Отырар алқабы ескерткіштерінің зерттелуі

Отырар алқабының ескерткіштерін зерттеу және сақтау мақсатында Оңтүстік Қазақстан Кешенді археологиялық экспедициясының Отырар тобы биылғы маусымда төмендегідей жұмыстар атқарды.

Жұмыстар нәтижесінде Жұма-мешіт пен «сарай» бөлігінен тұратын XIV ғ. сарай кешені ауласы аумағының бетіндегі мәдени қабаттар аршылды.

1 қазба ауланың солтүстік-батыс бөлігінде жүргізілді, қазба мөлшері 1000 шаршы метрден астам аумақты қамтыды. Қазбаның бедері, кезінде әрбір уақыттары жүргізілген 5 қазбалардың нәтижесінде оңтүстік-батысқа қарай ылдиланған. Қазбаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі телім әлдеқайда төмен жатыр, мұндағы құрылыс қаңқалары аула еденімен бір деңгейде орналасқан. Солтүстік-шығыс бөлікте қазба XVI ғ. соңы - XVII ғ. мешітіне жанасқан телімнен салынды. Қазбаның бетінде кірпіш жасауға шикізат ретінде қолданылған топырақ үйіндісі жатты. Оның барысында мәдени қабаты бар жерлер де қоса алынып кеткен. Сонымен, қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінде ені 4-5 м телім ғана аман қалған.

Қазбаның қазіргі барысында үш құрылыс кезеңі зерттелді. Жоғарғы қабаттың құрылыс көкжиегі, бұрынғы қазбалар кезіндегі жұмыстардан аман қалған қазбаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі шым қабат алынғаннан кейін шықты. Олар әдетте нашар сақталып, қаңқалары анық көрінбейді. Тұрғын бөлмелер және мал қашасы ретінде қолданылған учаскелер анықталды. Пішіні жартылай дөңгелек, диаметрі 90 см, тереңдігі 50 см шұңқыр тазаланды. Шұңқыр бүйірінен қалыңдығы 5 см, өртенген қамыс қабаты шықты. Шұңқыр ішіндегі үйіндіден күйген қам кірпіштер, керамика және құрым басқан күйдірілген кірпіш шықты.

Екінші құрылыс қабатынан қаңқасы анық көрінетін тоғыз бөлме және екі нашар сақталған бөлменің орындары аршылды. Қазбаның солтүстік бөлігінен шыққан үш бөлме жеке тұрғын үйді құрайды және атқарған міндеттері бойынша бір-бірімен крест құрап орналасқан алдыңғы үй, тұрғын бөлме және қамбаға бөлінеді. Бөлмелердің бәрі бұрыштарымен шартарап жақтарға қараған. Тұрғын бөлме мен алдыңғы үйдің солтүстік- шығыс қабырғалары махалла көшесіне қарай шығады. Сыпасы бар тұрғын бөлме үйдің ортасында орналасқан. Оған оңтүстік-шығыс жақтан алдыңғы үй, оңтүстік-батыстан - қамба жанасады. Алдыңғы үйден есік арқылы өтуге болатын тағы бір бөлме үйдің солтүстік бөлігінде орналасқан.

Тұрғын бөлменің екі кезеңде қолданылғаны тандыр орындарының өзгеруінен байқалады. Бастапқыда солтүстік-батыс қабырғаның бойымен, бөлменің бұрыштарына жақын тікбұрышты екі қазба шұңқыры жасалған. Батыс бұрыштағы қазба шұңқырының ұзындығы 90 см, ені 50 см, тереңдігі 55 см. Шұңқырдың бүйірі қам кірпіштен, үстіңгі жиегі күйдірілген кірпіштен қаланған. Шұңқырдың ішін борпылдақ топырақ, шоқ пен күл басып қалған. Солтүстік бұрыштағы қамба шұңқырының ұзындығы 103 см, ені - 52 см, тереңдігі - 40 см. Бүйірі күйдірілген кірпіштен қаланған қамбаны күл аралас борпылдақ топырақ басып қалған.

Екінші кезеңде тандыр алаңқайдың солтүстік-шығыс жағында орналасып, оттығы ы алаңқай жаққа қарайтын. Бірінші кезеңнің құрылыс қаңқалары (тандыр мен қамба шұңқырлары) қалыңдығы 5 см, сары түсті саз-балшықпен сыланған, кейінгі уақытта сыпа астында қалып қалған. Сыпаның беті солтүстік-батыс және солтүстік-шығыс қабырғаларға жанасатын жерлерінде сақталған.

