Сауран Регистанындағы сәулеттік құрылымдарды зерттеу жұмыстарының жалғасы

20.04.2022 10:46

Сауран қаласының орталық алаңындағы өткен жылдары жүргізілген археологиялық зерттеулер оның айнала бойын өте бай ою-өрнектермен сәнделіп, шыңылтырланған күйген қыштан тұрғызылған қоғамдық-діни тұрғыдағы құрылыстар қоршай орналасқандығын анықтап берген болатын. Алаңның батыс жағын күмбезді бөлмелер тізбегімен дуал ретінде қоршалған тұйық құрылымды Жұма мешіт құрылысы жауып түр. Құрылыс 2005-2006 жылдары толық аршылып бітті. Бірақ, оның шығыс қабырғасына үлкен қоғамдық тахаратхана құрылысы, ал солтүстік қабырғасына атқарған қызметі әзірге белгісіз үлкен бір құрылыстың бөлмелері қабыстыра салынған болып шықты. Бұл құрылыстың қас беті солтүстік қақпадан бастау алатын орталық көшеге қараған, ал кіреберіс бастырма қуысы 2007 жылы аршылып біткен қарсы беттегі медресе құрылысының кіреберіс бастырма қуысымен бір түзу бойына орналасқан.

2007 жылы біздің отрядтың алдына қойылған міндетінің бірі тахаратхана құрылымын зерттеуді аяқтау және алаңның солтүстік-батыс бетін көмкеріп тұрған құрылысты аршу үшін қазбаны солтүстікке қарай кеңейте түсу болатын.

Қазбаны шығыс бағытта кеңейтуге алаңның осы бетіне үздіксіз төгіліп келген қазба топырағының үйіндісі кедергі келтіріп, тахаратхана құрылымын толық аршуға мүмкіндік бермеді. Бүл бағытта біз мешіттің шығыс беткі сыртқы қабырғасының ұзына бойымен ені 4,5 метрлік жіңішке қазба ғана түсіре алдық. Осының әсерінен тахаратхананың сыртқы қабырғасына жете алмадық, бірақ құрылымның қосымша бөліктерін аршып бітірдік. Анықтап айтсақ, намазға жығылар алдында дәрет алатын тағы бір (төртінші) жеке бөлмеше толық аршылды. Оның өлшемдері де бұрынғылары сияқты - 2,1х2,1 м. Еденіне күйдірілген қыш сынықтары төселген. Су жиналатын еден астындағы бадрабының бетіне жабылған төрт бұрышты қыштың бұрыштарынан ортасындағы су ағар тесігіне қиялай арықшалар жүргізілген. Тахаратхананың негізгі бөлмесінің шығыс іргесі 2 метрге дейінгі төрт бұрышты қышпен бекітілген болып шықты.

Мешіттің шығыс қабырғасының сыртында жүргізілген қазба алаңның алғашқы деңгейіне дейін түсірілді, мұнда да іргенің алғашқыда күйген қышпен бекітілгені байқалады, бірақ кейіннен бұзылып алынып тасталған.

Мешіттің солтүстік қабырғасының сыртқы бойымен ұзындығы 22 м, ені 5,5 м қазба түсірілді. Нәтижесінде Сауран Регистанының солтүстік-батыс бетіне орналасқан ірі құрылыстың құрамына енетін, тұрғын жай ретінде пайдаланылған кішігірім худжра-бөлмелер тізбегі аршылды. Бүл ірі кешеннің қабырғаларының қалыңдығы 0,85-0,9 м; олардың басым бөлігі іргесіне дейін бұзылып алынған, бірақ сақталып қалған бөлшектері негізінде толық құрылымын қайта қалпына келтіруге болады. Сонымен бірге, (кем дегенде) үш ретеден деңгейін өзгерте отырып бөлмелерде атқарылған қайта жөндеудің ізі байқалады. Бөлмелерге едені қыш сынықтарымен бекітілген айваннан төбесі иіле жабылған, ұзындығы 1,4-1,5 метрлік қуыстар (ниша) арқылы енуге болады. Құрылыстардың екі жақ қабырға түптерін бойлай биіктігі 0,4м сәкішелер жасалып олардың жиектері күйген қыш сынықтарымен бекітілген.

Ені 0,8-1,0 м есік ойықтары арқылы кішігірім (3,0хЗ,2м) бөлме- худжараларға кіруге болатыны байқалады. Бөлмелердің қабырғаларын бойлай денелеріне кішігірім тандырлар мен сандал тектес ошақтар орналастырылған сәкілер жасалынған. Әзірге мұндай бөлме- ғибадатхананың бесеуі аршылды. Оларға оңтүстік беттегі қабырға ретінде мешіттің сыртқы қабырғасы қызмет еткен. Мешіт қабырғасының іргесі бұл бөлмелердің қабырғаларының іргесінен 40-45см төмен орналасқан, бұған қарап олардың мешіттен кейінірек салынғанын байқаймыз.

Мешіттің солтүстік-шығыс бұрышынан 7 м жерде бөлмелер тізбегі жобаланған аулаға қарай кілт бұрылыс жасайды және бүл тұстан да тап сондай бөлмелер мен айванға өтетін қуыстардың ізі байқалады, олар арқылы әрі қарай ортасына құдық орналасқан аулаға күтуге болады. Сонымен бірге, бұрылыстағы (№6) бөлменің құрылымы бес бұрышты болып келген.

Зерттеліп жатқан ені 40 м болатын бүл үлкен құрылыстың ауласының солтүстік-батыс бөлігінде айнала қоршаған жер бедерінен анағүрлым биік (2 м жуық) болатын дөңгелек төбешік көрінеді. Оның астында жеке орналасқан әлдебір сәулеттік құрылыс (үлкен күмбезді бөлме?) бар деп жобалауға болады.

Бөлмелерді аршу барысында мұнай сәтте жиі кездесетін материал - шыңылтырмен қапталған ыдыс-аяқ сынықтарының жиынтығы алынады, морфологиялық ерекшеліктеріне қарап оларды XVI-XVII ғасырларға жатқызуға болады. Керамиканың негізгі бөлігі ақ түске көгілдірмен және көкпен өрнек түсірілген және шыңылтырмен жабылған орта кеселер, табақтар және жайпақ табақшалардан тұрады.

Ең аз кездесетіні өсімдік тектес өрнекпен сәнделіп көк не көгілдір шыңылтырмен қапталған орта кеселер бөлшектері.

Осылайша, бұрын аршылған Жұма мешіттің солтүстік бетінде жүргізілген қазба жұмыстары ортасына дәстүрлі құдық орнатылған ауланы қоршай орналасқан күмбезді немесі иінді жабыны бар ұсақ бөлмелер тізбегінен тұратын, жалпы құрылымы каре бейнесіндегі ірі құрылыстың қалдығын ашып көрсетті. Сақталған құрылыс бөлшектерін аршу үстіңгі (ең соңғы) құрылыс кезеңі деңгейінде жүргізілді.

Құрылыстың сапалы күйдірілген кірпіш алатын орынға айналғанға дейінгі өмірі оңтүстік-батыс бөлігінде аршылған үш деңгейдегі едендеріне қарағанда буырқанған оқиғаларға тобы болған сияқты. Әрі қарай құрылыстың осы бөлігінде қазбаны солтүстік және батыс бағыттарда барынша кеңейтіп, құрылымын анықтап бастапқы еден деңгейіне дейін түсіру қажет деп есептейміз.