3-шілікті қорымының №1 обасын зерттеу қорытындылары

3-Шілікті қорымы Шілікті ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км, Жалшы ауылының шығысында 1,5 км жерде орналасқан. Қорым оңтүстіктен солтүстікке қарай шашырай созылып жатқан екі топтан тұрады. Біріншісінде 10, екіншісінде 16 оба бар.

№ 1 оба. Бұл осы қорымдар ішіндегі ең үлкені. Обалар тобының оңтүстік-шығыс жағында орналасқан. Обаның шығыстан батысқа қарай ені 77 м, оңтүстіктен-солтүстікке қарай - 71 м. Оба үстінде бұрын қазылып тоналған белгі жоқ, тек орта тұсында темір рудадан сырық орнатылған. Сонымен қатар обаның шығыс жақ бетінде, етегіне дейін созылатын болар-болмас ойыс байқалады.

Обаның ең үстіңгі қабаты топырақ араласқан қиыршық тастан тұрады. Обаның үстінде жатаған дала шөбі, жусан өскен. Обаның етек жағында айнала ойыстар бар. Ол әсіресе солтүстік және шығыс жақтарында анық көрінеді.

Обаны бірінші кезекте ортасынан ені 20 метрлік тілік салып қазу ұйғарылды. Бұла; қазу арқылы біз біріншіден, ескерткіштің орта шенінде орналасатын құрылыстарды, қабірді аша аламыз, екіншіден, тіліктің екі жағында қалатын биік қабырғалар арқылы оба құрылысының ішкі қабаттарын толық зерттей аламыз.

Қазба басталмас бұрын зерттелетін аудан 2x2 м көлемдегі шаршыларға бөлінді Шаршының солтүстік беті 1,2,3 нөмірлермен белгіленсе, батыс беті А,Б,В деген әріптермен белгіленеді. Қазба төмендеп, ағаш құрылыстарға жақындаған кезде, шаршы- шытыралардың ені 1x1 метрге тарылды. Ендігі жерде шаршы-шытыралардың сандық белгі жақтары 1Б,2А,2Б болып, ал әріптік жағы А1,А-2,Б1,Б-2 болып белгіленді.

Қазба топырағын сыру батыстан шығысқа қарай жүргізілді. Обаның үстінен алынған топырақ, оның шығыс жақ шекарасынан ары асырып үйілді. Обаның шаршы-шытыралық өлшемдерін жүргізетін батыс жақтағы қазықтар оба етегінде басында қазылған күйде қазбаның аяғына дейін сол орнында сақталған. Ал шаршы-шытыраның қазбаның солтүстік бөлігіндегі қазықтары қазба төмендеген сайын солтүстік қабырғаға координатын өзгертпей, біртіндеп төмендетіліп қағылып отырды. Сонымен қатар өлшемдердің басқа да өзгермейтін нүктелері (биіктіктің шартты нөлдік нүктесі, горизонтальдің өзгермейтін нүктелері) қазбаның топырақ жаппайтын батыс жағында орналастырылды. Сондықтан өлшемдер жүргізілетін бұл тұрақты нүктелер қазбаның қай кезінде де ашық болды.

Қазба 80 см тереңдікке дейін, обаның ең биік тура орта шенінде ені 1,5 метрлік жол қалдыра жүргізілді. Қазбаның ортаңғы жағының деңгейі екі жақтағы қалдырылған жақтаумен теңескенде, ортаңғы жалдың топырақ қабатының құрылымын зерттеп, содан соң алып тастадық. Өйткені жалдың биіктігі 0,95 м, ең беті ұсақ қиыршық тас аралас қара топырақ та, одан ары қиыршық тас аралас сары топырақ. Қазба әрі қарай 20 метрлік ендікте сыпыра жүргізілді, обаның енді қалған бөлігінің стратиграфиялық жіктерінің суретін екі жақтаудағы қалатын қабырға беретін еді.

5,25 м деңгейде қазбаның орта шенінде оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылыңқырап жаткан алмұрт формасындағы дақ кездесті. Оның ең ұзын ені 6,5 м, қысқа жері - 4 метрдей. Ол 15Б18БхД1Ж1 шаршы алаңында орналасқан. Осы дақ барған сайын тарыла отырып, қабір шұңқырының үстіне дейін жалғасты. Бұл қабаттарда әр жерде мал сүйегі ғана кездесті.

