Отырардан табылған жылтыратырған сырлы тостаған (2018 жылғы қазба)

2018 жылы 2015 жылы басталған Отырар қалашығын зерттеу "Отырар қалашығын археологиялық зерттеу" жобасы бойынша жалғастырылды (жет. К.М. Байпақов). Ескерткішті зерттеуге А.К. Авизова, И.Р. Камалдинов, Н.О. Сералы, А.А. Сералиев қатысты. Аумағы 500 шаршы метрді құрайтын стратиграфиялық қазба 6,5 м тереңдікке, X–XI ғасырлардағы мәдени қабат деңгейіне дейін жеткізілді. Ортағасырлық Отырар қаласы шахристанының солтүстік бөлігіндегі стратиграфиялық қазбадан құс бейнесі (дала қыраны) түріндегі және эпиграфиялық декормен салынған сырлы тостаған табылды. Тостаған Қараханидтер кезеңіне жататын, Х–ХІ ғғ. тән қабаттан алынған.