Бөріжар қорымы қабірлерінің 2005 жылдағы зерттеу жұмыстары

07.04.2022 16:34

2005 жылы Бөріжар қорымындағы зерттеу жұмыстары мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жалғастырылды. Бірінші қазба жұмыстары бұл жерде 113 жыл бұрын жүргізілгенін атап өтсек болады. Осы ескерткіште барлық жүргізілген қазба жұмыстары барысында жүзге жуық қабірлер зерттелген.

Қазіргі күнде жинақталған мағлұматтар Бөріжар қорымының «қорғандары» шын мәнінде қорғандар емес олар пахсадан салынған құрылыстардың қираулары және өз астында қабірлер сәулеттік құрылыстарын жасыратынын айғақтайды. Осындай жерлеу құрылыстары Оңтүстік Қазақстанда Түркістан ауданында орналасқан Шаға және Сидақ қалаларының қорымдарында және Жетісу ерте ортағасыр қалаларының қорымдарында зерттелген. Қабірлері бар ең көне қорымдар қазіргі кезде Қызылорда облысында Жетіасар (урочище) қалаларының жанында орналасқаны белгілі. Жер бетіне салынған жерлеу құрылыстары Ташкент облысының Пскент ауданында, Туябугуз су қоймасы аумағында, Ток-қалада жүргізілген қазбаларынан белгілі 26.

Былтырғы жылы Бөріжар қорымында жүргізілген жұмыстар барысында Жуантөбе қаласынан оңтүстікке қарай 500-600м қашықтықта орналасқан ескерткіштің бір бөлігі таңдалған.27

2005 жылы сол бөлікте жұмыстар жалғастырылды, 7 қабір ашылды.

Құрылыстық ерекше және өте көп материал берген 43 қабір (екі камералы) болды. Батыстан шығысқа қарай тікбұрышты созылыңқы құрылыс. Қабірдің ұзындығы батыстан шығысқа қарай 5,5 м, ені 3,55 м. Қабырғалардың сақталып қалған биіктігі камера еденінен 1,0 м. 1 (батыс) камера көлемі 2,6х2,0 м. Қабырға қалыңдығы 0,45-0,55 м. Камераға кіретін ойық оңтүстік қабырғасының ортасында орналасқан, оның ұзындығы 1,5 м, ені 0,6м, биіктігі 0,9 м. Сыртынан ол 2,0х0,9м көлемді порталмен екшеленген. Камера және ойық едендері майда таспен төселіп, оның үстінен 6-7см балшық құйылған? Камера арасындағы қабырға қалыңдығы 0,7 м.

1 камераны тазалау барысында солтүстік-шығыс бұрышына жақындау жерде, 0,85 м тереңдікте анатомиялық қалыпта жатқан қаңқа аршылды. Адам сүйектері камерада шашылып жатты. Солтүстік қабырғасынан ен бойында 6 бас сүйектері табылды. Сүйектер арасында темірден жасалған көптеген заттар табылды: пышақ сынықтары, белдік тоғалары, жебе ұштары. Кіру ойығында баланын қаңқасы жатқан. Сүйектер арасында корралдан жасалған моншақтар табылды. Камера еденін тазалау барысында батыс қабырғасының бойында және солтүстік-шығыс бұрышы жанында екі бас сүйегі табылды, ал оңтүстік-шығыс бұрышта өте көп сүйектер аршылып олардың арасында ұршықбас және сүрметас табылды.

2 (шығыс) камераның көлемі 1,9х2,25м. Кіру ойығы оңтүстік қабырғасында орналасқан, ұзындығы 0,9 м, ені 0,5 м, биіктігі 0,9 м. Портал көлемі 0,5х2,2 м. Камера едені майда таспен төселінген.

2 камера еденінде сүйектердің ең көп табылғаны оңтүстік-шығыс бұрышы және кіру ойық алды. Сүйектер арасында мыс теңге, неше түрлі әшекей бұйымдары табылды.

Сонымен, Бөріжар қабірлері саз балшықтан құрастырылған платформа тәрізді жасанды алаңшаға қойылған күмбезді жеке құрылыстар екені айқын. Құрылыс бір, кейде екі камерадан тұрады. Әр камераға кіруге қысық ойық апарады, ол сыртқы жағынан порталмен екшеленген. Камера едендері құммен төселіп, оның үсті ірі таспен кейде үлкен құмыра сынықтарымен қаланған. Кейде қабырғалар тұсынан суфа көтерілген.