Алматы облысы және Алматы қаласы аумағында 2021 жылы жүргізілген археолдогиялық зерттеулер

Алматы қаласы аумағындағы жаңадан ашылған және бұрыннан белгілі археологиялық ескерткіштердің қазіргі сақталу жағдайын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде 70-ке жуық археологиялық нысандар анықталды, оның ішінде бірқатары сақтау мәселесі бойынша белсенді шараларды талап етеді. Зерттеудің ең қызықты нәтижелерінің қатарына тау шатқалдары және тау етегіндегі жазықты жерлерде орналасқан ежелгі қоныстар мен жерлеу кешендерінің топтамасын жатқызуға болады. Арқарлы тауларында жүргізілген археологиялық барлау-іздестіру жұмыстары, құнды тарихи-мәдени мұра болып табылатын 200-ден астам ескерткіштерді анықтауға мүмкіндік берді. Олардың ішіндегі ең маңыздылары ретінде, мазмұны жағынан ежелгі және гортағасырлық жартас өнерінің туындылары болып табылатын, ашық аспан астындағы киелі орындардың белгілері көрсетілген петроглифтер топтамасын айтуға болады. Сонымен қатар, мұнда қола дәуірінен бастап жаңа заманға дейінгі мерзімді қамтитын 40-қа жуық тұрақ пен қоныс және 120-дан астам қорым тіркеліп, құжатталды.