Қошқорған мен Шоқтас палеолиттік ескерткіштерінде жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша біраз

«Мәдени мұра» бағдарламасы негізінде тас ғасырының ескерткіштерін зерттеу экспедициясы өзінің зерттеу жұмыстарын Оңтүстік Қазақстандағы травертиндік Шоқтас және Қошқорған ескерткіштерінде жалғастырды.

А.П. Деревянко басқарған РҒА СБ-нің тарих, археология және этнография институтымен бірігіп атқарған бұдан алдыңғы жылғы жүргізілген зерттеу жұмыстары бүгінгі таңда қандай қорытынды - түйін жасауға мүмкіндік береді. Көп жағдайда «фонтаналдық» ескерткіштердің материалдарын ескеріп палеонтологиялық заттармен бірігіп жатқан Қошқорған фауналық комплексі нағыз көрнекі тас артефактілері жүйелі түрде ағып тұрған бұлақты жерлерде табылады (1-2 фото). Тек ескертпе, индустрия заттары жеткілікті толық көрсетілгендіктен, ерте палеолиттің қошқоған - шоқтас микроиндустриялық комплексі деп бөліп қарастыруға болады. Бөліп көрсетуге негіз болған Қошқорған I (5144 дана) мен Шоқтас I (3743 дана) коллекциялары. Бұл жерден тек 1 стратиграфиялық бөліктің коллекциялары қарастырылмаған, өйткені осы бөлік кейінгі палеолиттік түрдегі артефактілерден тұрады. Сөзсіз, осы ескерткіштерден жиналған коллекциялар индустриялардың техникалық-типологиялық пішінінімен алғашқы өңдеу-шағудағы субстратты сұрыптау және әртүрлі жүйеде кейінгі (екінші) өнделген қарулар тобының жиынтығымен мінезделеді. Осындай коллекциялар кешендер мен тұрақ-ұстаханаларға тән көрсеткіш.

Қошқорған I ескерткішінің тас индустриясында тасты өндеу-шағу индустриясының мынадай негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

  1. Леваллуа өңдеу техникасы үлгісінің, қарапайым, радиалдық, ортогоналдық, призмаға ұқсас тәрізді өңдеу техникаларымен бірге, және ұқсастықта болуы.
  2. Коллекция жиынтығында леваллуалық өзектастардың көп болуы, леваллуалық жаң- қалардың аз кездесуі және сонымен қатар ұру аландары фасеткіленген жаңқалардың коп болуы.
  3. Қошқорған I - дің қарулар тобының негізін әртүрлі үлкен қырғыштар, кіші қырғыштар, ойықты — тісті қарулар, жүздері бар жаңқалар мен бөліншектер құрайды.
  4. Осы тұрақтың тас бұйымдары микроиндустрияға жатады.

Шамамен Қошқорған I ұзақ уақыт өмір сүрген ұстахана - кешен болуы ықтимал, оған негіз болатын қарулардың жоғарғы үлес салмағы.

Қошқорған I (504 дана) және Шоқтас I (549 дана)-дің қарулар жиынтығын салыстырғанда оларда көп ұқсас бары анықталды. Екі ескерткіштегі қарулардың негізгі бөлігін үлкен қырғыштар құрайды. Қарулардың коллекцияларында аз кездесетіні ойықты және ойықты—жүзді бұйымдар. Келесі қарулардың бір бөлігін алатын осы екі ескерткіште — кіші қырғыштар үлесіне тиеді. Өте көп емес, тұрақты сериялардан тұратындарға: тескіштер, әртүрлі қолданбалы қарулар, ерекше бұйым- дар және екі жағы өңделген қарулар тобы жатады. Жоғарыда атап өтілген қарулардың түрлері қошқорған-шоқтас индустриясының пішінін анықтайды.

