
2008 жылы Горный ауылынан 20 шақырым жердегі Ақ-Қайнар бұлагында жаңадан тас бетіндегі ескерткіштер - петротлифтер ашылды. Суреттер ертедегі өнерді көрсететін келесі ескерткіш ретінде ғана емес, бұқалардың бейнелерінің 2-3 метрге жететіндігі аса қызығушылық тудырды. Мұндай ірі суреттер Қазақстан аймағында сирек кездеседі. Алғашқы қауым зертгеушілері көптеген түрыптық сюжегтердегі жабайы бұқа, бұқаның мүйізінде билеген адамдар бейнесіне қызығушылықпен қарайды.
Қасынан, кейде жардың астынан суреттермен бірге тастан қаланған ертедегі қоныстарда кездеседі. Қоныстарға қазба жұмыстары жүргізілсе көптеген мәлімет, яғни кімнің және кай уақытта суреттерді салганын, тұрғылықты қауыммен байланысын анықтауға болар еді. Сондықтан 2009 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында сусыз қалған сайта шағын қазба жүргізілді.
Барлаужұмыстарынан кейін қоныс эртүрлі кезеңге жататыны, сонымен қатар үсті-үстіне салынғаны анықталды. Жоғары қабатында XX ғасырдың 30-50 жылдарына жататын қазақтардың уақытша үйлерінің орындары кездеседі. Осы уақытқа жататын қазандардың сынықтары, есік тұтқалары мен 40-50 жж. жасалынған коньки табылды.
Қазба жардан осыдан он жыл бұрын құрғап қалған өзенге қарай, яғни солтүстіктен оңтүстік сызық бойымен салынды. Траншея кең етіліп салынды. Қазба 3x3 метр болатын 5 шаршыға бөлінді. Солтүстік белігіндегі жалпы қазба терендігі 2 м 70 см. 55 см. терендікте ортағасырға жататын қыш ыдыс табылды. Қабырғасы қалың тұрпайы жасалған, сынықтардың бірі- мойын бөлігі. 1 метр тереңдіктен сақ кезеңіне жататын ыдыс сынығы табылды, 2 метрден 2 м 70 см-ге дейінгітереңдікте кейінгіқоладэуірінің ыдыс сынықгары табылды.
1 метр тереңдікте ертедегі тастан қаланған кабырға ашылды, оның қалындығы 40 см., қабырға үлкен тастардан қаланған, ал үстінгі бетіне майда қиыршық тастарды сазға араластырып қүйған. Саз қабырғаның төменгі жағында күл даты кездесті.
Нэтижесінде төменгі құрылыс көкжиегінен қола дэуірініц ыдыстары табылды, қалындыгы 1,5 метр шамасында. Осы уақытқа төменгі сақ жэне үйсін кезеңінің ыдыстары кездесетін қабатта жатады. Осы кезеңнің керамикасы аз мөлшерде 2 мен 3 шаршыларда кездеседі. Толық және нақты мерзімі АҚШ-тан келген анализ нэтижесіне байланысты болады.
Сонымен қатар 2,3 және 4 шаршылардың нэтижесі де жотарыда көрсетілгендей. 2 шаршыда үлкен тастың астынан солтүсгік-батысқа қарай кететін келесі бір қабырга табылды. Қабыргадан қола дэуірінің ыдыстары кездесті. Нзтижесінде қоныс ұзақ уақыт XX тасырдың ортасына дейін өмір сүргендігі айқындалды. Нэтижеге, сонымен қатар тас бетіндегі суреттерге қарап біз Ақ-қайнар бұлагының өмір сүруі сонау қола дэуірінен бастау алатынын айқындадық. Осы кезеңге петроглифтердің басым көпшілігі жатады. Темір дэуірі мен ортагасыр кезеңіне жататын суреттерді қоныс кезеңімен салыстыру кейінге қалдырылды.
Ак-Қайнар петроглифтері Қүлжабасы мен ертедегі Тамгалы суреттері секілді қола дэуірінен бастау алып, Жетісудың ертедегі ескерткіштерінің біріне жатады.
2009 жылы Асыда 1999 жылы басталган қазба жұмыстары жалгасын тапты. Қазба қоныстың солгүстік бөлігіне салынды. Қазбаның мақсаты - қоныс құрылысын анықгап, өмір сүрген кезеңін жэне қоршап жатқан қабырғасын зерттеу, сонымен қатар жануар сүйектерін жинап, шаруашылық түрін анықтау болып табылады.
Қазба нәтижесінде қоныстың қола дәуірінде басталып, кейінгі дәуірлерде де өмір сүргенін айқындадық. Асының гөменгі қабатынан табылған қыш ыдыстар - ернеу, бүйір, түбінің өрнектерікейінгіқоладэуіріне жататынын айқын көрсетеді. Ыдыстың ернеуітік, кейде сыртқа шығыңқы болып келеді. Екі сынықта бұрыштары томен қарайтын үшбұрыш бейнеленген.
Төменгі құрылыс көкжиегі кейінгі қола дэуірінщ керамикасына бай, бірақ үстін жанындағы төбеден алынған гравия басып қалған. Гравия қабатының жоғарғы бөлігінде маржанды орнек кездесетін керамика табылды, бұдан біз қоныс біраз уақыт өмір сүруін тоқтатыгі қайта өмір сүргенін байқаймыз.
Екінші көкжиектен жоғарғы жағында тағы да гравия қабаты кездеседі де одан кейін жалғанбалы шүмегі бар керамикалар кездеседі, яғни үйсін кезеңіне жататын болуы керек, ал оның жоғарғы жағында темір қырлы садақ ұшы кездесті, ол ортағасырға жатады. Сонымен қоныс 4 уақыт кезеңінен тұрады. Оның ұзақ жасаған уақыты кейінгі қола дэуірі.
Қоныстың солтүстік бөлігінен 1м 60 см тереңдіктен екі саз еден ашылды, олар бірінің үстінде бірі орналасқан және бірнеше баған ойықтары табылды, оның ішінде бағанның шірінділері кездеседі, бұдан шығар нэтиже олар шатырды жабуға пайдаланылған бағандар. 25-30 см биіктіктегі күйген қабаттан біз қоныстың өрттен өмір сүруін тоқтатқанын білеміз.
Асы I қонысының уақыты 2001 жылы томардың жасымен б.д.д. 700, 900, 1040 жыл, ал біздің жыл санауымыз бойынша б.д.д. 11 000 жыл екені анықталған болатын. Толық мерзімін беру элі де ерте, себебі көрші Асы II қонысының мерзімін АҚІІІ -тан алған мэлімет бойынша өмір сүру кезеңі ертерек болып шықты.
Асы өзенінін, қоныстан 2400 метр теңіз деңгейімен алғанда биіктікте екенін ескерсек олар жер шаруашылығымен айналысуы мүмкін емес, тек жаз айларында ғана тұрақты қоныс жайлауы болған деген шешімге келеміз. Кейбір авторлардың сөзіне қарағанда б.д.д. Ill мен II мыңжылдықтың аяғында осы жердін, табиғат жагдайы басқаша болған жэне 2400 метр теңіз деңгейімен алғанда биіктікте шаруашылықпен жыл бойы айналысқан деп айтады. Қоныстағы қазба жұмыстар аяқталған жоқ, бірақ біз көшін-қону мен жайлаудың пайда болғанына дейін жыл бойы өмір сүргендердің алғашқыларының бірі деп айта аламыз.
Дереккөздер
- Мемлекеттік «Мәдени мүра» багдарламасы бойынша 2009 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп . - Алматы, 2009. Казақ және орыс тілдерінде.