Обаның төбесінен бастап 1,88 м тереңдікке жеткен кезде, 31,32х16А16Б шаршы алаңында екі адамның жерленген мәйіті шықты. Бір адам қол аяғы жартылай бүгілген күйде оң жамбасына қырынан қойылған. Оның басы, кеуде сүйектері төменгі дене сүйектерінен 0,255 м тереңірек орналасқан. Бұл сүйектің аяқ жағында, оң жамбасына қатты бүктетіліп қойылған екінші бір адам сүйегі жатыр. Басы, дене бойымен оңтүстік-батысқа қаратылған. Оң қолын бүгіп көтеріп, саусақтарымен оң шықшытын ұстап жатыр, ойланып жатып ұйықтап кеткен адамға ұқсайды.

Бірінші адамның мойын тұсынан ақ тастан жасалған цилиндр тәріздес моншақ, ал сол қолының қарының астында, мойын сүйегінің бір жағы үшкір, екінші жағы доғалдау қола шаш түйрегіш шықты.

Төменгі нүктеден 3,7 м деңгейде ЕХ19А19Б шаршы алаңда тағы бір адамның сүйегі шықты. Адам ұзына бойымен шығыстан батысқа қарай шалқасынан жатыр. Басы, кеуде сүйегі жоқ. Қалған сүйектері анатомиялық қалыпта. Тегі бұл қойылған адамның бас сүйегі жағынан ұрылардың қазбасы өткен болса керек, бас жақ сүйектері содан бұзылған.

Жер бетінен 1,8 м деңгейде Д2ЕІХІ2А15А шаршы алаңында ББС бағытында ұзына бойымен жатқан бөрененің үстіңгі жағы ашылды. Бөрененің ұзына бойының солтүстікке қатысты азимуты - 21 см. Бөрененің бір басында сүйретпе жіп байлау үшін арналған ойық белдеу бар. Бөрененің сақталуы нашар, шіріп кеткен. Ары қарай тереңдей түскенде бұл бөрененің тура астында, тағы бір бөрене бар екені анықталды. Оның ұзындығы 8,3 м, сақталған диаметрі 17 см. Екі бөрененің арасында қалыңдығы 20-22 см ылай қабаты бар. Қазба алаңының ары қарай тереңдеуі барысында бұл бөрененің тура астынан, ұзына бойымен төселген тағы бір бөрене анықталды. Кейінірек қазба тағы да 25-30 сантиметрге төмендегенде тағы да бір - біріне ұзына бойымен жапсарланған екі бөрене шықты. Олардың да диаметрі 15-17 см, сақталған ұзыны 6 метрдей. Сонымен, обаның орта шенінен шыққан, ылайға отырғызылып жиналған бөренелерден жасалған 1 метрге жуық қабырға, қабірдің бетін жапқан ағаш құрылыстың бір маңызды бөлшегі екеніне көзіміз жетті.

Обаның шартты табанынан 0,9 м биіктікте бүл бөренелердің батыс жағында, ұзына бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай екі қатар болып жатқан, жуан сырғауылдар кездесті. Бұлар обаның басқа да шеткі аймақтарынан жалпы жобасы сегіз бұрыштанып шыққан ағаш сырғауылдармен қосылып оба асты қоршауын құрайтын ағаш құрылыстың батыс бөлігі екен.

Қазбаның орта бөлігінің оңтүстік жағында бір-біріне катар орналасқан үш бөрене ашылды. Олар ұзына бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай жатыр. Батыс жақтағы бөрененің ұзындығы 5,4 м, диаметрі 35-37 см. Ол ЖКх16 шаршы аланында орналасқан. Келесі бөрене ЖКх17 шаршы алаңында. Одан шығысқа қарай ұзыны 1,(5 м диаметрі 0,52 м. ағаш қалдығы. Бұдан шығысқа қарай 6,2 м жерде 5 кв.м. жерді алып жатқан тұтас ағаш (қабық?) шірінділері кездеседі.

Ағаш шірінділерінен солтүстік- шығысқа қарай 4,5 м жерде ұзындығы 0,7 ден 1,6 метрге дейінгі төрт ұзын сырғауыл шіріндісі шықты. Олар Ех24 шаршы алаңында орналасқан. Алып жатқан ауданы 2,3 кв. м.