Қамба үйдің батыс жағында орналасқан, оған тұрғын бөлме арқылы өтуге болатын. Қайта салынғаннан кейін бөлменің пішіні өзгеріске ұшырайды. Доға түрінде салынған солтүстік-батыс қабырға, басқа көршілес қабырғалармен жалғаспайды. Аталмыш қабырға ертерек кезеңге жататын үлкен бөлменің солтүстік-шығыс бөлігін қалқалап, оның еніп аздап азайтып тұр.

Қамбаға кіретін есік тұрғын бөлме сыпасының деңгейімен бірдей етіп жасалған. Тұрғын бөлме жақтағы есік босағасының төменгі ені 10 см бөлігі сақталған. Есік сынық кірпіштермен қаланып тасталған. Қалақ арасында оймыш терракота мен тандыр қақпағы кездесті. Есік алдында күйдірілген кірпіш бөліктерінен төселген, мөлшері 110х90см алаңқай бар, оның солтүстік-батыс бөлігін шұңқыр ойып кеткен. Беті тегіс емес, бөлменің ортасына қарай отырып кеткен.

Алаңқай арқылы үш бөліктен тұратын қамба шұңқыры тұрған жерге өтуге болады. Қамба қалыңдығы 20-20 см қам кесектен қаланған, қабырғалармен бөлінген. Қамбаның едені мен қабырғалары сары түсті балшықпен сыланған. Қамба ішінен жануарлар сүйегі, керамика, күйдірілген және қам кірпіштердің сынықтары, күл мен көңнен тұратын тұрмыстық қоқыс шықты.

Соңғы кезеңде қамбаға апаратын есік жабылып тасталған. Тұрғын мен алдыңғы бөлмелер мал ұстайтын қораға айналдырылса, қамба қоқыс төгуге қолданылған.

Қазбаның шығыс бөлігі інде орналасқан бөлме қызығушылық тудырып отыр. Бөлменің мөлшері 520x430 см. Мөлшері 27x27x6 см, төртбұрыш пішінді, күйдірілген кірпіштерден қаланған, 5 қатары аман жеткен қабырға іргелері үшінші құрылыс қабатына сәйкес келеді. Бөлменің іргетасы бар. екінші құрылыс кезеңінде қабырға бағыттары аздап түзетілген. Қабырғаның үстіңгі бөлігі қам кірпіштен қаланған. Ұстахананың қосалқы бөлме ретінде қызметін атқарған кезден бастап, бұл бөлменің үш тұрғын кезеңі болған.

Бөлменің атқарған міндеті екінші құрылыс кезеңінде мүлдем өзгереді. Ол шыңылтыр дайындауға арналған екі пеш орнатылған ұстаханаға айналады. Пештер бұрышқа таман жақындатылып, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс қабырғаларға жанастырыла салынған. Пештер арасындағы аумақты сыпа алып жатқан. Батыс бұрышта орналасқан пеш жақсы сақталған. Оңтүстік бұрыштағы пеш нашар сақталған, бірақ соның өзінде де одан да пештің құрылысы жайлы мағлұмат алуға болады. Пішіндері мен міндеттері бір болғандықтан бүл жерде батыс бұрышта орналасқан пешті ғана суреттейміз.

