Бөріжар қорымындағы зерттеулер

Орта Азия археологиялық тарихнамасында көп зерттелген, көлемі жөнінен де өте үлкені Бөріжар қорымдары. Остроумов Н.П инициативасы бойынша Ресей патшасы Түркістан өңіріне археологиялық комиссия 1893 ж. ең алғаш рет казба жұмысын жүргізгендігі жайлы бүгінде баршаға мәлім. Күні бүгінге дейін бүл қорымдарда әртүрлі экспедициялар легі қазба жұмыстарын жалғастырып келеді (ККАЭ, САЭ, ЮККАЭ, Шымкент өлкетану мұражайы).

Бөріжар қорымдары өзінің қорғандарының саны мен орналасуы жөнінен өте кең ауқымды алып жатыр (8 км дейін).

Бір айта кетерлігі «бүл қорғандар жүйесі ғасырлар бойы әр кезеңдерде пайда болып, жалпы молалар жүйесін құрайды». Өткен жылдардағы қазба жұмыстарында мұнда тек қорған астындағы катокомбалар ғана аршылып алыңды.

Бейіттер беткейдің үстіңгі бөлігін ең жоғарғы шыңына дейінгі ауқымды жерді алып жатыр. Мүрделер жардың етек тұсында орналасқан. Мүрделердің беті етектегі Жуантөбе қалашығына қаратылған. Жардың бүл бетіндегі қорымдар жоғарғы және төмен болып (өзен ағысы бойынша) екіге бөлінеді. Аралары 500— 600 м, жалпы аумағы 1 км созылып жатыр. Бұл Жуантөбе қалашығының қорымдары болып есептелетін Бөріжар мүрделерінің бір бөлігі. Катакомбалық бейіттер биігірек орналасқан және алып жатқан көлемі де үлкен (Бөріжар қорымдары) тиісінше уақыты да ерте тарихи дәуірді қамтиды (б.д.д I ғ.).

«Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша зерттеу жұмыстарына Арыс өзенің сол жағалауындағы ауқымы 500-600 м болатын еңістегі Жуантөбе қорымдары таңдалды. Еңіс арақашықтығы 120 км   8 м деңгей аралығымен шығыстан батысқа қарай бағыт алып жатыр. Аумақ солтүстік және солт-батыстан онтүстікке қарай кішкене сайлар арқылы шектелген. Аумақтың жалпы көлемі үшбұрыш болып келетін 2 га құрайды (130x150 м). Осы аумақта биіктіктері әртүрлі болатын қорған сықылды 61 төбе орналасқан. Олардың ішінен дм 20 м болатын 15 төбе ерекшеленеді. Баска ұсак төбелер осы үлкен төбелердің араларында орналасқан (1 сурет).

2004 ж. маусымда бүл жерде 8 жерасты (оның ішінде № 1,6 екі камералы болып келеді (2 сурет) қабірі, қырдың беткейіндегі 3 қорған катакомба зерттелді. Мақаланың көлемі тек бір камералы (№2) және 2 камералы (№1) 2 қабірге ғана тоқталуға мүмкіндік береді.

№ 1 қабір дм 20 м, биіктігі 2,8 м болатын төбе астынан аршылып алынды. Қабірдің жалпы сұлбасы солтүстік ба- тыстан оңтүстік шығысқа қарай иіліп келеді де оңтүстік батыс бөлігіндегі қабырға тік бұрыш жасайды, осы тұста екі камералы дәліздің аузы орналасқан. Моланың ұзындығы 15 м, ені 12 м қабырғаның сақталып қалған тұсы еденнен 1,2 м, ал сырты солтүстіктен есептегенде 1,8 м (1 фото).

Құрылыс жазықтық бойымен созылып жатқандықтан солтүстік батыс бөліктегі сақталып қалған қабырға, оңтүстік шығыс бөліктегіден жоғары орналасқан. Осы тұста айта кететін жайт, мазарды салу кезінде оның едені пахсамен тегістеліп, оның үстіне қабырға қаланған болуы керек. Камера едені өзен тастарынан төселіп үстінен лаймен сыланған.

Камераның сыртқы қабырғалары иілгендіктен оның еден тұсына қарағанда қабырға 1,2 м қалыңырақ. Камераға кіретін есіктер орналасқан оңтүстік-батыс бөлігіндегі қалыңдығы 1,3-1,25 м (биіктігі 1,2 м) иілу тұсының қалыңдығы 0,3 м биіктігі 1,2 м. Камераларды бөліп тұрған қабырғалардың қалыңдығы 0,7 м. Камера 1; (солт-батыс) көлемі 2,3x2,8 м. Оған кіретін арка тәріздес дәліздің биіктігі 0,90 м, ені 0,4 м, ұзындығы 1,5 м. Камераның кіретін есіктері көлемі 50x25x10 см болатын кірпіштерден тігінен қаланған. Камераны тазалау барысында кесек сынықтары мен пахса қалдықтары табылды.