Шартты төменгі нүктеден 1,2 м. биіктікте, қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінде. Г2х20А шаршы алаңында керамика сынықтары шықты. Мөлшермен осы деңгейде Г1х21Б. Г2х22А шаршы алаңдарында бір жерде үйіліп жатқан мал сүйектері кездесті.

Қазбаның бүкіл аумағын тегістеу барысында, объектінің орта шенінен шығысқа қарай созылған қиыршық-құмдас екі жолақ дақ анықталды. Солтүстік жақтағы дақтың ұзыны 13,9 м, ені әр жерінде 1,45-2,05 м. Оңтүстік жағындағы дақтың ұзындығы 15,4 м, ені 1,3-1,5 м. Ары қарай зерттеу барысында көзіміз жеткендей, бүл қиыршық тас-құмдақтар дромостың екі жақ жақтау қабырғасы екен. Дромостың ішін төмендетіп қазу барысында шыққан материктік тас, қиыршық-құмдақ дромостың екі жақ жанына шығарылып тасталып отырған. Сол арқылы дромостың ішінің биіктігі 30-40 сантиметрге өсірілген.

Дромостың оңтүстік қабырғасының батыс жақ бөлігінде 15 сырғауылдың қалдығы анықталды. Тоғыз сырғауыл ұзына бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған. қалған алтауы шығыстан батысқа созылып жатыр. Оңтүстік-батыстағы төрт шеткі сырғауыл мүлде шіріп кеткен.

Бүл сырғауылдар дромостың төбесін жапқан ағаштар. Дромостың биіктетілген екі жақ жақтауының үстінде жатқан ағаштар біршама жақсы сақталған. Ал жер асты дәлізінің екі жақтауының ортасында жатқан ағаштар заманында иіліп, сынып ортасына түскен де содан мүлде шіріп кеткен. Олардың тек қоқыр болып келген іздері ғана жатыр.

Қазба барысында батыс, орталық бөлігіндегі жер беті топырағы түгел алынып. материкке дейін тазаланды. Нәтижесінде қазбаның бүл аумақтарындағы қабір үсті, ағаш құрылыстары толығымен ашылды. Бүл аумақтағы ағаштардың жердің бетіне тайға таңба басқандай болып іздері ғана қалған. Кейбір жерлерде ғана қатты шіріп кеткен ағаш қалдықтары кездеседі.

Қазбаның батыс және орталық бөліктері ондағы ағаштардың орналасқан жерлерін белгілеу мақсатында бес мөлтек аумаққа бөлінді. № 1 микроауданды батыс жақтағы қоршаудың ағаштары кұрады. Қазбаның орталық бөлігінде, батыстағы қоршау ағаштарынан 3,5 м. Шығысқа қарай 21 ағаштың жерге батқан ізі сақталған. Олар ұзына бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай жатыр. 15 сырғауылдың ізі толығымен ашылды, ал алтауының солтүстік бөлігі жаппай ағаш шірінділерінен тұратын ылыңқайдың астына қарай кеткен. Ағаштардың ұзындығы 3 метрден 6,8 метрге дейін. Үшінші мөлтек ауданды түрі бозғыл-сүр қабықтардың шіріндісіне ұқсайтын екі алаңқай құрайды. Оның бірі тұтасымен 32 кв. М аумақты алып, ұзына төртбұрыш бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай созылып жатыр. Алып жатқан шаршы алаңы 13АЖ1 - 13А32х16АЖ1-16Б32. Бұл шіріндінің оңтүстік жағының шығыс бөлігіне тағы бір тұтас ағаш шірінді алаңқайы келіп қосылады. Ол да ұзынша төртбұрышты формада, аумағы 12,8 кв.м, 15БК2-15Б32х16БК2-16Б32 шаршы алаңдарында орналасқан.

Бұл ағаш қалдықтарының оңтүстік жағында сегіз ұзын, он жеті орташа және қысқа сырғауылдардың жерге бадырайып тұрып батқан іздері анықталды. Ұзын сырғауылдар 3,5 метрден 6,5 метрге, ал орташа және қысқалары 2,5 нан 0,5 метрге дейін.