Пеш күйдірілген кірпіштерден қаланған. Бес қатар кірпіші сақталған. Төменгі үш қатары іргетас болғандықтан, біркелкі тәртіппен қаланбаған. Пеш қабырғасының тек 20 см биіктік шамасындағы екі қатары сақталған. Пеш қабырғалары бөлме қабырғаларынан бөлек қаланғандыдан, оның кейіннен қойылғанын аңғарамыз. Пештің солтүстік-шығыс қабырғасы бұзылып кеткен, бірақ оның бұрылысы аздап сақталғандықтан пештің ішкі бөлігінің мөлшері 80x70 см болғандығын анықтаудың реті келді. Камера бүйірлеріне шыңылтыр жабысып қатып қалған, оның бір сызықпен жүрген төменгі шекарасы бойынша сыйымдылық еденінің деңгейін анықтауға болады. Бөлме қабырғаларында қатып қалған шыңылтыр іздері бойынша, пеш бөлме қабырғаларымен салыстырмалы түрде алғанда 10 см отырғаны көрінеді. Сыйымдылықтың астында биіктігі 10-12 см от жағатын камера орналасқан. Сыланған қабырғалар мен еден, оттың эсерінен қатты күйіп ақ түсті борпылдақ материалға айналған. Оттық камера деңгейіндегі бөлме қабырғалары оттан күйіп, құрым басып кеткен. Оттық пен түтін шығаратын мұржа сақталмаған. Солтүстік-батыс қабырғаның сыртында құрамында қатып қалған кварцы бар шыңылтыр табылды. Шыңылтыр сыйымдылық - есіндегі қалақтың арасындағы екі қуыстан ағып шыққан. Оның аққан ізінің ұзындығы 12 см, ені - 15 см.

Пеш пен бөлменің солтүстік-батыс қабырғасы арасындағы кеңістік ені 35 см каналды құрайды. Батыс бұрышқа жанасатын бөлменің сыланған қабырғалары оттан күйіп ашық-сұр “ - алған. Пештің сыртқы қабырғалары сыланбаған, кірпіштері біркелкі қаланбаған. Пеш пен қабырғадағы күйіктердің неден пайда болғандығы анықталмады. Бірақ, дәл осындай жағдай бөлменің оңтүстік бұрышында орналасқан пештің жанынан да байқалады. Мұнда, пеш пен қабырға арасында қырымен қойылған екі кірпіш сақталған.

Пештің ішінен ақ түсті минералдар мен осы минералдың қоспасы бар шыңылтыр бөліктері табылды. Осы нышандар мен пештің пішімі бойынша, осы табылған пеште шыңылтыр даярланған деп айтуға болады. Пештен сондай-ақ кесеге ұқсас кішігірім тостақтарды жасауда қолданылған сепоялар көптеп табылды. Кеселердің ақаулары да осы жерден шықты.

Шеберханадан солтүстік-батысқа қарай мал қамауға арналған тағы да үш бөлмелі гаша орналасқан. Бөлмелер бір-біріне қатар, солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа қарай созылып орналасқан. Қабырғалары іргесінің тұсында 1-2 см биіктік шамасында ғана :акталған. Бөлменің оңтүстік-шығыс қабырғасы бұрынғы қазбалар нәтижесінде бүлінген, есік орны табылмады. Екі бөлменің мөлшері анықталды. Солтүстік-шығыс бөлменің мөлшері 4,5x2,3 м, қабырғаның ішінен есептегендегі мөлшері - 3x4,3 м. Қабырғаның қалыңдығы 70-80 см. Бөлменің ішін көң басып қалған. Бөлмелердің ішінен қабырғаның қам кірпіштері табылды.

Қашадан оңтүстік-батысқа қарай кірпіштен төселген еден қалдықтары табылды. Еденнің мөлшері 100x45 см кішігірім бөлігі ғана сақталған.

Үшінші құрылыс қабатының кейбір бөлмелерінің жобасында аздаған ауытқулар болмаса, екінші құрылыс қабатының жобасын қабырға бағыттарында қайталып отыр. Қазбаның солтүстік-батыс бөлігіндегі үшінші құрылыс қабаты екінші құрылыс қабаты осыдан бұрын қазылып. оның орны сақталмағандықтан шым қабаттың астынан аршылып алынды. Үшінші құрылыс қабатының құрылыстары үзік-үзік сақталған, жекелеген бөлмелер анықталмағанымен, оларды бір үй аясында біріктіріп қарастыру мүмкін емес. Дегенмен, шеберхана мен тұрғын бөлме орны анықталып отыр.

Кешен қазбаның шығыс бөлігінде орналасқан. Екінші құрылыс қабатының шеберханасының орнында орналасқан тұрғын бөлменің мөлшері де алдындағыға сәйкес - 520x430 см. Оған оңтүстік-батыс қабырғада орналасқан, ені 80 см есік арқылы кіруге болады. Бөлменің солтүстік-шығыс қабырғасының жанында, солтүстік бұрышқа жақын жердегі сыпада мөлшері 40x40 см шұңқырдың орны байқалады. Шұңқыр тігінен қойылған төрт кірпіштен қаланған. Үстіңгі кірпіштердің шеттері мүжілген. Осы жерден табылған өртенген адыраспанға қарағанда, бүл құрылыс, сірә, үйді адыраспанмен аластаған ошақ болса керек. Биылғы далалық маусымда өмір сүрген уақыты бөлек тұрғын үйлерден де осыған ұқсас адыраспан жағатын орынның үшеуі табылған болатын.

