Ә.М. Оразбаевтың Шу өңірінде жүргізген зерттеулері

06.10.2022 10:12

1975 жылдан бастап белгілі археолог, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚазМУ-дың археология және этнография кафедрасының негізін қалаушы Әбдіманап Медеуұлы Оразбаев ортағасырлық Ақтөбе қаласында және Шу өңірінде зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1974-1977 және 1979 жылдарда жүргізілген археологиялық жұмыстар барысында ортағасырлық Ақтөбе қаласының су құбырлары жан-жақты зерттеліп, олардың Дода арық каналының бойындағы су қоймаларынан басталып оңтүстік-батыстан солтүстік шығысқа қарай жер жағдайының бедерін есепке ала отырып салынған күрделі инженерлік құрылыс екендігі белгілі болды. Су құбырлары желісіндегі құбырлар оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай әр 100 метрде 1 м төмендеп отырған, соның нәтижесінде құбырмен аққан су шахристанға, цитадельге жеткен. Ә.М. Оразбаев 1975-1977,1979 жылдар аралығында Ақтөбенің шахристанында, шаруашылық аймағында әртүрлі көлемде қазба құмыстарын жүргізіп Х-ХІІ ғасырлар кезінде қалада күрделі суқұбырлары желісі болғанын анықтауға сүбелі үлес қосты.

1978-1980 жылдарда Шу өңірінде археологиялық барлау жүргізген Ә.М. Оразбаев қолажәне ерте темір ғасырларының Жетіжар І, Жетіжар ІІ, Жалаңаш, Тасжарған, Екіжалды І, Екіжалды ІІ, Сұңқар, Жабалы Кеген обалар қорымдарын ашып, есепке алды және ғылыми айналымға енгізді.