Бәбіш Мола оазисі Егістік кесенесінен табылған ағаш ыдыстар

28.06.2022 14:58

2020 жылы Бәбіш Мола оазисіндегі Егістік кесенесіне археологиялық қазба жұмыстары жүргізілілді. Кесене Бәбіш мола қалашығынан оңтүстікке қарай 23 шақырымда, Жаңадария арнасының оң жағалауында орналасқан. Қазба барысында адам сүйектерімен бірге жануар сүйектері, қыш ыдыстар, әшекей бұйымдар, қару жарақтар және сүйек пен түрлі металдардан жасалған археологиялық олжалар табылды. Ағаш ыдыстардың үш түрі анықталды: тостаған, қақпақ және астау. Егістік кесенесінен табылған ағаш ыдыстар пайдалану мақсаттарына қарай күнделікті тұрмыста және жерлеу рәсімдерінде ғұрыптық мақсаттарда қолданылған деп тұжырымдалды.