Тұрғын бөлменің оңтүстік-батысында орналасқан бөлме шеберхана болған. Бөлменің пішімі трапецияға ұқсайды. Қабырғаларының мөлшері: солтүстік-шығыс қабырға ұзындығы 540 см, солтүстік-батыстағының - 410 см, оңтүстік-батыстағының - 450 см, оңтүстік-шығысінікі - 350 см. Қабырға қалыңдығы 80-90 см. Солтүстік-шығыс қабырғасы жақсы сақталса, қалған қабырғалары еден бойымен сақталған.

Бөлменің батыс бұрышында бұйым күйдіретін пеш қойылған. Пештің төменгі, оттық жағы сақталған. Бөлме еденінің едәуір, үштен екі бөлігі күйдірілген кірпіш сынықтарымен төселген көрінеді. Төселген аумақтың мөлшері 330x380 см болған деп жорамалдап отырмыз. Кірпіш еденнің батыс және шығыс бұрыштары сақталған. Еденді екі шұңқыр қиып өтіп, төселген кірпіштердің көпшілігі ойып алынған. Солтүстік-батыс қабырғаны бойлай, одан 30 см, қашықтықта солтүстік бұрышқа жақын жерден мөлшері 170x120 см, тік төртбұрыш пішінді құрылыс аршылды. Қалыңдығы 30 см қабырғалары қам кесектен қаланған. Ортасында мөлшері 85x55 см, тереңдігі 40 см кішігірім шұңқыры бар. Құрылыстың қандай міндет атқарғаны анықталмай отыр.

Бөлменің оңтүстік-батыс тұсында ені 140 см махалла көшесі орналасқан. Махалла көшесінің арғы бетінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс бағытымен созылып жатқан үш бөлме аршылды.

Орталық жиектің солтүстік-батыс жағындағы қазба нәтижесінде, төрт тұрғын бөлме мен махалла көшесінің жалғасы аршылды.

2 қазба ауланың солтүстік-шығыс бөлігінен салынды. Қазба аумағы шамамен 600 шаршы метрге жуық.

Археологиялық зерттеуге таңдап алынған телімнің беті солтүстік-батыстан солтүстік- шығысқа қарай үш кең (8-10 м) жыра түрінде ылдиланған. Телімнің мұндай түрде ылдилануы зерттеу жүйесін белгілеп, қазба алдыменен жоғарғы бөлікте, кейіннен кезекпенен төмен, екінші және үшінші деңгейлерде жүргізілді. Сонымен, мешіт ауласының деңгейі бойынша орналасқан уақыты, ертерек қабаттың (XIII-XIV ғғ.) аумағы кейінгі (XVI-XVII ғғ.) қабаттарға қарағанда әлдеқайда үлкен.

Беткі алаңқайда жоғарғы құрылыс қабатына жататын, сақталуы мардымсыз жекелеген тұрғын бөлмелер аршылды. Қам кесектен қаланған қабырғалардың биіктігі 0,4-0,5 м. 180 шаршы метр аландағы жекелеген үй-жайлардың жобасын анықтау мүмкін болмады. Жеке тұрған үш бөлме зерттелді. Олардың екеуі, сірә, бір желі бойымен салынған үй түріне жатады. Бөлмелер солтүстік-батыс - оңтүстік-шығыс бағытпен жатыр. Басым бөлігін «11» тәріздес сыпа алып жатқан, оңтүстік-шығыстағысы тұрғын бөлме болған. Ортасында таснауа қойылған. аршылған бөлменің төрттен бірін алып жатқан күйдірілген кірпіштен төселген алаңқай еден деңгейін анықтап, солтүстік-батыс қабырғаның ортасында орналасқан, кіре- беріс алдын межелеп тұр. Сыпаға қойылған тандыр бөлменің солтүстік бұрышында орналасқан. Тандырдың мұржасы солтүстік-шығыс қабырғада жасалған құдыққа шығарылған. Тандырдың оттығы мұржаға қарама-қарсы орналасып, алаңқай мен таснауаға қаратылған. Есік арқылы тұрмыстық құрылыстары жоқ «алдыңғы» бөлмеге өтуге болады. Тұрғын бөлменің мөлшері 25, ал «алдыңғынікі» 12 шаршы метр.