Тұтасынан үлкен шаршы ағаш қалдықтарының солтүстік дағында тағы да 12 сырғауылдың ізі анықталды. Олардың ең ұзындары 3,7, орташалары-2, қысқалары о,9 м. Сырғауылдар ұзына бойымен шығыстан батысқа қарап жатыр. Бұл сырғауылдардың астында тағы бір қабат ағаштар кетеді. Сырғауы олардың орналасу деңгейі 1 (05, ал оның астындағы әбден шірінді болып кеткен ағаштардың деңгейі 1,15-1,3 м. Ағаштар екі қабат, арасына ылай салынған. Бұл ағаштардың оңтүстігіне қарай екі көлденең жатқан сырғауыл кездеседі. Бір қарағанда бұл көлденең жатқан екі ағаш бұл жерге арнайы қойылмаған. құрылыс кезінде әншейін қалып қойғанға ұқсайды. Бірақ дәл осылай жатқан ағаштар тәртібі қазбаның солтүстік-батыс бөлігінде де кездескен. Жақсылап зерттеп қараса, бұл ағаштар астыңғы ағаштармен бірігіп, дромостың әр жаққа қарай, күннің шапағы сияқты шашырап кететін композицияны құрайтын сияқты.

Қазбаның әрі қарайғы тазалау жұмыстары солтүстік бөлікте жүрді. Бұл алаңда орналасуына. қарай шартты түрде үш торта бөлуге болатын ағаш іздері ашылды. Бірінші тобы оңтүстіктен солтүстікке қарай бағытталған 11 сырғауыл құрайды. Жер бетінде бадырайып жатқан іздері бойынша олардың диаметрі 15-25 см. араларында тек бір ғана жуандау бөрене бар, оның ізінің диаметрі 33 сантиметр. Екінші топты шығыстан батысқа қарай жатқан 28 сырғауыл құрайды. Олардың ең ұзындары 6 м. Бұл алаңқайдағы үшінші топ ағаш- ол ағаш қоршаудың солтүстік - шығыс бөлігінің сырғауылдары. Олар екі катар. Әртүрлі жуандықтағы ағаштан салынған. Жіңішкелерінің диаметрі 0,11-0,12, орташалары - 0,18, жуандары 0,3 м. Ағаш қоршаудың осы бөлігі ары қарай оңтүстікке қарай жалғасып, дромостың кіре беріс есігінің жанына келіп тіреледі.

Қазба барысында обаның орта тұсында қабір шұңқырының дақтары анықталды. Осы аумақтың беткі топырағын аршу барысында қабір дағының шығыс жағынан бастап шығысқа қарай қатарынан қойылған жуан сырғауылдар қалдығы кездесті. Сырғауылдар ұзына бойымен оңтүстіктен солтүстікке қаратылып, қатар-қатар қойылған. Ұзындықтары 4-5 метр. Осы сырғауылдар қатары шығысқа қарай 15 метрге жалғасады. Бұлар қабірге баратын жер асты дәлізі - дромостың төбесін жапқан сырғауылдар. Сырғауылдардың орта тұсы дәліздің ішіне иіліп түскен. Дәліз шұңқырындағы ағаш бөліктері қатты шіріп кеткен. Өйткені шұңқыр іші дәліздің көтеріңкі екі жақтауына қарағанда өте дымқыл, бұл жерде жатқан сырғауыл бөліктері сондықтан қатты шіріп кеткен. Жалпы обаның негізгі тіні кей жерінде саз балшықпен бекіте түскен сыз шымнан салынған. Обаның ауыр салмағымен басылған сыз шымның ылғалы түбіне қарай шөгіп, жер бетіндегі ағаш құрылыс содан қатты дымданған болуы керек. Ал дым болған жағдайда ағаш тез шіріген.

Жер асты дәлізі үшін қазылған ордың аумағына, оның төбесіне жапқан ағаштардың тізбегінің қатарына қарағанда дромостың ұзыны 15,5 м, ені 18 м. болған. Ол қабір шұңқырдың шығыс жақ шегінен басталып, шығысқа қарай бағытталған. Дромостың бағытында тура шығыстан 10-15* оңтүстікке ауытқу бар.

