Солтүстік Қазақстан облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағын баспаға даярлау

05.04.2022 10:30

«Солтүстік Қазақстан облысының мәдениетін және ескерткіштер тарихын дайындау, жарыққа шығару» атты тақырыпта күнтізбелік жоспардағы жүргізілетін жұмыстар бойынша Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің шығармашылық тобымен келесі жұмыстар атқарылады:

1. Шығармашылық топ өз алдына қойылған нақты мақсаттарға байланысты 1.08.04 ж. бастап келесі жұмыстарды атқарды:

Солтүстік Қазақстан облысын белгіленген бағыт бойынша археология ескерткіштерін зерттеу орталығы археологиялық ескерткіштерді GPS, әр ескерткіштің сыз- ба жоспарын жасап оны картаға, фото және бейнетаспаға түсірді:

1-бағыт Қызылжар ауданы (Есіл өзенінің жағалауы). 22 объект белгіленді.

2-бағыт Шалақын ауданы және Есіл ауданы (Есіл өзенінің, жағалауы). 24 ескерткіш тіркелді.

3-бағыт Шалақын ауданы, Аққайың ауданы. 51 ескерткіш тіркелді.

4-бағыт Қызылжар ауданы, Мамлют ауданы (Есіл өзенінің жағалауы). 50 объект зерттелді.

5-бағыт Айыртау және Тайынша аудандары (Есіл, Иман-Бұрылық, Шағалалы өзендерінің жағалауы). 155 ескерткіш тіркелді.

6-бағыт 10 объект зерттелді (Петропавловск қаласының маңайы, Есіл өзенінің жағалауы).

Зерттеу барысында ертеден белгілі 31 ескерткіш жойылып кеткен. Табиғи апаттардың (опырылымдар, селдер), шаруашылық жұмыстар салдарынан немесе жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарына байланысты олар жойылып кетті.

170 археологиялық ескерткішке ғылыми сөздік жасап, информацияны реттеу, библиографиялық және тарихи-архивтік зерттеулер жұмыстың екінші кезінде атқарылды. Зерттелген ескерткіштерге алдын ала 170 суреттемелер жасалды. Әр ескерткішке графикалық фиксация жасалып ақпаратты электрондық әдіске көшіру жұмысы басталды.

Солтүстік Қазақстан археология және этнография облыстық мұражайы мен Солтүстік Қазақстан тарих-өлкетану мұражайларының мұрағаттарына ұсыныстар жіберілді.

2. Солтүстік Қазақстан облысының архитектуралық ескерткіштерін зерттеу Петропавловск қаласынын ескерткіштерін тізімге алудан басталды. Бұл ханадан жиылған және бұрыннан бар ескерткіштердің үлгісін, сәтті жүйелеуін, жұмыс әдістемесін таңдап алу үшін, жасалынды.

Петропавловск картасы бойынша 18 ғимаратқа зерттеу жүргізілді. Әр ғимараттың ерекшелігін көрсету үшін ескерткіштерді жылдың әр мезгілінде (жаз, күз) және тәуліктің әр уақытында фото суретке түсірдік, сонымен қоса ғылыми куәліктері мен ситуациялық жоспарлары жасалынды (электрондық нұсқа).

Ескерткіштердің ішкі орналасуының жоспары жасалып шығарылды. Қазіргі таңда қол жетерлік мұрағат және ғылыми құжаттар жиналды. Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына қажетті мәліметтерге сұраныс жіберілді. Жамбыл, Есіл, Айыртау және Ғ. Мүсірепов аудандарындағы сәулет өнерінің ескерткіштеріне шығармашылық топ зерттеу жүргізді.

Облыс ескерткіштерінің орналасуының картасхемасын жасау жұмыстары басталды (электрондық нұсқа).

3. Төртінші шығармашылық топ мүшелері облыстың картасхемасын жерді пайдалану жоспарына енгізіп, фотосуретке түсіріп, ашылған ескерткіштердің ғылыми паспортын жасады. Ескерткіштердің сақталу деңгейі және олардың адам шаруашылығындағы орны зерттелді.

Тарихи мағлұматтарды анықтау барысында Солтүстік Қазақстан облыстық мұрағатына сауал жіберілді.

М.Жауымбаев. Тайыншын, Мамлют, Қызылжар, Жамбыл аудандары мен Петропавловск қаласында библиографиялық ізденістер мен ғылыми-анықтама даярлау жұмыстары жүргізілді (барлығы 52 ескерткіш).