Аршылған келесі бөлме, жоғарыда суреттелген құрылыстардан солтүстік-батысқа қарай орналасқан және сірә, осы үй-жайдың тұрғын бөлмесі болған. Бұл бөлменің «Г» тәрізді сыпасы бөлменің төрттен үшін алып жатыр. Солтүстік-шығыс қабырғаға жақын кірпіштен төселген алаңқайда таснауа орнатылған. Есік, сірә, осы тұста орналасқан. Мұржасы сыртқы қабырғаның оңтүстік бұрышына шығарылған, ал оттығы кірпіштен төселген, алаңқайға қараған тандыр сыпаның оңтүстік-батыс бұрышына қойылған.

Аталған телімдегі екінші құрылыс қабаты бөлмелерінің мөлшері мен жобалары жоғарыда суреттелген құрылыстардың жобасын қайталайды. Оңтүстік-шығыс бөлмедегі тандырдың мұржасы бағытын өзгертіп, оның тік құдығы солтүстік-батыс қабырғаға орналастырылған. Кіре-берістің екі жағынан мөлшері 1,6x1,5 м кішігірім қамба шұңқырлары жасалған. Осының бәрін ескере отырып, шартты түрде «алдыңғы» деп аталған бөлме, сірә, шаруашылық қызмет атқарған.

Солтүстік-батысқа қарай орналасқан бөлмеде қайта салу іздері бар, есік бастапқыда солтүстік-батыс қабырғада жасалған, ал кіре-берістің алдында негізгі таснауасы бар кішігірім (1x1 м) алаңқай төселген. Тандыр алаңқайдың солтүстік жағында орналасқан. Оның оттығы кірпіштен төселген алаңқайға қараса, қабырғаның солтүстік бұрышына тартылып сыпаға орнатылған мұржа, жоғарғы құрылыс қабаты мұржасына қарағанда жарты метрге (ұзындығы шамамен 1,33 м) ұзарған. «П» тәрізді сыпа бөлме мөлшерінің 90%-ын алып жатыр. Қайта салу кезінде алғашқы есік жабылып, жаңасы оңтүстік бұрыштан қойылған. Есіктің орнын бірнеше күйдірілген кірпіштерді (27x27x5 см) қырынан қойып қалаған табалдырықтан байқауға болады. Кіре-беріс алды кірпіштермен төселген. Алаңқай мөлшері - 1,13x1,25 м. Жаңа тандыр алаңқайдың батыс жағынан орналастырылған. Ал ұзындығы 1,36 м мұржа бөлменің батыс бұрышына қарай созылып жатыр. Оңтүстік-батыс қабырғаның ортасында сары түсті ерітіндімен сыланған, ұзындығы 76 см, тереңдігі 35 см, тік төртбұрыш пішінді текше ойығы жасалған.

Есік арқылы мөлшері 4,8x3,7 м тұрғын бөлмеге өтетін бөлме қатты қирағанмен, оның негізгі құрылыс нышандарын анықтауға болады. Сыпаның оңтүстік-шығыс бөлігінде түбі күйдірілген кірпіштен төселген шаршы пішіндес ошақ шұңқыры (0,88x1,43 м) орналастырылған. Оттығы ошақ шұңқырына қараған, ал мұржасы оңтүстік-шығыс қабырғаға тартылған тандыр щұңқырдың солтүстікке қарай қойылған. Бөлменің оңтүстік-батыс бұрышында пішіні жартылай дөңгелек қамба қаланған. Екі тұрғын бөлме және шаруашылық міндет атқарған, қатты қираған он жеті бөлме қазбаның оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктерінен аршылды.

Үшінші қабат (XV ғ.) құрылыс мінезінің түбегейлі өзгеруімен ерекшеленеді. Ішкі құрылымының орналасуында үлкен өзгешеліктер байқалады. Дегенмен де, құрылыс қабырғалары өзінің негізгі бағыттарын сақтап қалған. Бүл, сірә, махалла көшелерінің бағытына сәйкестендірлуінен туындаса керек.

