«Солтүстік Қазақстан облысы мәдени-тарихи ескерткіштері жинағын басуға дайындық» тақырыбы бойынша жа
ҚР «А.Х. Марғұлан атындағы археология институтының» және «М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университета» арасындағы жылдық жоспарды өткізу келісімі бойынша «Мемлекеттік сатып алу» ҚР Заңы негізінде, ҚР ҚМ 03.03.05 ж. № КФК және ГЗ 6-2-8/ 1424 Қаржы бақылау және мемлекеттік сатып алу хаты және 2005 ж. 31 наурызы Отырысы хаттамасынан 008 «тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтауды қамтамасыз ету» мемлекеттік бағдарлама шеңбері 102 бағдарлама «Қазақ халқының мәдени мұралар жүйесін қалыптастыру», 149 специфика «Басқа да қызмет көрсетулер мен жұмыстар» негізінде Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шығармашылық тобымен 2005 ж. тарих, мәдениет және архитектура ескерткіштерін зерттеу бойынша жұмыстар жалғастырылып, жинақталған материалдарды жүйелеу жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облысының тізім есебінде мынадай археологиялық ескерткіштер бар:
Петропавл қаласы территориясында - 10
Қызылжар ауданында - 49
Мамлют ауданында - 3
М. Жұмабаев ауданында - 2
Жамбыл ауданында - 19
Есіл ауданында - 52
Аққайың ауданында - 3
Шал ақын ауданында - 52
Тайынша ауданында - 43
Айыртау ауданында - 26
Ғ. Мүсірепов ауданында - 50
Уәлиханов ауданында - 22
Ақжар ауданында - 36
Ақжар және Уәлиханов аудандарының археологиялық барлау жұмыстары келісімшарттың жылдық-жоспары мен бағдарлама бойынша көрсетілген мерзімде, сонымен катар, зерттеу әдістемесі және археологиялық объектілер мен артефактардың ғылыми өңдеуге жаңашыл талаптарын ескере отырып жүргізілді. Аймақтың физикалық-географиялық мінездемесімен жалпы танысқаннан кейін археологиялық ескерткіштердің орналасуының негізгі заңдылықтары белгілі болған. Кейін, келісім-шарттың қарастырылған тапсырмасы бойынша археологиялық барлау жұмыстары басталды. Екі далалық мерзімде археологиялық ескерткіштерді табиғи зерттеу бойынша шаралар жүргізілді. 02.05.05 ж. бастап, өз алдында нақты тапсырмасы бар шығармашылық топтың бөлімшелері, келесі ізденістерді жүргізді: - Мына бағыттар бойынша археологиялық ескерткіштерді зерттеу, бөлімшелер инвентаризациясы және GPS спутниктік жүйесі арқылы табиғи зерттеу жүргізді, объектінің жағдайлық жоспарын құрастырумен картаға жерді пайдалануды түсірді, СҚО археологиялық ескерткіштерін сурет, видеофиксацияға түсірді:
- 1 бағыт (Есіл өзені ағысы) - Жамбыл ауданы;
- 2 бағыт (Есіл өзені ағысы) - Шал ақын ауданы;
- 3 бағыт - Тимирязев ауданы;
- 4 бағыт - М. Жұмабаев ауданы;
- 5 бағыт (Чаглинка өзені ағысы) - Тайынша ауданы;
- 6 бағыт Ақжар ауданы;
- 7 бағыт Уәлиханов ауданы;
- 8 бағыт F. Мүсірепов ауданы;
Барлық зерттелген ескерткіштердің жазбасы ноутбукке, фотографиялары және орналасқан координаттары берілісімен түсіріледі. Ақжар ауданында, СҚО, барлау бағыты Ащысу, Мұқырөзен, Қарашат өзендер Қомбайсор көлі бойымен жүргізілді. Барлау жұмыстары кезінде алдында ашылған ескерткіштер зерттелді: Ленинградское 1-6 қорғаны, Қарашай 1-3, Қомбайсор 1-4 қорғаны, Талшық 1-8 қорғаны, Ащысу 1 тұрағы. Қулыкөл 1-8 қорғаны. Кейбір объектілер жоғалу қаупінде тұр, мысалы Талшық 1-дегі қорған каръерлері жұмыстармен жойылуда. Жұмыс кезінде 200-ден жоғары жаңа археология және тарих ескерткіштері ашылды: тұрақтар, қоныстар, қорғандар, қабірлер, қыстаулар. Ескерткіштер дәуірлермен белгіленеді: мезолит, неолит, қола дәуірі, ерте темір дәуірі және ортағасырлық. Әсіресе, көптеген обалар Ленинградское, Талшық, Қомбайсор көлінің жағалауында жинақталған. Ортақ саны 80 объектіге жақындаған. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында барлау бағыты Қыздыңқарасу. Саға өзендері бойы, Көксенгісор көлі жағалауында жүрді. Жұмыс барысында отыз тарих. археология ескерткіштері ашылып, зерттелді: тұрақтық қоныстар, қабірлер, обалар мен қыстаулар. Аудандар әкімшілік шекараларының өзгертілуіне байланысты Солтүстік Қазақстан облысы есебінде тұрған, бірнеше археологиялық ескерткіштер: «Саға 2-7 тұрағы», қазіргі уақытта Еңбекшілдер ауданында орналасқан, Ақжар және Уәлиханов аудандары күнтізбелік жұмыс жоспары бойынша 2005 жылдың қыркүйегінде зерттелді. Зерттеудің нәтижесі бойынша жаңа археологиялық ескерткіштер белгілі болып, ал ертеректе зерттелгендердің кейбірі қазіргі уақытта табылмай шықты. Есеп беру кезінде тарихи-мұрағаттық және библиографиялық ізденістегі археологиялық объектілер бойынша ғылыми-анықтамалық ақпараттардың нақтылаулар» мен түзетулері жасалды. Зерттелген ескерткіштерге болжамдық мінездемелер жасалды. Әр объектіге берілген ғылыми мінездемесінің ақпаратын электронды нұсқаға енгізу жұмысы басталды. Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен Солтүстік Қазақстан облысы археология және этнография мұражайына сұраныстар жіберілді.
1752 жылы Есіл өзені жағалауы бойында Әулие Петр мен Павелдың бекінісі салынды. Ол шекараның бойында қорғаныс шебі ретінде болып, жерді жоңғарлар мен ежелгі көшпенділер шабуылынан қорғады. Кейіннен Қазақстанның Ресейге қосылу келісіміне қол қойылғаннан кейін, бекініс қажет болмады. Ол тез арада аймақтың маңызды нарықтық орталығына айнала бастады. Орынбор жәрмеңкесін Петропавлға көшіргеннен кейін, бұл тұрғылықты жер қала статусын алып, онымен бірге қала құрылыс жоспары жасалды. XVIII ғ. шағында қаланың дөң асты және дөң алды бөлігін салу жоспары енгізілді. XIX ғ. соңғы ширегінде Петропавлдың қала жоспары кайта жаңартылып, бірнеше онжылдық шамасында іске асырылды. XX ғ. ортасында құрылыс жоспарына қаланы жаңартуға жаңа негізгі жоспар жасалды.
Соның арқасында, Петропавл үш жүз жылдықтың құрылыс принципін сақтап қалып отыр. Кеңейтіліп, жаңа аудандар алдыңғы көшелер мен қалалық коммуникацияларды жойған жоқ.
Архитектура ескерткіштері әр түрлі архитектуралық стильге жатады. Өйткені басқа уақытта және түрлі бағытта құрылды. Бірақта барлық ескерткіштерге кіші пайдалы аудан, мен құрылыс пен сақтау бөлмелері тән. Көптеген объектілер көз тартарлық суреттік декоративтік жасандыларға ие. Светлинскийдің көпестік усадьбасы, Зауытшы Зеньков көпесінің усадьбесі, лазарет /Абылай Үйі/, полициялық учаске, сауда үйі / қазіргі облыстық аурухана, Аркель, Стрелов, Дмитриев және т.б. үйлер өндірістік бағыттағы археологиялық ескерткіштер: Мұратов диірмені, 1904-1905 жж. Петропавлда салынған; Поляков диірмені; Зенков ескі тері зауыты цехы; локомотив депосы, су башнясы, сутартар, ескі Петропавлдың ескі вокзалы және т.б. Мәдени архитектуралық ескерткіштердің ішінде: Подгорный соборы, Всехсвятский храмы, Петропавлдағы крепостнойлық солдатский храмы, шіркеулер мен Халита Янгуразов мешіті күзетіледі.