Солтүстік батыс бұрыштан 1,05 м тереңдікте құмыраның сынығы табылды (биіктігі 46 см). Осы деңгейде адам қаңқасының шашылған бөлігі кездесе бастады (саусақ шыбықтары, сан сүйегінің сынықтары, тістері, төменгі жақ бөлігі). Еден сылағының астында адам қаңқасының шашылған бөліктері табылды (1,1-1,25 см тереңдікте). Солт.-батыс қабырғадан құмыра сынығы астынан адам бас сүйегі табылды. Жанында осы құмыра сынықтары шашылып жатыр.

Қабірдің осы жерінен адамның жамбас сүйегі мен екінші бір адамның қаңқасының аяқ сүйегі шықты. Басқа сүйектері камера ішінде шашылып тасталған. Дәл осы деңгейде екінші қаңқаның бас сүйексіз төменгі жақ сүйегі, қабырғалары иық сүйектері мен сан сүйектері табылды. Омыртқа, жамбас, бас сүй- ек, аяқ сүйектері жоқ болып шықты.

Осылайша № 1 камерада екі мүрде жерленген екі еден деңгейі анықталды. Алғашқы еден 2,20 м тереңдікте ірі өзен тастарынан төселіп беті сыланған. Табылған екі адамның сүйектері (бас сүйексіз) осы деңгейдегі еденге қатысты. Осы жерден екі темір пышақ, екі белдіктің үлкен тоғасы, жебенің ұштары табылды. Мұнан 20 см жоғарғы еденде бас сүйегі бар жартылай қаңқа және екі қыш ыдыстар қойылған еден деңгейі анықталды.

№2 камера көлемі 2,1x2,7 м бұған кіретін дәліз №1 камерадағыдай болғанымен, мұнда ауыз бөлігі кесекпен қаланған емес.

Мазардың ең жоғарғы бөлігінен есептегенде 1,10 м терендікте бас сүйексіз қаңқа табылды, мәйіт бүгіліп жатқызылған. Оның аяқтары 1,55 м төменінен табылды. Қаңқа анатомиялық қалыпта болғанымен, онда бас сүйек, оң аяғы тізеден төмен және саусақтары шашылып қалған. Мойын бөлігіндегі омыртқадан әртүрлі жақұт алқа және (оқық, паста және т.б.) қола сырға жүзік тәріздес заттар шықты. Бұл мәйіттің сүйектері қураған кезде қайта қазылып қойылғандығы анықталды.

2-і камераның едені 2,20 м тереңдікте орналасқан. Камераның ішкі үйін аршу барысында 1,75 м еден деңгейінде шашылған сүйектер, құмыра сынықтары, табыла бастады. Қалыңдығы 0,35-0,4 м еден деңгейінде кем дегенде 7 қаңқаның сүйектері аршылып алынды. Солтүстік шығыс және оңт.-батыс бұрыштарында үйілген сүйектер мен 7 бас сүйек табылды. Сонымен қатар; 6 керамикалық ыдыс (3 құмыра, 3 кесе) қола айнаның сынығы, 8 жебенің ұшы, темір пышақ пен қанжар, 2 қола тоға (аяқ киімдікі болуы мүмкін) қола түйреуіш, 2 сурматаш таяқтары, 2 янтар таяқ- шасы, 4 хрусталь алқа, 3 тас ұршық бастары, темір белдік тоғалары, қола сырға және алтын алқа. Екінші мүрде 1-і мүрденің оңт-шығысында орналасқан. Қазба жұмыстарына дейін биіктігі 1 м, көлемі 8x9 болатын төбешік болатын. Мүрде төбешіктің ортасына жерленген. Жақтаулары төртбұрыш болып келеді. Қазба барысында 0,32 м қола айна сынығы табылды. Камераны тазарту барысында кесек сынықтары табылып жатты.

Басқа заттар еден деңгейі жобасынан табылды. Бұл жерде екі бас сүйек пен екі адамның толық қаңкасы табылды. Барлық сүйектер солтүстік-батыс қабырғаға жиналған. Сүйектер арасынан екі жебе ұшы, темір пышақ сынығы, қола белдіктің 6 тоғасы табылды.

Жұмсақ мата төсеп мәйітті мазардың ортасына жатқызып жерлеу әдісі Сырдария өңірінде, Орталық Азияда, Жетісу мен Заравшанда исламға дейінгі кезеңде кең тараған. Бұған сәйкес аналогтар Ташкент пен Түркістан алқаптарында (Шаға және Сидақ мүрделері) кең тараған. Олар ертеортағасыр кезеңіне жатқызылады. Біз қазған Бөріжар мүрделерін VI-VIII ғғ. жатқызуға болады. Жуантөбе қала- шығындағы Бөріжар қорымының қазба жұмыстарының нәтижесі бізге сол кездегі Сырдария өңіріндегі халықтардың даму динамикасын көрсетеді. Ал жобаға алынып жатқан консервациялық жұмыстар Жібек жолы бойының саяхатшыларының қызықтайтын орнына айналады.