Бүл құрылыс кезеңінің қабырғалары қатты қираған. Ең қызықты тұрғын бөлме, қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінен шықты. Оның мөлшері шамамен 20 шаршы метр. Бөлменің оңтүстік-шығыс жағы махалла ішіндегі тұйық көшеге қараған. Біраз жері күйдірілген кірпіштерден төселген, ені 1,1 м көше XVI ғ. мешітіне апаратын. Бөлмеде жөндеу жұмыстарының үш мәрте жүргізілгендігі байқалады. Бөлмеге бастапқыда оңтүстік- шығыс қабырғаның ортасынан жасалған есік арқылы, махалла көшесінің жағынан кіретін. Кіре-беріс алдында күйдірілген кірпіштен еден (1x0,8 м) төселген. Бөлмені толығымен алып жатқан сыпаның маңындағы алаңқайдың шығысында орналасқан, мұржасы оңтүстік-шығыс қабырғаға шығарылған тандыр қойылған. Алаңқайдан (ошақ шұңқырынан) солтүстікке қарай қабырғалары күйдірілген кірпіштен қуыс түріндегі қамба (0,4x0,8 м) қаланған. Екінші жөндеу жұмыстары кезінде, жоғарыда суреттелген тандыр аздап солтүстікке жылжытылған жаңа тандырмен алмастырылған. Тандыр оттығы бұрынғыдай ошақ шұңқырына қаратылса, бағыты аздап жылжытылған мұржа солтүстік-шығыс қабырғаға шығатын. Махалла көшесіне шығатын оңтүстік-шығыс есік жабылып, қарама-қарсы солтүстік-шығыс қабырғадан аздап бөлменің шығыс бұрышына жақын жерден жаңа есік жасалған. Кіре беріс алдынан түбіне күйдірілген кірпіш төселген ошақ шұңқыры жасалған. Жаңа тандыр шығыс жақтан жасалып, оның мұржасы шығыс қабырғаға қарай тартылған. Ошақ шұңқырының ортасында тігінен қойылған торт кірпіштен түтіндеткіш қойылған.

Бүл құрылыс қабатынан қазылған бөлмелер қатты қираған. Оларды нақты бір үй-жайға жатқызу мүмкін емес. Қазбаның оңтүстік-батыс бөлігінде керамика даярлайтын шағын шеберхана аршылды. Бұл тұрғын бөлмесі солтүстік-шығыс, ал шеберханасы оңтүстік-батыс бөлікте бір желі бойымен салынған құрылыс түріне жататын үй-жай. Қазба бетінің деңгейінде көң іздері байқалады.

Төртінші және бесінші құрылыс қабаттарындағы құрылыс жобалары үшінші құрылыс қабатындағы құрылыс жобаларымен сәйкес келмейді. Бүл кезеңдегі құрылыс бұрыштары жұма-мешіт кешені ауласының сыртқы шығыс қабырғасынан азимут бойынша 28 градусқа дейін өседі, (AutoCAD ортасы бойынша жұма-мешіт ауласының сыртқы шығыс қабырғасынан жобалық түрде алып есептегенде бірінші, екінші және үшінші құрылыс қабаттарының құрылыстарында 14 градусқа ауытқу байқалады). Құрылыстардың жекелеген бөліктерін көтеруде күйдірілген кірпішті пайдаланудың үлесі өсе түсті. Бөлмелер қатты қираған. Қазбаның солтүстік бөлігінде қалыңдығы 0,5 м көң қабаты аршылды. Ол XIV ғ. түс мешіт ауласын басып жатыр.

Қаланың оңтүстік бөлігіндегі қамал дуалдарын зерттеу шаралары да жүргізілді. 1993 жылы салынған қима 7,752 деңгейіне дейін тереңдетілді. VIII ғ. түс, «Қарахан» және «Моңғол» дәуіріне сәйкес келетін дуалдың үш қабаты анықталды. Дуалды қалау әдісі зерттелді. Құжаттандыруды тиянақты жүргізу үшін, жаңа техникалық әдістер қолданылды.