Петропавлдың археологиялық ескерткіштерінің стилі бойынша қатаң берілісті сақтай алмаған, бірақ элементтері байқалады: Возрождения / стоматологиялық поликлиника, Юзефович үйі, қазақ драмалық театры, Янгуразов үй і; ампир / «Ударник» кинотеатры, облыстық мұражай, «Эдем» дүкені; эклектизм /еткомбинаты баскармасы, Казанцев үйі; неоклассицизм / реалды училище, ескі кеден; кубизм / теміржолшылар мәдениет үйі, бұрынғы партархив.
Қалалар мен ескі ірі ауылдарда екі қабатты құрылыстар бар. Көбінің бірінші қабаты тастан, ал екінші қабаты ағаштан жасалған. 19 ғ. аяғында бай усадьбалардың иелері оларды биік тас қоршаулармен қоршап, геометриялық фигуралармен, гүлдермен, құс суреттерімен безендірген.
Петропавл қаласының территориясында және облыс аудандарында жүзден аса археологиялық ескерткіштер сақталып, кейбір тұрғылықты пункттерде XVIII-XIX ғғ. археологиялық ескерткіштері мен фортификациялық құрылыстары бар. Алфавиттік, атаулы географиялық пен жүйелік көрсеткіштерді құрастыру үшін, мұрағаттық, библиографиялық және мұражайлық материалдармен үлкен жұмыс жүргізілді. Солтүстік Қазақстан облысы есебінде 82 археологиялық ескерткіштер бар.
Зерттеу Петропавл қаласының объектілерін инвентаризациялаудан басталды.
Петропавл қаласы бойынша құрылыстарды зерттеу жүргізілді. Жағдайлық жоспар жасалды /электронды нұсқа/, ғылыми құжат құрастырылды, әр түрлі тәулік уақытында және әр түрлі жыл мезгілінде фотофиксация жүргізілді.
Объектілердің ішкі жоспарлауының жоспары жасалды. Мүмкін болатын қол жеткізерлік ғылыми және мұрағаттық материалдар жинақталған.
Объектілерді салу және басқа да маңызды жағдайларды нақтылау үшін Солтүстік Қазақстан облысы мұрағаты мен техникалық инвентаризация бюросына сұраныс жіберілді.
Шығармашылық топтың бөлімшелері Тимирязев, Ақжар, Уәлиханов, Мүсірепов аудандарында археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Ескерткіштердің орналасқан жерін фиксацияланғаны бойынша, облыстын картосызбасын жасау жұмысы басталды /электронды нұсқа/.
Шығармашылық топтың төртінші бөлімшесі тарихи ескерткіштерді зерттеу бойынша белгіленген объектілерге инвентаризация жасады, ғылыми құжаттар дайындады, фотофиксация жүргізіліп, облыстың картосызбасы жасалды. Объектілердің жағдайы тексеріліп, адам іс-әрекеті шаруашылығында олардың қатысы тіркелді.
Тарихи деректерді нақтылау үшін Солтүстік Қазақстан облысы мұрағатына сұраныс жіберілді.
Петропавл қаласы, Тимирязев, Ақжар, Уәлиханов, М.Жұмабаев аудандарында библиографиялық іздеулер мен ғылыми-анықтамалық ақпаратты нақтылау жүргізілді.
Ескерткіштердің ескіруі мен олардың тарихи маңызының жоғалуына байланысты. кейбір объектілер жағдайы бойынша 01.07.05 ж. жергілікті маңызда тізім есебіне ауыстырылды.
Мәтіндік материалдарға тарихи-мәдени мұра ескерткіштердің жеке суреттері қосылған.