Шымкент қала жұртындағы қазба жұмыстар

Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шымкент отряды 2004 ж. ғылыми әдебиет пен анық- тамалық басылымдарда «цидатель» және «қамал» деп аталып жүрген ортағасырлық Шымкенттің тарихи орталығында кең ауқым- ды қазба жұмыстарына кіріскен еді.

Тарихи орталықтың қирандылары қазіргі Шымкенттің оңтүстік бөлігінде, қаланың жалпы деңгейінен биігірек орналасқан. Тарихи орталықтың қазіргі таңда 2 га жуық аумағы сақталған (1 сурет).

Қазіргі Шымкент құрылыстарының арасында мұндай тарихи ортаның орналасуы археологтар тарапынан «цидатель» мен «қамалдың» мәдени қабаттары мен жекелеген нысан- дарын зерттеуге оқтын-оқтын қызығушылық тудырып отырды.

Кейінгі ортағасырлық Шымкенттің аталған нысаналарында кішігірім қазба жұмыстары өткен ғасырдың 30-шы, 50-ші және 80-ші жылдарының аяқ шенінде жүргізілген болатын.

Қазба жұмыстары, негізінен уақыты XIX ғ. анықталатын қала жұртының жоғарғы мәдени қабаттарының кішігірім учаскелерінде және жекелеген құрылыстар мен тұрғын үй қирандыларын аршумен шектелетін (1 фото).

Шымкенттің тарихи орталығында қазба жұмыстарының нәтижелері Оңтүстік Қазақстан облысының ескерткіштеріне арналып шығарылған «Қазақстан тарихы мен мәдениетінің ескерткіштерінің жиынтығында» кішігірім мақала арналған.

Арнайы археологиялық сипаттағы мағлұматта қазба кезінде жинақталған олжалардың, археологиялық қазбалардың. тұрғын үйлердің нобайлары мен қалану әдісінің қысқаша суреттемелері, сонымен катар 1986—1987 жж. «Казпроектреставрация» Институтының археологиялық отряды «қамалдың» бекініс жүйесінің оңтүстік-батысында орналасқан шеткі мұнараның солтүстігіндегі учаскеде салынған қазбаның қысқаша суреттемелері келтіріледі.

М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Шымкент отряды 2004 ж. цидательдің оңтүстік-батыс бөлігінде (№1 қазба) және қамалдың оңтүстік қорғаныс дуалының үстінен (№2 қазба) қазба жұмыстарын жүргізді.

Цидательде аумағы 200 шаршы метрден (21,8x14 м) асатын ауданда №1 қазба салынды.

Қамалдың оңтүстік қорғаныс дуалының үстінен аумағы 840 шаршы метр (56x15 м) №2 қазба салынды.

1 қазба. № 1 қазбадан аршылған аудан- ның шығыс бойымен қатарынан созылып орналасқан цидательдің тұрғын кешенінің үш қабырғасының бөліктері және қазбаның шамамен ортасымен шығысқа қарай кеткен «кән» түріндегі үй жылытатын жүйенің «бүйірінен» жасалған екі сыпа (жатақ орын) анықталды.

Қазбаның оңтүстік-батыс бұрышындағы тұрғын кешені шикі қыштан жасалған шаршы тұғырға орнатылған тандыр мен жылыту жүйесін құраған ернеулері күйдірілген кірпіштен жасалып, дөңгелек пішінді келген едендегі ошақ орындарымен анықталды.

Цидательдің сақталмаған тұрғын жайларының табалдырықтары қазбаның оңтүстік- шығыс бөлігінде тастардың жиынтығынан байқалады.

Жалпы, жоғарғы құрылыс қабатынын құрылыстық жайлары мардымсыз сақталған.

Сондықтан сол кезеңдегі цидательдің сәулет өнерлік шешімінің бүтін суретін елестету қиынға соғып түр.

Бірақ, 1 қазбаның солтүстік-шығыс бөлігінде 3x4 м ауқымында салынған стратиграфиялық қазба - 0,92 мен - 2,0 м тереңдікте (шартты түрде алынған 0 деңгейінен) ерте кездегі, шикі қыштан қаланған, сақталуы жақсы берік дуалдар жатқанын көрсетті. Сондықтан, ертеректегі құрылыс кезеңінің кесімі бойынша қазбаны жалғастырған жағдайда цидательдің тұрғын үй, шаруашылық, әкімшілік және басқада құрылыстарын анықтауға болады деген сенім тудырады.