Мөлшері 15x7 м шурф Отырартөбенің солтүстік-батыс дуалындағы үлкен қиманың территориясынан салынды. Қазіргі жер бетінен есептегенде 11,8 м тереңдіктен ХІ-ХІІ ғғ. керамикасы шыққан 8 шұңқыр аршылды. Бүл кезеңге жататын құрылыс орындары табылмады. 12,3 м тереңдіктен шығыстан батысқа қарай созылып жатқан, ұзындығы 11 м, ені 1 м қабырға аршылды. Қабырға алты қатар қам кірпіштерден (38x22x8 см) қаланған. Қабырға биіктігі 1,17 м. Оған параллель, 2,28 м қашықтықтан екінші бір қабырға аршылды. Қабырғадан оңтүстікке қарай мөлшері 6x3,25 және 5x2,6 м бөлмелер табылды. Бүл кезеңнің керамикалық материалын б.д. III-IV ғғ. жатқызуға болады.

Оқсыз қала жұртында осының алдындағы жылдары салынған шурф орындарын тазалау шаралары жүргізілді. Шымды қабат астынан қам кірпіштерден тұратын, құрылыс қоқысының тығыз үйіндісі шықты. 50 см тереңдікте мөлшері 22x22, 24x24, 26x26, қалыңдығы 3,5-4 см күйдірілген кірпіштерден төселген еден аршылды. Еденнің жалғасы қазбаның батыс жиегінің астына кетеді. Суреттеп отырған еденнің астынан да күйдірілген кірпіштен төселген тағы бір еден шықты. Бірақ оның төселген бағыты өзгешелеу. Бүл жерде, сірә, зәулім ғимарат орналасқан болса керек.

Шурф күйдірілген кірпіштен төселген еден астындағы жиекпен тағы 1 метрге тереңдетілді. Қимадан құрылыс қоқысының тығыз үйіндісі мен ірі пахса блоктарынан қаланған, ені 80 см қабырға көрініп тұр.

Оңтүстік бұрыштан мөлшері 26x17x7 см қам кірпіштің бір қатар қалағы ашылды. Бүл, сірә, сағананың қаңқасының үзігі болса керек, себебі, оның жанынан мұсылман ғұрпы бойынша жерленген бейіт табылды. Қаланың ішкі қамалы XIII-XIV ғғ. зират ретінде пайдаланылған.

Қазба жұмыстары нәтижесінде Талтақай қорымында екі мүрде аршылды. 1 баланың мүрдесі саз балшық құймасының астынан шықты. Сүйек арқасына жатқызылып, басы оңтүстік-батысқа қаратылған. Сүйек ұзындығы 45 см. Аяғының тұсында тұтқасы мен шүмегі бар құмыра, басының сол жағында нәзік саптыаяқ қойылған. Кеуде тұсынан ромбы пішінді, крест тәрізді өрнегі бар, жіп өткізетін көзі бар қола бұйымның бөлігі табылды.

2 мүрде тоналған, сүйек шашылып жатыр. Солтүстік жақтан бас қаңқасы мен жақ сүйегінің бөліктері табылды. Сүйек, сірә, басы солтүстікке қаратылып қойылған болуы керек. Бұл жерден темір пышақтың сынығы мен біреуі ақ шыны пастадан, екіншісі қара тастан жасалған екі кішкентай моншақ табылды.

Көкмардан қала жұртында ғибадатхана ішінен, есікке қарама-қарсы солтүстік-шығыс қабырғаның бойымен шурф салынды. Қазба нәтижесінде құрамында қам кірпіштердің сынықтары бар, тапталғаннан пайда болған ғибадатхананың едені ойылды. Еденнің беті қалыңдығы шамамен 10 см, сары түсті саз балшықпен сыланған. Ғибадатхана қабырғасының іргесі осы еден деңгейінің бойымен орналасқан. Еден астынан сары және сұр түсті қам кірпіштің сынықтары, ретсіз жатқан тапталған қабат шықты. Оның құрамында сырланбаған керамиканың (негізінен ыдыстардың бүйірлері, сондай-ақ ыдыс түптері) мардымсыз майда бөліктері бар. Қабат арасында ізбес түйіршіктері де кездеседі.

Ғибадатхана еденінің деңгейінен 65-70 см тереңдікте, күл аралас сұр түсті топырақ қабаты шықты. Топырақ арасында ағаштың өртенген түйіршіктері бар. Қазбаның солтүстік- шығыс шетінде қабаттың қалыңдығы 30 см, ғибадатхана ортасына таман - 45 см. Қабаттың төменгі жағы күлдің көп болуына байланысты борпылдақ келген. Қабат арасынан сырланбаған керамика сынықтары шықты.

