Ордазы ескерткіштер тобындағы археологиялық зерттеулер

2020ж. далалық маусымында Ордазы ескерткіштер тобына археологиялық зерттеулер жүргізілді. Сортөбе1 қалашығында ескерткіштің өмір сүруінің үш кезеңіне жататын тұрғын үйлердің орны қазылды; Сортөбе 2 қалашығында - ескерткіш цитаделінің тұрғын ауданы және бекініс қабырғасының бір бөлігі аршылды. Бүгінгі күні Сортөбе 2 қалашығында ескерткіштің өмір сүру кезеңінің төрт құрылыс кезеңі анықталып отыр. Сондай-ақ, Сортөбе 2 қалашығының оңтүстігінде орналасқан қорымда қазба жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 2020ж далалық маусымы кезінде ескерткіштердің 314 м2 зерттелді. Археологиялық мәліметтерге сүйенсек, Сортөбе 1 қалашығы б.д. VIII – IX ғғ., ал Сортөбе 2 қалашығы –XI – XII ғғ. мерзімделеді.