Рақ обалары
Рақ обалары Атырау облысы Қызылқоға ауданының Қарабау ауылынан солтүстік-шығысқа 17 км қашықтықта орналасқан, 10 обадан тұрады. Ескерткіштерді алғаш рет 2007 жылы М. Касенов анықтап, мемлекеттік ескерткіштер қорғауына алынған. Археологиялық қазба жұмыстары 1, 7, 7А обаларында жүргізілді.
1 оба. Обаның диаметрі – 53 м, ең биік нүктесі – 2 м. Оба пішіні шеңбер тәріздес, үйіндісі топырақтан тұрады. Оба үйіндісінің сыртында, шығысқа қарай диаметрі – 5 м, тереңдігі – 0,5 м шұңқыр ор бар. Оба үйіндісі орталық бөлігінде 4х5 м, тереңдігі 0,5 м болатын үлкен оры бар.
Қазба жұмыстары барысында, обаның орталық бөлігі анықталып С-О өсі бойынша кесінді қабат (1 м) қалдырылып, шығыс және батыс болып 2 секторға бөлінді. Топырақ үйіндісін тазарту барысында 2 м (материк деңгейінен) тереңдіктен 1 жерлеу орны анықталды. Қабір ішінде сүйек қалдықтары жатыр.
Оба 7. Оба үйіндісінің диаметрі 35 м, ең биік нүктесі 1,2 м шеңбер пішінінде. Оба үстін өсімдік жамылғысы жапқан. Үйінді топырағы дөңестеліп үйілген. Обаның ені 0,6 м СО-ШБ өсінде кесінді қабат қалдырыла отырып 4 секторға бөлініп қазылды. Секторларының өсімдік қабаты топырағы орымен бірге толық алынып обаның бастапқы қалпына келтірілді. Обаның секторларының үйінділері 0,4 м төменге түсу арқылы алынды. Нәтижесінде оба үйіндісінің құрылысы анықталды. Оба үйіндісі бір қабаттан тұратын құмды топырақтан үйілген. Обаның СБ секторынан 1-2 қабір, ОБ секторынан 3 қабір (обаның негізгі қабірі), ОШ секторынан 4 - 5 қабірлер анықталды.
1 қабір. Қабір СБ секторының орталық бөлігінде орналасқан. Көлемі: 2х1 м қабір материк деңгейінде орналасқан. Ұзындығы 180 см басы оңтүстікке қаратылған ер адам. Бет бейнесі шығысқа қаратылған, оң қолы тік, сол қолы жанбас тұсына айқастырылып қойылған. Оң қолының астында ұзындығы 65 см болатын ақинақ қойылған.
2 қабір. Қабір СБ секторының батыс бөлігінде 1 қабірден батысқа қарай 4 м жерде материк деңгейінде орналасқан. Қабірдің көлемі: 2х1,2 м. Бойы - 168 м, басы солтүстікке қаратылып жерленген әйел қаңқасы анықталды. Бір қырымен бүктеліп жатыр (эмбрион түрінде) қолының солтүстік бөлігі жағында қатты сынған керемикалық ыдыс қалдығы анықталды. Басының жоғарғы бөлігінде 25х10 см, ені 3 см болатын құрбандық тасы орналасқан. Уақыты: ерте темір дәуірі.
3 қабір. Қабір ОБ секторын тазарту жұмыстары негізінде обаның орталық бөлігінен анықталы. Сұлбасы қара күйе топырақ кейіпінде байқалды. Қабірдің көлемі: 3,20х3 м. Қабірді тазарту жұмыстары негізінде 40 см тереңдіктен сүйек ұршық тас табылды. Қабірдің жалпы тереңдігі – 2,90 м. Қабірді толықтай тазалап біткеннен соң, қабірдің шығыс бөлігінде адам сүйектер және малдың сүйектері анықталды және 2 ер адамның бас сүйегі табылды. Оба өз заманында қатты тоналғандығы анықталды. 3 қабір обаның негізгі қабірі болып белгіленді.
Қазіргі кезеңде өзінің ерекшелігімен еш жерде кездеспейтін ерекше ескерткіштер кездеседі. Тайсойған құмы алқабы ежелден мал жайылымына қолайлы болды. Оған негізгі себеп құм алқабтарында тұшы судың мол қоры болды. Құм алқабы малға қыста пана, жазда жайылымға қолайлы. Құмның құнарлы шөпті жайлымы мал шаруашылығын дамытуға таптырмас өлке.
Сонымен бірге сауда жолдары да тұшы сулы құдықтарды бойлай Тайсойған құмымен керуен жолдары өтті. Сауда-саттық дамыды. Құм алқабтары ортасындағы «оазис» көкалқап жерлерге темір дәуірі кезеңде адамдар жапай қонстанды. Сондай көк алқапты бірі Қарабау тақыры болған. Ол ондаған шаршы километр жерді алып жатқан.
Обадан табылған қола дәуіріне тиесілі қабірге қарап бұл өлке сол заманның өзінде ақ адамға жайлы қоныс болғандығын айқындайды. Міне осындай тұрмысқа қолайлы аудандарға ерте темір кезеңі ескеткіштері де, мол шоғырланған. Көптеген тұрақтар мен жүздеген обалар салынған.