Сидақ қала жұртындағы зерттеулер
Сидақ қала жұрты қарапайым ортағасырлық ескерткіші, ол Түркістан қаласынан батысқа қарай 18 шақырым жерде орналасқан. Ол археологиялық әдебиетте А.Н. Бернштам басқарған Оңтүстік-Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмыстарынан бастап белгілі. 1947 ж. жұмыстарды қорытындылай келе, А.Н. Бернштам ескерткішті барлау барысында жер бетіне алынған материалдың көнелігін ескертіп кеткен. Оның пікірінше, жекелеген нышандар «Садықата материалдарының көнелігі жайлы», қала жұртының негізінен б.з.д. I мың жылдығының аяқ шеніне және б.з. бірінші ғасырларына жататыны жайлы айтады. Ал материал сипаты (қаланың өмір сүруінің бірінші кезеңінің) қаңлы-хорезм өркениетінің батыстағы ең шалғай орны жайлы куәлендіреді. Кейіннен, ОҚАЭ жұмыстарының жалпы қорытындыларын жасағанда А.Н.Бернштам қызметкерлері қала жұртының өмір сүрген уақыттарын V-XII ғғ. межесімен белгілейді. Бірақ Сидақ қала жұртының бүл жоғарғы уақыт межесі әлі дәлел таппай отыр. Қала жұртындағы қазба жұмыстары барысында шыңылтырлы керамиканың бірде-бір үлгісі табылмады, цитадель мен алаңдағы стратиграфиялық қазбалар жоғарғы (соңғы) құрылыс қабатты VIII ғ. ғана межелейтін материал беріп отыр (1 фото).
Бүл жердегі кең ауқымды қазбалар 2001 ж. Археология институты мен «Әзірет Сұлтан» мұражайқорығы бірлескен Түркістан археологиялық экспедициясымен (ТАЭ) басталған еді. Топографиялық нышандары бойынша қала жұрты Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне тән келетін «алаңқайы бар төбе» түріне жатады. Бастапқы нәтижелер қала жұртының жоғарғы кұрылыс қабаты VII-VIII ғғ. жататынын көрсетгі. Қала өмірі қатты өрттен токтап үалғандыктан бүл қабаттың сақталуы өте жақсы. Қала жұртының цитаделіндегі жұмыстар археологиялық сәулетөнер құрылыс нысандарын кейінгі консервациялау мен мұражайландыруды мақсат етіп отыр. қала жұртының цитаделінде ғибадатхана кешені тазаланып, стратиграфиялық зерттеулер басталды. Сонымен катар қала жұртынан батысқа қарай 800 м жерден табылған зиратта да зерттеулер жүргізілді. Қолға тиген материалдар цитадельдің тұтастай өртенуі УIII ғ. бірінші ширегінде өңірді араб- тардың жаулап алумен байланысты екендігін анықтады. Археологиялық жұмыстардың алғашқы нәтижелері жарияланған.
«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында 2004 ж. мамыр-шілде айларында Түркістан археологиялық экспедициясы ерте ортағасырлық Сидақ қала жұрты мен зиратындағы зерттеу жұмыстарын жалғастырды. Жұмыстар бірнеше нысандарда (№1-4 қазбалар) жүргізілді. Цитадельдегі (2 қазба) жұмыстар нәтижесіне қысқаша тоқталып өтейік. Қазба ауқымы цитадель батысының үштен бір бөлігін қамтыды (2 фото). Жоғарғы құрылыс қабаты деңгейіндегі кең алаңда(1200 шаршы метр) қырыққа жуық бөлмеден тұрақ кешендерін құрайтын тұрғын жай учаскесі ашылды. Тұрғын үйлер бір-біріне жақын,- дуалдармен ғана бөлініп орналасқан да тар көшелермен бөлінген тұрғын үй кешендерін құрайды. Тұрғын үйлердің жобасына бөлме ортасында орын алған еден үстіндегі ашық ошақтардың және қабырға бойындағы сыпалардың, сондай-ақ қатарласқан қойма- бөлмесінің бар болуы тән келеді. Қабат VII-VIII ғғ. уақытымен белгіленеді. Тұрғын жайлардың жобаларында «құмхана» деп аталатын астық және басқада азық-түлікті сақтайтын қойма бөлмелерінің орындары байқалады. Дуалдары тұрғын үй қабырғасымен бір болғанымен, олардың есігі мәхәллә ішіндегі көшеге шығатын. Олардан зат қоятын керамиканың (құм, құмша, кұмыра және т.б.) сынықтары көптеп шықты. Мұндай құмқаналарға сыятын азық-түлік қоры, сірә, бір жанұяның орташа тұтыну көлемінен әлде-қайда асып түседі. Бүл қоймалардағы азықтың бір бөлігі сауда-саттыққа арналған болса керек. Немесе, Сидақ цитаделіндегі қоныс бүкіл төңіректің астығын сақтайтын орын болуыда мүмкін. Бұл құрылыс қабатында ғибадатханалық кешеннің бар болуы, аталмыш қоймаларды бүтіндей бір қауымның (тайпаның?) ғибадаттық қоймалары деп жорамал жасауға мүмкіндік береді.
Жалпы, қолға тиген материалдар аталмыш құрылыс қабатын Отырар алқабына тән «көкмардан археологиялық кешеніне» жатқызуға мүмкіндік береді. Қабатты ашу барысында құмыра, табақ, тостақ, құм, құмша, құты, қазан және басқада тұрмыстық керамика жиынтығы шықты. Жоғарыда айтылғандай, 2 қазбада ашылған бөлмелерден зат тасуға, азық сақтауға арналған керамика - құм мен құмшалардың үлкен жиынтығы алынды. Бүл үлкен ыдыстар өзінің өлшемімен, жиектерінің әрленуімен және басқада сипаттармен ерекшеленеді. Бастапқы өлшемдер бойынша үлкен деген құмдардың сыйымдылығы 150-180 литр келеді.
