2019-2020 жж. ортағасырлық Маханды төрткүлінде жүргізілген зерттеулер

2019-2020 жылдары Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясы Шу отряды (Е.Ш.Ақымбек, М.С.Шағырбаев) ортағасырлық Маханды төрткүліне археологиялық қазба жұмыстарын жүргізді. Төрткүлде жүргізілген шурф-қазба және қазба жұмыстары ескерткіштің мәдени қабатында екі құрылыс горизонты бар екендігін көрсетіп отыр. Қазбаның стратиграфиялық құрылымынан қала тіршілігінде өрт болғаны байқалады. Қазба жұмыстары негізінде төрткүлдің планиграфиясының ерекшеліктері анықталды. Ескерткіштен табылған материалдардың басым бөлігін қыш ыдыстар мен жануар сүйектері құрайды. Қазбадан сырлы ыдыс сынықтары шықпағанмен, аздаған мөлшерде шыны сынықтары табылды. Жануар сүйектеріне жүргізілген археозоологиялық талдаулар төрткүл тұрғындарының шаруашылығында үй жануарларының барлық түрі қолданыста болғанын көрсетті. Маханды төрткүлінің өмір сүруі ХІ-ХІІ ғасырлармен мерзімделеді.

Бөлісу

Дереккөздер

  • Ақымбек Е.Ш., Шағырбаев М.С. 2019-2020 жж. ортағасырлық Маханды төрткүлінде жүргізілген зерттеулер // Марғұлан оқулары–2021: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының 30 жылдығына арналған «Этномәдени зерттеулер контекстіндегі Ұлы Дала» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары (Алматы қ., 26–27 қазан 2021 ж.). 3 томдық. - Алматы: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институты, 2021. - 2-том. - 280 б.
Авторлар:Акымбек Ералы Шардарбекович,Шагирбаев Мамбет Сапарбекович

Экспедиция