Цидательдің жоғарғы құрылыс кезеңінің қабатынан шыққан археологиялық кешені қыштан жасалған бүтін ыдыстар мен оның сынықтарынан, темір және шыны бұйымдардан, ғаныш (гипстің жергілікті түрі) декорының қалдықтарынан тұрады. Олардың уақыты XVIII-XIX ғғ. бас кезімен белгіленеді.

№2 қазба. Қазбадан қыштан салынған қорғаныс құрылыстары бар қамал дуалдарының 54 м созылған учаскесі ашылған болатын. Қорғаныс құрылыстары дуалдың шетіне шығып тұрған екі қамал мұнараларынан тұрады. Оның біреуі шетте(оңтүстік-батыста), ал нобайы шаршы келген екінші мұнара шеткіден 38 метр қашықта орналасқан. Қорғаныс дуалдарының ішкі жағында әскердің қорғанысы үшін, азық-түлік пен қару-жарақ сақтауға және қорғанысшылардың тынығуына арналған жайлар (казематтар) ашылды. Қамал дуалына тақалған тоғыз жайдың орны анықталды. Жайлардың орташа аумағы 3,9, 4x4,2 м келеді. Аумағы 4x1,8 м келетін бір тарлау жайды да анықтадық. Бес жай мен төрт жайдан туратын кешендер арасында қамал дуалының үстіңгі оқ ататын алаңына апаратын пандус анықталды.

Аталмыш жайлардың кейбірінің атқарған қызметтері анықталды. Мәселен. қорғаныс дуалының оңтүстік-батыс шетіндегі бұрышта орналасқан №9 жай асхана болған көрінеді. Мұны пеш орындары дәлелдейді. №8 жай қойма қызметін атқарған. Оңтүстік-батыс бұрышта шикі қыштан жасалған сандық орны байқалады. Қалған жайлар қорғанысшылардың тынығуына арналса керек. Мұның айғағы - мұнда жылытылмалы сыпалардың (жатақ орындары) бар болуында.

Қамал дуалының жанындағы пандустың үстіңгі жағында күйдірілген кірпіштен жасалған сандал түріндегі ошақ орны табылды. Бұл ошақ қорғаныс дуалының үстінде төңірекке бақылау жүргізген қарауылшылардың жылынуын қамтамасыз ететін.

Ішкі диаметрі 4,4 м, пішіні домалақ мұнара бекініс дуалының шетінен 6 м сыртқа шығып түр. Оған кіре берісінің солтүстігіне Солтүстік-оңтүстік бағытымен аумағы 3x4 м қарауыл- дық жайы келіп түйіседі. Мұнара мен қараул жайы шикі кесектерден (пахса) қаланған. Бекініс дуалдары шикі қыштан қаланған. Ду- алдың төменгі жағының ені 5-5,25, ал үстіңгі жағының ені 3,3 м келеді. Дуалдың сақталған биіктігі - 1,3-1,8 м.

Қорғаныс дуалы бір-бірінен 0,8-1 м қашықта тұрған екі дуалды катар қалау әдісімен жасалған. Дуалдар арасындағы бос жер құрылыс қоқысы мен бос топырақпен толтырылған.

Қорғаныс дуалы жайларының ішінен уақыты XVIII ғ. соңы - XIX ғ. бірінші жар- тысына жататын қыштан жасалған бүтін ыдыстар мен оның сынықтары. темір бұйымдар (қапсырма шеге, шеге, моншақ ұштары), шыны мен металл (қола, алтын) заттары табылды.

Сайрамның стратиграфиясын анықтау үшін Сайрам қала жұртында екі стратиграфиялық қазба салынды.