Дромос қабірдің шығыс жағынан салынған жер асты дәлізі. Еденінің деңгейі, ішінің көлемі, төбесінің жабылу ерекшелігіне қарай дромос бірнеше бөліктен тұрғанын анықтадық.

Дромосқа кіре беріс бөлігі. Мұның ұзыны 3м, ені дромостың негізгі дәлізінен кеңдеу (2,2 м.) және О,3м биіктеу орналасқан. Кіреберістен дромостың негізгі дәлізіне өтер тұс төмендеп барып қосылады. Оның ұзындығы 1,75 м. Дромостың негізгі дәлізінің ұзындығы 7,8 м, ені 1 - ,25 м. Дромостың қабірге жақындаған аузындағы 3 метрдей бөлігінің едені тағы 30 сантиметрге төмендейді, аздап кеңиді. Бүл қабырғаның аузындағы тағы бір арнаулы бөлік болса керек. Осы тамбурға өте беріс жерде, дромостың екі босағасында кішігірім қазандай екі тас қойылған.

Дромос жуандығы 12-18 см сырғауыл заттарымен көлденеңінен жабылған. Сырғауылдың ұзындығы 5 метрден кем болмаған, ал ең ұзыны 8 метрге дейін жеткен. Дромостың жердің бетіндегі екі жақтау қабырғасының әрқайсысының үстіне ұзынынан 3-5 сырғауылдан тастаған. Дәліздің төбесін жапқан көлденең сырғауылдар солардың үстіне жатқан. Астындағы төсеніш сырғауылдар біртегіс болғандықтан, жаппа ағаштар да біртегіс жатқан. Дромостың кіре беріс бөлігі, оның басқа жақтарынан биік болған, оның төбесі екі қабат сырғауылмен жабылған. Дромостан қабір шұңқырға өте берісте 2-3 қабат ағаштан жабылған сияқты. Жер асты дәлізінен ештеңе табылған жоқ.

Қабір төртбұрышты шұңқыр. 14А16БхД2Ж1 шаршы алаңында орналасқан. Қабырғалары дүние тараптарына тура бағытталған. Оның батыстан шығысқа қараған ені 4.1 м, оңтүстіктен солтүстікке қараған ені 3,7 м. Жердің бетінен тереңдігі 1,35 м. Қабір шұңқырының солтүстік-батыс және солтүстік жағынан екі кішкене қосымша қабірлер кетеді. Солтүстік батыс бұрыштағы қосымша қабір апендикс сияқты. ұзыны 2,5 м, кіре беріс ені 1,63 м, орта шенінің кеңдігі 1,37 м, ең түп жағы сүйірленіп бітеді. Тереңдігі 0,55 м. Ол 13Б14БхГ2Д1 шаршы алаңында орналасқан. Осы қосымша қабірдің аузынан иттің басы шықты. Солтүстік шығыс-қосымша үйшіктің ұзыны 3,27 м, ені 1,4-1,5 м, тереңдігі 0,9 м . Оның ауыз жағында бір жағы үшкір, екінші жағы ашылмайтын құлан басы. Екі айырылып біткен бұғы мүйізі шықты.

Қабір шұңқырды тазалау барысында оның шығыс бөлігінде көлденеңінен жаткан сынтас табылды. Тас ұзына бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа бағытталған (азимуты 340*). Тас сүр гранит. Жатқан орны Е2ЖІХІ6А16Б шаршы алаңы. Сынтастың жалпы ұзындығы 1,52 м. Бір қырынан қарағанда ұлы денесі мен басы бөлектеніп түр Басының ұзындығы 44 ені17 см. Ұлы денесінің ұзыны 46 да, ал ені 22 сантиметр. Аяқ жағының ені 16-18, ал ұзыны 63.

Негізгі қабірден не адам сүйегі, не басқадай зат кездеспеді.

Обаның ортасынан салынған 20 метрлік тіліктің бүкіл аумағын зерттегеннен кейін. қазбаның екінші кезеңі басталады. Ендігі мақсат зерттелген аумақтың оңтүстік жағында қалған төбешіктің жарты шеңбер бөлігін зерттеу еді. Ол үшін обашықтың солтүстік қабырғасынан оңтүстікке қарай ені 4,2 м қазба салынды. Ендігі жерде оба үсті қазбасын те- қолмен жүргізуге тура келді. Өйткені жарқабақтың үстіне техника шығаруға болмайтын болды. Трактор обадан шығарылған бос топырақты объектіден аулаққа сыруға ғана пайдаланылды.

