Жаңа кезеңге жататын Жұмыр мұсылмандық жерлеу орны

2021 жылдың далалық маусымында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Шірікрабат археологиялық экспедициясының қызметкерлері Ж.Р.Утубаевтың жетекшілігімен Көмекбаев атындағы кенттен (Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы) оңтүстікке қарай 37,5 км жерде орналасқан Жұмыр жеке қоршауын зерттеді. Нысан Бабиш-мола қалашығынан солтүстікке қарай 11 км жерде, Жаңадария өзенінің кеуіп қалған арнасының төменгі жазық террасасында орналасқан.Саздан тұрғызылған қоршаудың ішіне жерленген XVII-XVIII ғғ. мерзімделетін әйел мен баланың сүйегі қазылып алынды. Бұл кезеңнің жерлеулері Жаңадария арнасында әлі зерттелмеген тың тақырыптардың бірі болып саналады.