы, Астана, Ташкент, 2007. Рукопись, архив ИА.

Грищенко А.Н. Отчет о археологических раскопках городища Жуантобе и Борижарского могильника Бугунского р-на Чимкентской области Чимкент. 1990. Рукопись, архив ИА.

Железняков Б.А. Предварительный полевой отчет по работам на городище Жуантобе в 2006 г. // Отчет об археологических исследованиях по государственной программе «Культурное наследие» в 2006 г. Алматы, 2007. С. 145-148; Железняков Б., Танеев Д. Загадка длинных стен // «NOMAD Kazakhstan» 2007, № 1(13). C. 76-81.

Байпаков К.М., Буряков Ю.Ф., Шербаев Р.К. Отчет о работах на городище Жуантобе в 2004 г. Алматы-Ташкент. 2005. Рукопись, архив ИА. (Документация по верхним и средним слоям цитадели, как и по нижним, раскопанным в 2006 г. содержится в отчете о работах на городище за 2006 г.) Железняков Б.А., Танеев Д.А., Беляева Т.В. Отчет об археологических исследованиях городищ Жуантобе и Караспан в 2006 г. Алматы, Астана, Ташкент, 2007. Рукопись, архив ИА.

Подробнее см.: Железняков Б.А., Танеев Д.А., Беляева Т.В. Отчет об археологических исследованиях городищ Жуантобе и Караспан в 2006 г. Алматы, Астана, Ташкент. 2007. Рукопись, архив ИА.

Байтанаев Б.А. К вопросу о локализации Нуджикета // Новые исследования по археологи Казахстана. Алматы 2004. С.

Железняков Б.А., Беляева ТВ. Предварительные итоги работ на городище Жуантобе в 2005 г. // Известия МОН РК, 2006, № 1. Алматы, с. 231 -247.

Железняков Б., Шербаев Р. Керамика Жуантобе // «NOMAD Kazakhstan» 2007, № 3(15). С. 66-75.

Байпаков K.M. Городище Куйрыктобе - город Кедер. Алматы, 2005. С. 163.

Брыкина ГА. Юго-западная Фергана в первой половине I тысячелетия нашей эры. M., 1982. С. 126, рис. 65.

Подушкин А.Н. Арысская культура Южного Казахстана IVB. ДО Н.Э. - VI в. н.э. Туркестан, 2000. С. 42.

Смагулов Е.А., Яценко С.А. Тамги и рисунки на керамике городища Сидак на средней Сырдарье // Туран-Туркестан: проблемы культурно-исторической преемственности. Древность и средневековье // Туркестан, 2006. С. 265.