Үстіңгі жер қабатын, 30 сантиметр қалыңдықты алғаннан кейін, жарты шеңбер обашықтың орта тұсынан шым құрылыстың төбесі көріне бастады. Одан әрі тағы 1 метр алғанда шым құрылыстың аумағы кеңейе түсті. Шым құрылыстың төбесінен қарағанда жоспары трапецияға ұқсайды. Трапецияның кең жағы солтүстігінде де, ал тар жағы оңтүстікке қарап жатыр. Ұзын жағы 1-4,6 қысқасы 5,2 м. Қазбаны ары қарай бір метрге тереңдеткенде трапеция формасы сақталып, бірақ кеңи түсті. Енді оның ұзын (солтүстік) жағы 18,9, ал қысқа (оңтүстік) жағы 6,8 м болды. Ал трапецияның екі жақ бүйірі 7,4 және метрге тең.

Қазбаның 2,6 тереңдігінде, Л1Л2х20Д20Б шаршы алаңдарында бір адамның сүйегі шықты. Мәйіт ұзына бойымен, аздап оң қырынан шығыстан батысқа бағытталып жатыр. Оң жамбас сүйегінің үстінде темір тілік бар. Осындай темір тілікшелер адамның оң қолының кары жілігінің тұсында да кездесті. Сол қолының саусақтары тұсында темір пышақ жатыр, ұзындығы 13 см, ені 2 см. Пышақтың бір жақ бөлігінде үш дәнекер қалдығы бар. Бұл пышақтың ағаш сабын бекіткен дәнекер болса керек. Пышақтың астында бір жағы үшкір тағы бір темір бар, оның ұзындығы 11 см, ең жуан жері 7 мм.

Төбесінен алғанда 3 метр тереңдікте шым қабаты әлі сол трапециялық сұлбасын сақтады, бірақ тағы да кеңиді. Енді кең жағы 26 метр, тар жаты 8,3 метр болды.

Әрі қарай тағы 1 метрден көбірек төмендегенде материк қабатқа жеттік. ҚРЗ6РНЫҢ сатыс және шығыс бөліктерінен қоршау ағаштар шықты. Қоршаудың батыс бөлігі екі қатар ұзына бойымен оңтүстік-шығысқа бағытталған ағаштардан тұрды. Олардың жалпы ұзындығы 3,7 м. Шығыс жақтағы қоршау ағаштың біреуі ғана сақталған. Оның ұзындығы 2,6 ч Ол ұзына бойымен оңтүстік-батысқа бағытталып жатыр.

Табылған заттар сипаттамасы. Шаш қыстырғыш-тарақ (сурет). Ірі қарамалдың қуыс сүйегінен жасалған. Жақсы сақталған. Бет жағы ақшыл-сары, арт жағы-қоңыр. Жалпы ұзыны - 5, ең жалпақ жерінің ені 3,5 см, жүздерінің ұзындығы 4,4 см, жуандығы- 4,5-5 мм. Ұстайтын жағында жіпке арналған тесік бар, оның кеңдігі 5мм. Тарақтың тіні сау, 6 жүзі солған, оның екеуі ғана сақталып қалған, біреуі жартысынан , үшеуі түбінен сынған, Тістер тарақтың тініне қарай өрнек күйінде жалғасып кетеді. Сынған тістер де осы өрнектің жалғасы ретінде анық көрініп тұр. Тарақ қыстырғыш бір жыртқыш аңның басын бейнелейді. Зерттеп қараса оның алдыға ұмсынған тұмсығы, томпайған маңдайы, көзі жақсы жүзінің өрнек бөлігі мен таяқша талшықтары, артқа қарай қайырылып тұрған жыртқыштың жалы сияқты. Сақ дәуірінің осыған ұқсас тарағы Жетісуда Шелек өзені бойында табылған (1). Солтүстік Кавказ скифтерінің ескерткіштерінен б.з.д. V ғасырға жататын сүйек тарақ шыққан (2). Минусин даласының Черновая - 1 Гришкин лог, Подгорное озеро қорымдарынан, екі жағында да жүзі бар тарақтар белгілі (З).Тарақтар Пазырық обаларынан (4), Оңтүстік Сібірдің тағар ескерткіштерінен де табылған.(5).

