«Ой-Жайлау жайылымы - typik мәдени мұрасының археологиялық кешені» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстар

20.04.2022 10:20

2007 жылғы маусымында Ой-Жайлау жайылымы (Жамбыл облысы, Шу-Іле Алатауы) түрік ескерткіштерін зерттеу бағдарламасы бойынша ескерткіштерді анықтау және фиксациялау және Кендіктас тауының археологиялық картасын жасау жұмыстары жүргізілді. Бүкіл маусым бойы микроауданда 82 ескерткішпен қоса 240 тан астам объект зерттелді, олардың бір бөлігі қайтадан куәландырылса, ескерткіштің кей бөліктері алғаш рет анықталды. Объектілер әртүрлі формадағы қоршаулары мен тас қаламалары бар қорған типтес құрылыстар, сондай-ақтасқа салынған суреттер түрінде болып келеді.

Толықтай Шу-Іле таулары секілді де, Ой-Жайлау жайылымы үнемі өзіне археологтардың назарын аударумен болған. Бұл микроауданның археологиялық, ескерткіштерін зерттеу мәдениет ескерткіштерін паспортизациялаумен байланысты жүрді. 1986 жылы А.Н. Марьяшевтың жетекшілігімен Ой-Жайлау жайылымында ескерткіштерді археологиялық қазба әдісімен зерттеу басталды. Зерттеу жұмыстарына әртүрлі уақытта О.И. Ишманов, А.Е. Рогажинский, А.А. Горячев, С.А. Потапов, Ю.А. Мотовтар қатысып отырды. Ой-Жайлау жайылымы, Кендіктас қыраты, Шу-Іле тауларын зерттеуді аздаған үзілістерімен т.ғ.д. А.Н. Марьяшев жетекшілік ететін топ бүгінгі күнге дейін жалғастырып келеді. 2007 жылдан жобаның «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша түрік мұрасын зерттеуге қосылуына байланысты жайылымдағы зерттеу жұмыстары тың серпін алды.

Ой-Жайлау жайылымының және оған енетін Кендіктас қыратының археологиялық картасында бүгінгі таңда әртүрлі археологиялық, ескерткіштер көрсетілген. Олар қыраттың әр дәуірдің малшылары үшін қолайлы жайылым ретінде пайдалануда қыраттың табиғи тартымдылығы және пайдалы орналасуын көрсетеді. Микроауданды зерттеу және археологиялық, картаны толықтыру жұмыстарын келешекте микроауданды толықтай зерттеу бағдарламасымен жүргізу жорамалдануда. Микроауданның Археологиялық картасындағы көпсанды және әртүрлі археологиялық ескерткіштердің мәліметтері оларды жүйелеуге және жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда айқын белгілер негізінде қола дәуірінің Ой-Жайлау-III және VII секілді обалар түріндегі ескерткіштер анықталды. Олардың бұрыннан белгілілерімен қатар жаңадан ашылғандары да бар.

Ескерткіштердің неғұрлым көпсанды тобын негізінен қорғандар және әртүрлі формадағы еске алу құрылыстары түріндегі ерте темір дәуірінің ескерткіштері құрайды.

Белгіленген ескерткіштер арасында ортағасырлық (түрік дәуірінің) ескерткіштер үлкен бөлігін алады. Микроауданда оларды зерттеу басты бағыт болып саналады.

Археологиялық картаны құратын ескерткіштер, біріншіден, саны жағынан әртүрлі: 82 ескерткіштің 44-і топ құратын 1 немесе 2 объектіден тұрады. Өзге ескеткіштер 3 тен 50-ге дейін объектіден тұратын біршама көпсанды топтар құрады. Негізгі есепте объектілерінің бір бөлігіне шым төселген қола дәуірінің ескерткіштері және жүйелі түрде зерттелініп жатқан тасқа жазылған жазбалар түр. Кәзіргі уақытта тасқа жазылған жазбалардың 50 композициясы белгіленді және зерттелді.

