Меркі қаласынан табылған қыш бұйымдар

28.06.2022 15:11

Меркі қаласына 2006–2007 жылдары Ә.Х. Мaрғұлaн aтындaғы Aрхеология институтының экспедициясы (жетекшісі A. Нұржaнов) қaзбa жұмыстарын жүргізді. Қaзбa жұмыстары барысында цитaдельдің солтүстік қaбырғaсынa іргелес жерде 31×31,5 м қaзбaдaн ХІХ ғ. 1-ширегінде сaлынғaн үлкен aулaлы екі тұрғын үй құрылыстaрының қaлдықтaры aшылып, aлты бөлменің орны aнықтaлды.

2006 жылғы ортағасырлық Меркі қаласына жүргізілген археологиялық қазба кезінде солтүстік қабырғаға таяу жерден аумағы 50×50 м алаңқайдан XIX ғ. бірінші ширегінде салынған үлкен аулалы екі тұрғын үй құрылыстарының қалдықтары аршылды. Қазба барысында табылған арабша жазуы бар кірпіш, темір балта      XIX ғасырға жататыны белгілі болды.

2007 жылғы қазба кезінде ортағасырлық Меркі қаласының орталық-батыс бөлігіне жүргізілген зерттеулер кезінде қазбадан құмыра, хумдар, ыдыстар және басқада бұйымдар аршылып алынған, табылған қыш материалдарды талдау барысында X–XII ғасырларға тән екені анықталды. Ал қазбаның 6 және 9 мәдени қабаттарынан табылған қыш бұйымдар IX-X ғасырларға тән. Шарықта жасалынған құмыра, кесе, хум, хумшалар және басқа да қыштан жасалған дастархан, қазандар, қазан қақпақтары көптеп табылған.