Ғибадатхана еденінің деңгейінен 1 м тереңдіктен үш бөлменің қабырғалары шықты. Барлық бөлмелерге ортақ сыртқы қабырға ғибадатхана қабырғасының астында жатыр және оның нобайын қайталып отыр. Оған бүйірінен келіп, бір-бірінен 217 см аралықта орналасқан екі қабырға тіреледі.

Орталық бөлме қазбаның ортасында орналасқан. Оның 365x247 см мөлшердегі солтүстік-шығыс бөлігі аршылды. Оңтүстік-батыс бөлігі қазба аумағынан тыс қалып қойды. Бөлме пішіні трапеция тәрізді, солтүстік-шығыс - оңтүстік-батыс бағыты бойымен созылып жатыр. Бөлме ішіндегі үйінді ірі келген қам кірпіштердің сынықтарынан тұрады. Кірпіштер негізінен сары түсті, кейбірде сүр түсті саз балшықтан жасалған. Еденнің бетінде бөлме қабырғаларынан ажырап түскен сылақ қабаты жатыр. Үйінді арасынан сырланбаған керамика сынықтары, қазан тұғырының бөлігі табылды. 68 см тереңдіктен бөлменің едені шықты. Еден сабан мол қосылған, қоңыр түсті сылақпен сыланған. Оның солтүстік-батыс қабырға маңындағы тұсы сақталған. Еденнен одан әрі 20 см-ге тереңдей түскенде, нобайы домалақ сандал-ошақ табылды. Ошақ қоңыр түсті саз балшықтан біртүтас күйінде жасалған. Ошақтың түбі тегіс, оның бетінде ақ түсті күл қабаты аршылды.

Орталық бөлменің солтүстік-батыс жағынан орналасқан бөлме де еден деңгейі бойымен тазаланды. Саз балшықпен сыланған еден 52 см тереңдіктен шықты. Еден мен қабырға бойында құрым іздері байқалады. Бөлменің негізгі бөлігі қазбадан тыс қалғандықтан есіктің орны табылмады.

Қазба жұмыстары диаметрі 32 м, биіктігі 60 см, домалақ пішінді төбе түрінде сақталған обада жүргізілді. Бұған дейін, оның солтүстік бөлігі қазылды. Бүл жолы мөлшері 3x3 м қазба орталыққа жақын, төбенің шығыс тұсынан салынды. Сондай-ақ солтүстік- шығыстан, мөлшері 2x1,5 м қосымша қима салынды.

Обаның топырағы тығыз келген, мүрденің тұсында карбонаттың ақ түйіршіктері кездеседі. Топырақ ішінен сырланбаған керамика мен жануарлардың бірнеше сынықтары табылды. Қиманың аумағынан, 30 см тереңдіктен, бүйірінде жатқан құмыра табылды.

Құмыра жаншылған, төменгі түп жағы жоқ. 1 м тереңдіктен мәйіт шықты. Сүйек арқасымен жатыр, қолдары созылыңқы түрде. бүйірін бойлай қойылған. Басы солтүстік- солтүстік-шығысқа қарап қойылған. Басының тұсында құмыра тұр. Табылған бұйымдарға қарап мұнда әйел адам жерленген деп айтуға болады. Сол қолынан қара дақтары бар ақ түсті 9 моншақ табылды. Мойын тұсынан табылған цилиндр пішінді моншақтар да ақ түсті.

Қазылған құрылымдарды консервациялаудың барлық шарттары сақталған. Қазылған нысандардың бәрі қайта көмілді, ал көне Отырар қаласында «У» махалласындағы екі үй қайта қалпына келтірілді. Қабырғалар көтеріліп, сыпалар қалпына келтіріліп, таснауа тұрған еденге кірпіш төселді. Қабырғалар сыланып, сыртқы ауа-райы эсерінен қорғайтын жамылғымен жабылды. Қалпына келтірілген үйлердің өлшемдері жасалды. Қалпына келтіру шараларының барлық кезектері суретке түсірілді. Қабырғалардың, таснауа еденінің, сыпаны қалпына келтірудің әрбір шаралары тіркеліп отырды.