Ертеден қалған жәдігер-үш көзді мүсін

24.06.2022 17:05

«Əзірет Сұлтан» қорық мұражайы қорында сақталған назар аударарлық құнды жəдігер бірі - үш көзді адам бейнесіндегі мүсін. Саз балшықтан иленіп жасалған. Аталған жəдігер 2007 жылы Сидақ ата қаласында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды. Бұл мүсін туралы белгілі маман ғалым, əрі археолог М. Тұяқбаев қоқыс қалдықтарын тастайтын диаметрі 1,5 м келетін «бадраб-шұңқырды» қазған кезде ішінен шыққандығын айтады. Жәдігердің мойны орағышпен оралып, беліне белбеу байланған төмен жағы сынып қалған, бəлкім ол белбеудің ұшы немесе асынған қарудың ұшы болуы да ғажап емес. Жəдігердің омырауында үшбұрышты пішінде тұмар тəрізді белгісі бар. Ғалымдардың топшылауы бойынша жəдігер VІ-VІІІ ғасырларға тəн туынды болуы мүмкін. Мүсіннің жалпы өлшемі –Һ-9,5см, d-5см