Аян қорымындағы археологиялық қазба жұмыстары

Аян қорымы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы территориясына қарасты Оңтүстік-Батыс Алтай тау сілемдерінің күңгейінде қыратты жазыққа салынған. Қорым 50-ден аса əр түрлі уақыт аралығын қамтитын жерлеу-ғұрыптық ескерткіштерден тұрады.2015 ж. Ғ.Қ. Омаров жетекшілігімен барлау жəне топографиялық жұмыстар жүргізілді. Далалық маусымда зерттеу жұмыстары ерте темір дəуірі жəне түркі уақытына жататын екі нысанға қазба жұмыстары жүргізілді. № 1 қорған тау жотасының етегінде, қорғандар тізбегінен оқшау, қорымның батыс бөлігіндегі орналасқан. Ескерткіштің айналасында басқа нысандар көрінбейді. Қорғанның жер үсті құрылысын шым басып кеткен. Солтүстік-шығыс бөлігіндегі үйіндінің арасынан жылқының сүйектері мен тістері табылды. Қорғанның батыс бөлігінде ірі қара малдың омыртқа сүйектері есепке алынды.Жерлеу шұңқырының ішінен адам мәйіті мен жанында онық қару-жарақтары (жебенің ұшы, ұзындығы 115 см болатын семсер, қылшан, пышақ, қылыш, айылбас), жылқының немесе дала жануарының сүйектері мен ат әбзелдері табылды.

№ 2 қоршау сопақ пішінді, қорымның шығыс жағында орналасқан. 1,7 м тереңдікте мəйіттің қалдықтары табылды. Жерленген адам оң қырымен басы шығысқа қаратылып жатқызылған.Болжаммен, жерлеу орны тоналған. Жалпы, № 1 қорғандағы табылымдар ежелгі түркі кезеңіндегі қоғамның дүниетанымына, діні, мəдениетіне жаңа көзбен қарауға мүмкіндік береді. Болжамды түрде ескерткіш б.з. VIII–IX ғғ. мерзімделеді.