Іле алқабындағы көшпенділердің ерте ортағасырлық жерлеу орындары

Алматы қаласынан батыста 80 шақырым жерде (Жамбыл ауданы, Алматы облысы) Самсы ауылы маңында орналасқан ерте ортағасырмен мерзімделетін үш обаға археологиялық қазба жұмыстарын 2019 ж «"НЭПА" ғылыми-тәжірибелік практикалық археологиясы» ЖШС жүргізді. 1 және 3 обадан ежелде тонауға ұшыраған, жылқымен бірге жерленген катакомбалы жерлеу ғұрпы анықталды. 3 обадан топырақ жабындысы астынан ақымдап қойылған үш жерлеу орны кездесті. Бірінші ақымнан бұзылмай сақталған, қара тас көзі бар қоладан құйылған көлемді сақина, концентрациялық пішіндегі қола айна және ақшыл түсті жартылай мөлдір келген агата минералынан жасалған алқадан тұратын ақыреттік бұйымдар табылды. Барлық үш обадан да бастары батыс, солтүстік-батысқа бағытталған индивидтердің толық анатомиялық қаңқасы тазартылды. Анықталған жәдігерлер мен жерлеу ғұрыптарының ерекшеліктері обаларды VIII-IX ғасырлармен мерзімдеуге мүмкіндік береді.