Біріншісі, көлемі 4x4 м келген, Қызыр мешітінің жанынан мешіт мұнарасының оңтүстігіне таман 12 м қашықтық жерде салынды. Қазба жұмыстары осы учаскедегі Сайрам қала жұртының мәдени қабаттарының қалыңдығы 4 м екендігін көрсетті. Араларында аздаған үзілістері бар бес құрылыс қабаты анықталды. Жоғарғысы XIX ғ. белгіленсе, төменгі құрылық алдындағысы IX-X ғғ. уақытымен белгіленеді. Төменгі қабаттан қарахандық кезеңге жа- татын материал - керамика олжалары аз шықты.

Жоғарғы құрылыс қабаты XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. бас кезінде пайда болғаны анықталды, Ол беткі деңгейден 1 м тереңдікте жа- тыр. Аталмыш деңгейден тандыр, ошақ, тас дәнүккіш табылды. Дуал негізі көлемі 20-40 см тастардан қаланған. Одан әрі, бесінщі қабатқа дейін күл мен гумусқа әртүрлі кезендердегі керамика сынықтары араласқан үйінділерге толы қоқыс шұңқырлары мен бадрабтар кездеседі. Бесінші қабаттан қазбаның солтүстігінен оңтүстігіне созылып жатқан канализация жүйесінің бір шеті табылды. Алтыншы қабаттан бадраб ішіне түсіп кеткен XVI ғ. жататын бүтін ыдыс шықты. Шағатай уақытының, Темір дәуірі мен кейінгі ортағасырлық керамикасы көптеп табылды. Темір және шыныдан жасалған бұйым бөлшектері де бар. Қазба жұмыстары құрылық деңгейінде тоқтатылды.

№ 1 қазбада фотоға түсіру мен сызбалар жасалды. Екінші қазба қаланың солтүстік-батыс беткейінде жүргізілді. Стратиграфиялык, кескіндеме Белқақпаның сол жақ тұсында, 100 м қашықтықта қала жұртының қатты ылдиланған жерінен салынды. Оның жоғарғы деңгейіндегі аумақ көлемі 2x5,5 метр, төменгі деңгейдегі көлемі - 2x7,5 м. Қазба нәтижесінде 4,5 м шамасындағы мәдени қабаттың бар екендігін көрсететін материал жинақталды және 4 құрылыс қабаты бар екендігі анықталды. Жоғарғы қабаттың уақыты XIX ғ., ал төменгі құрылық үстіндегі қабаттың уақыты ІХ-Х ғғ. Жетінші қабаттан тереңдігі 3,2 м келетін бадраб орны шықты. Одан 10-19 ғғ. аралығындағы керамика шыққан еді. бадраб ішінен металлдан жасалған бұйымдар (шынжыр. орақ, жебе ұштары, темір шыбықтары және с.с.) табылды. Сонымен қатар X-XI ғғ. жататын төрт қыш қазан, суға арналған ыдыстар, шырақтар, дастарқан, сырлы керамика, тиындар мен ортағасырлық шыны бөліктері де шықты. Бадрабтан асүйлік керамика көптеп кездесті. Олар екі түрлі: станокты және жабыстырмалы болып келеді. IX-X ғғ. асүйлік керамика бұйымдарының түрлері көп емес, мұнда негізіне қазан, таба, құмған және басқаларын көрсетуге болады.

Түбі домалақтау келген қазандар, соның ішінде толығымен қалпына келтірілген екеуі айырықша қызық көрінеді. Қазандар шаршы тәріздес, мойыны жиегіне қарай кеңейе келіп, жиегі сыртқа қарай дүгілген қазандардың сырты ғана емес, ішкі жағыда сұр-қызыл ангобпен боялуы айырықша сипат береді. Қолдан жабыстырылып жасалған ыдыстардың екі бетіде жұмсақ материалмен жұмырланған.

Қазбаның екеуінен де шыққан шыңыл- тырлы керамика қарахандық (Х-ХІІ ғғ.), моңғол-темірлік (XIII-XV ғғ.) және кейінгі ортағасырлық (XVI-XVIII ғғ.) болып үш кезеңге бөлінеді. Өндірістік технологиясы, көркемдік безендіру мен декороның ерекшелігі негізіндегі типологиясы бойынша бұл керамика Отырар, Түркістан мен Шаш өңірлерінің материалдарымен үндес болып келеді.