Ортағасырлық Қышқалада 2021 жылы жүргізілген зерттеулер
Ортағасырлық Қышқалада 2021 жылы жүргізілген зерттеулер

2021 жылы зерттеу ескерткіште 2018 жылдан жүргізіліп келе жатқан археологиялық қазба жұмыстарының жалғасы. 2021 жылы ортағасырлық Қышқала маңында барлау жүргізіліп, Қышқаланың тарихи- топографиялық құрылымын анықтау және қаланың орталық бөлігінде стратиграфилық қазба, шаруашылық аймағында 1-қазба одан әрі жалғастырылып, 2020 жылы қазылған кесік кеңейтіліп ( 8-қазба), қаланың орталық бөлігінде 9-қазба және қорғаныс жүйесін анықтау мақсатында кесік ( 10-қазба) салынды. Нәтижесінде, 6 ортағасырлық қалада( Заңғарқала, Егембай, Сайқұдық, Қожақазған, Тоқсейтқала қаласы мен елді мекендері) қайта зерттеу жұмыстары жүргізіліп, бұрын есепке алынбаған 7 қала мен елді мекендердің (Мадиярқала, Жайны қалашығы, Жайны бекінісі, Сайқұдық І қалашығы, Үш Асар 1,2,3 ортағасырлық қалалар) орны ашылып, есепке алынды. Қыщ\шқалада жүргізілген зерттеулер барысында қаланың тарихи-топографиялық құрылымы анықталып, 1-қазбадан екі бөлмеден тратын кесене, 8-қазбадан көлемі 10х10 м кесене ашылды. 9-қазбадан қаланың өмір сүрген уаұытын анықтайтын материалдар алынып, 10-қазбадан нан қаланы қоршаған қамалдың екі кезеңде салынғаны анықталды.