Керамикалық ыдыстардың әрленуі негізінен қарапайым келеді, ыдыс үстінен бір-екі катар түзу немесе ирек сызықтар жүргізілген. Ірі ыдыстар негізінен қоныр, қара, қызғылт ангобтан аққан су, шашылған су және жағыс іздері түріндегі өрнектермен әрленген. Бүйірі мен иықтарында, саздың шикі кезінде салынған қисық сызықты өрнегі бар бүтін ыдыстар мен оның бөліктері жиынтығы ерекше.
Ішінде металл балқытатын көрік баудың жел үрлеуге пайдаланылған қыштан жасалған жабық қуыс қондырғысы табылған бұйымдардың бірегейі. Сақиналы бедері бар доңғалақ «қақпақты» да бірегей қатарына жатқызуға болады. Оның ішкі беті алебастмен сыланған. Тұлғасы аң келпетінде жасалған хош иіс шығаруға арналған керамикалық аспап та айтарлықтай қызықты. Тұлғаның ар- қасына кішігірім домалақ табақ жасалған. Құйрық жағында тесігі бар. Бұл олжа Сыр- дария бойы өңіріндегі ерте ортағасырлық ескерткіштерден табылған, суқұйғыш немесе майдан хош иіс шығаратын аспап деп есептелетін аң келпіндегі ыдыстардың алуандығын кеңейтеді. Үшаяқты, кішігірім қыш қазан да қызықты.
Әлі шикі саздың үстінен жүргізілген «тамға тәрізді таңбалар» Сидақ керамикасына тән ерекшелік. Олар әдетте ыдыстың иығына немесе тұтқа түбіне қойылатын. Көне және ерте ортағасырлық керамикадағы таңбалар мамандар назарын көптен бері аударып келеді. Сидақ қала жұртынан шыққан таңбалардың үлкен жиынтығы осы қатардағы олжаларды зерттеудің деректік негізін едәуір кеңейтіп отыр.
Керамиканың көптеп табылуынан (қазірдің өзінде жиынтықта бірнеше жүздеген астам үлгі бар) басқа 2 қазбаның едендерінен темірден, қоладан, сүйектен және тастан жасалған бұйымдар табылды.
Тас бұйымдар - диірмен тастар, дәнүккіштер, түрлі сипаттағы үккіштер мен опырғыштар жиірек кездеседі. Диірмен тастар екінші рет құмдардың қақпағы немесе тіреуіші ретінде қайта пайдаланылған түрде кездеседі. Қайық түріндегі дәнүккіштер де осы қабаттан шықты.
Ұршықтар көптеп шықты. Негізінен олар қыштан жасалған, бірақ тастан да жасалғандары кездеседі. Кейбіреулері керамикалық ыдыс тұлғасынан дайындалса, енді кейбіреулері саздан жасалған да арнай нобайға (ұшы үшкір) келтірілген. Бұл айырықша заттардың көлемі кішкентай болуы, олардың жіңішке жіптерді (жібек?) жасауда пайдаланылғаны туралы айтса керек. Мұндай ұршықтардың жиынтығы алынған № 1 бөлмеден, ескерте кететін жәйт, бір жағында ғана пайдалану іздері бар тас жылтыратқыштар шыққан болатын.
Олжалар ішінде қоладан жасалған тоғалар мен белдік қапсырмалары бар екендігін айта кетейік. Темірден жасалған бұйымдар ішінде де осындай қапсырмалар мен тоғалар, сондай-ақ пышақ, ілмек, шеге т.б. заттардың сынықтары кездеседі. Сауыттың жекелеген қапсырмалары бар. Олар әдетте үлкен, шеттері доғалданған, созылыңқы пішінде болып келеді. Бүтін экземплярының ұзындығы 8,5 см, ені 2,8 см. тар екінші рет құмдардың қақпағы немесе тіреуіші ретінде қайта пайдаланылған түрде кездеседі. Қайық түріндегі дәнүккіштер де осы қабаттан шықты.
Ұршықтар көптеп шықты. Негізінен олар қыштан жасалған, бірақ тастан да жасалғандары кездеседі. Кейбіреулері керамикалық ыдыс тұлғасынан дайындалса, енді кейбіреулері саздан жасалған да арнай нобайға (ұшы үшкір) келтірілген. Бұл айырықша заттардың көлемі кішкентай болуы, олардың жіңішке жіптерді (жібек?) жасауда пайдаланылғаны туралы айтса керек. Мұндай ұршық- тардың жиынтығы алынған № 1 бөлмеден, ескерте кететін жәйт, бір жағында ғана пайдалану іздері бар тас жылтыратқыштар шыққан болатын.
Олжалар ішінде қоладан жасалған тоғалар мен белдік қапсырмалары бар екендігін айта кетейік. Темірден жасалған бұйымдар ішінде де осындай қапсырмалар мен тоғалар, сондай-ақ пышақ, ілмек, шеге т.б. заттардың сынықтары кездеседі. Сауыттың жекелеген қапсырмалары бар. Олар әдетте үлкен, шеттері доғалданған, созылыңқы пішінде болып келеді. Бүтін экземплярының ұзындығы 8,5 см, ені 2,8 см.