Ақ минерал тастан жасалған цилиндр тәріздес моншақ. Диаметрі 1,1 см, ұзыны 11 см. Тесігі 2мм. Сырты жағы жылтыратып ысылған (сурет).

Қола шаш қыстырғыш. Ұзындығы 7,6 см, төрт қырлы. Бір жағы үшкір, екінші жағы доғал. Кішкене иіліп келген. Ең жуан тұсы 5 мм, жіңішке жері - 2мм (сурет).

Ұсақ керамика сынықтары. Бәрі де ыдыстың бүйірінің сынықтары. Ішкі жағының түсі қызыл-қоңыр, сырты қара-сұр. Ыдыс еспелерден қолмен жабыстырылып жасалғаны көрініп тұр. Құрамы - әк, шамот, ұсақ құм аралас саз балшық.

Бұғы мүйізінен жасалған зат. Балғаға ұқсайды. Балғаның ұратын түбінде ұшқан сынықтар бар. Сабы әбден ысылып жылтыраған. Жалпы ұзындығы 51,5 см, сабының ұзыны 38 см, балғаның басының ұзыны 20, ені 6-7 см. Кейін мүмкін қазық ретінде де пайдаланған болуы керек.

Бұғы мүйізінен жасалған екінші заттың ұзындығы 41,5 см. Тінінің ұзындығы 11,5 см, ені 7,5 см. Заттың басы жалпақтау, аяғы үшкірейіп, бұратылып келген. Өңделгендігі көрініп тұр.

Жалпы обаның қазбасы әлі біткен жоқ. Бұл обаны біз толығымен бір орыннан екінші орынға көшіріп қазып жатырмыз. ҚРЗРҚСТРН археологиясында мұндай үлкен обаны бір жерден, екінші жерге аударып зерттеу тәжірибесі бірінші рет іске асып отыр.

Зерттеудің бүгінгі кезеңіндегі бар материал бойынша мынаны айтуға болады. Обаның негізгі тіні ылай аралас шымнан тұрғызылған. Қазіргі болжауымыз бойынша, оның формасы қиық конус, пирамида пошымдас болған. Соның үстінен қиыршық тасты топырақ үйген. Қиыршық ұсақ тасты материктік топырақ арқылы обаның формасы дөңгеленген. Оның сыртынан кішігірім кеседей өзеннің малта тастарынан жамылғы жасаған. Заманнан-заман бұл тастар обаның етек жағына сырғып кеткен.

Қабір щұңқырдың төбесі екі шатырланып жабылған. Дромостың төбесін қатар-қатар сырғауылдармен жапқан. Осы жамылғы сырғауылдар оның үстіндегі мыңдаған тонна топырақты әрине көтере алмас еді. Обаның шымнан салынған тіні қаланып жасалған, өзін-өзі ұстайтын конструкция болған. Ол қабір шұңқырының төбесіндегі сырғауылдарға да, дромос төбесіне де біраз замандарға дейін салмақ түсірмеген.

Сонымен, З-Шілікті қорымындағы №1 оба өзінің құрылысы жағынан С.С. Черников қазған 1-Шіліктінің №7 обасына ұқсайды (6). Қабір үсті ағаш конструкциялары, обаның құрылымы жағынан бұл ескерткішке орал-ертіс орманды далалары обаларының (7), Дон. Орал маңы, Орта Есіл скиф-сармат ескерткіштерінің (8) кейбір белгілері жақын келеді.

Негізгі қабірде адам сүйегі мүлде жоқ, тіпті жекелеген сүйек қалдықтары да кездеспеді. Соған қарағанда, тонаушылар адамның сүйегін сыртқа шығарып кеткен сияқты. Тонаушылардан қалған шаш қыстырғыш-тарақ. сынған керамика қалдықтары ғана болуы керек.

Жоғарғы қабатта кездескен кейінірек қойылған екі адам жерлеу рәсіміне, жанына қойылған заттарға қарағанда, сол сақ заманы адамдары. Бүгіп, оң жамбасына жерлеуіне қарағанда бұлар да сақтардың ертерек кезіне жатады.