Қарабас қала-бекінісіндегі 2014 жылғы археологиялық қазба жұмыстары

Қарабас ескерткішінде 2014 жылы мамыр айында экспедиция отряды тұрақты жұмыс жасады. Археологиялық қазба жұмысымен бірге ескерткіштің топографиялық түсірілімі жасалынып, бекініске қызмет жасап тұрған бірнеше үйлердің орны анықталды. Қазба оңтүстік-батыс бұрышындағы құрылысқа көлемі 10х8 м етіп салынды. Бекіністің жоспары төртбұрышты, шығыс қабырғасының ұзындығы 130 м, батысы 105 м,солтүстігі мен оңтүстігі 40 м тең. Қабырғасының қалыңдығы 2-2,5 м, биіктігі 1,5-2 м. Жеті бекіністі мұнаралары сақталған.

Бөлменің ішкі бөлігінде 30-40 см тереңдегеннен кейін бірнеше жерлеу шұңқырларының іздері анықталды. Мəйіттердің жерлеу бағыты оңтүстік-батысқа, яғни құбылаға қаратылған. Мұсылманша жерленген мəйіттер шамамен XVIII ғасырдың аяғы мен XIX мерзімделеді. Мерзімдері б.з.д. ІІІ-ІІ ғғ. Қарабас қала бекінісінен табылған заттар бойынша (керамика, темір жебе ұшы,алтын жапсырма) шамамен б.з.д. ІV-ІІ ғғ. мерзімдеуге болады.