Барлау барысында анықталғандай, жайылымның оңтүстік бөлігінің археологиялық ескерткіштері оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бағытталған біршама ұзақ тізбек құрып бөктерлер шыңдарында орналасады. Бүл тізбектердің негізін тас қаламасы бар әр уақыттың қорғандары құраған. Бүл тізбектер құрамында бірден үш-төртке дейін ежелгі түріктердің ғұрыптық-еске-алу құрылыстары - тас қоршаулар де кездеседі. Ежелгі түріктік қоршаулары бар 4 оба белгіленді. Бұрындары тас қоршауларда орналасқан балбал тастар бүгінде түптерімен қопарылған және құлаған күйде. Балбал тастар орнатылған тас қоршауларда қарақшылық мен шұңқырлар қазылып тасталған.

Жайылымның солтүстік бөлігінде тастан жасалған қорған типтес құрылыстар қысқа тарақ тісті болып орналасқан және сирек екі-үш объектіден тұратын топтар құрайды. Кулум типтес бүл құрылыстардың орталығында кіретін дәлізі бар камерасы орналасқан. Осындай құрылыстардың камерасына іздеушілердің қарақшылықпен түсірілген қазбасы кезінде балбал тастар лақтырылып тасталған. Осындай екі құрылыста балбал тастар «өз орындарында» түр.

Жайылымда тасқа жазылған жазбалар өзара алты топ құрып ықшам орналасқан. Негізінен бұлар ерте темір дәуірінің ескерткіштері. Ортағасырлық суреттер ықшамдалып үш топ құрап орналасқан. Олар күрес, аңшылық және атты батырлардың көп санды композициясынан тұрады. 50 сахна көшірілді.

Жалпы Жетісудың түріктік қорғандық археологиясында да, жеке- лей Ой-Жайлау археологиясында да түрік қорғандары мен обаларын анықтау және түрік кезеңі бойынша қазба материалдарын жинақтау

проблемасы бар. Осыған дейінгі уақытта жайылымда осы дәуірге жа- татын Ой-Жайлау VIII обасының 2 қорымы анықталды және зерттелді.

2007 жыл маусымында олардың саны көбейді. Ой-Жайлау Villa қорғанды обасы құрамында 3 қорғаннан тұратын тізбек құраған тас дөңгелек қоршауда тас ескерткіштерімен байланысты кешен анықталды. Бұл қорғандар тізбегі СБ тан ОШ созыла орналасқан. Қорғандар диаметрлері 4-6 м құрайды. Әрбір қорғандар ортасында терең емес, таспен қаланған бейіт бар. Бейітте ересек, жасөспірім және баланың сүйек қалдықтары табылды. Оба камераларының солтүстік-солтүстік-батысқа бағытталуы обаны XI-XIII ғғ қыпшақтарына жатқызуға мүмкіндік береді. Дегенмен, бүкіл үш қорым да бұзылған, оның өзінде, моладан бас сүйек мен оң қол сүйегін, бас сүйек пен сол қол сүйегін, қаңқаны түгелдей, жоғалтуы бүл қиратылудың тонаушылық сипатта емес, ғұрыптық, сипатта болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Шығыс Европа далаларында сүйектері бұзылған көшпелілер қорымдары көптеп кездеседі, сүйектердің бұзылу фактілерін зерттеушілер өлген адамды қауіпсіз ету салтының іздері деп түсіндіреді. Ой-Жайлау8аобасындағы молада бассүйекпен қол сүйектерінің, кейде толықтай тұлағ сүйегінің жок, болуын тонаушылықпен де, қауіпсіз ету ғұрпымен де түсіндіре алмаймыз. Бүл фактыны ритуалды әрекетпен түсіндіру шындыққа жанасымдылау.

Ой-Жайлау VIII обасына қазба түсіріліп онда екеуі шұңқырлармен тоналған 3 тас дуалдан тұратын кешен аршылды. Тоналған дуалдардан ұзындығы 1,5-1,8 м гранит тастардан жасалған балбал тастар табылды. Бір фигураның беті қашау үлгісімен жасалған. Келесі фигура бұрындары белгісіз болған прошлифовка (бетін тегістеу) әдісімен жасалған. Ескерткіштен қолдан жасалған керамикалық ыдыстың құлағы табылды.

Археологиялық карта жасаумен қатар археологиялық объектілердің анықталған типологиялық белгілерін өңдеу және өзара хронологиялық кешендерге бірігетін әртүрлі типті ескерткіштер арасында байланысты іздеу жұмыстары қатар жүргізілуде.