Мәдени-тарихи мағынасына қарап, Қошқорған - Шоқтас тас индустриялық комплекстерінің «ерекшеліктеріне» көңіл аударайық. Бұлардың Тәңірқазған, Бөріқазған, Қызыл- тау, Қайназар сияқты индустриялық комплекстерінен өте қатты айырмасы бар. Тек ғана Көлбұлақ индустриясымен ұқсас болып табылады.

Қошқорған I мен Шоқтас І-дің коллекциялары тек ғана Орта Азия емес сонымен қатар Еуразия континентіндегі ерте палеолит кезеңі бойында өзіндік бір даму индустриясы жолының техникалық—типологиялық даралығы жөнінде күмән келтірмейтін мәлімет береді.

Орталық Азияға тән техникалық дәстүрлерге сәйкес келетін ерте палеолит ескерткіштерінің индустриалды комплекстері (Италиядағы) Изерния ля пинета табылу орнында анықталған, бүл жерде көне микроиндустриалды комплекстер табылған. Ескерткіштің жасы 700 мың жылдан асады.

Травертин қабатында жатқан артефактілері бар ескерткіштер шеңберіне (Германиядағы) Бильсингслебен тұрағы және (Венгриядағы) Вертешселеш жатады. Бильсингслебен коллекциясының заттарының жасы 228. 179-301 және 335-350 мың жылдықтар Вертешселеш тұрағы, ондағы ен ерте кезеңге жататын заттар бойынша жасы 350-600 мың жылдықтар аралығын алып жатыр.

Шығыста Қошкорған индустриясының ұқсастығын Нихэвань ескерткіштерінен табу- ға болады, Дунгуто мен Сяоганляннанда және Қытайдағы Чжоукоудянда болуы мүмкін. Алдыңғы 2 ескерткіш жобамен 700-800 мың жылдар. Чжаукоудян (1 табылу орны) 220-дан 450 мыңжылды береді. Аталған ескерткіштердің бәріне микроиндустрия тән. Спецификалық қабылдауға негізделген алғашқы сындырып алынып жонатын құрал даярлауда кең мөлшерде пайдаланды.

Хансю аралында, Тохоку университетінің археолог-профессорлары Серидзава, Кадзивада басшылығымен соңғы уақытта бірнеше ескерткіштер ашылды. Солардың ішінде ең белгілілері Бабадан А.Дзадзараги, Накамину, Такамори, Фуриясика, Садэхара. Бұл ескерткіштердің жасы ТL, Е SR, V, ҒТ әдістерімен анықтағанда ерте палеолитке жатты. Солай Такамори тұрағының «А» шурфынан ТL әдісімен 380-520 мың жыл, ал «В» шурфынан сол тұрақтың жасы ЕSР әдісімен 430-610 мың жыл деп анықталды. Ескерткіштердің индустриалды комплекстері микроиндустрия болып анықталған да, Қытайдағы Нихэвань комплекстерімен әділ салыстырылады. Оның үстіне комплекстердің ерекшелігі сол, олар 400 мың жылдай тіршілік еткен.

Барлық айтқанымызға қарай алғашқы жоспар бойынша мынадай түйін жасауға болады, Еуразиядан Тынық, Атлант мұхиттарына дейін батыста 700-800 мың жылдан (Сяочанлян, Дунгуто) 150-100 мың жылға дейін (Бабадан тұрағының қабаты, Лахути жері, Қаратау, Құлбүлақ мустьесі) өте жақcы айқындалған ашель мен мустьені де қамтыған микроиндустрия өмір сүрген. Сөзсіз, бұл қорытындылар аймақтық ерекшеліктердің көріністеріне байланысты толықтырулар мен түзетулерді қажет етеді, ерте палеолиттің өркениеттік оның құрылымы мен тас құралдарының динамикасынан көрініс табады; археологиялық материалдар белгілі бір антропологиялық түрлермен байланыс табады және т.б. Бірақ, бұл мәселелер алып Еуразия материгіндегі бірегей ерте палеолит мәдениеттерінің ірі ареалдарын бөліп қарастыруда тек көмекші мінез танытады.