Ұрысай-2 оба кешеніндегі жауынгерлік жерлеу орындары

15.06.2022 13:11

2021 жылдың маусым айында Батыс Қазақстан тарихи-өлкетану музейінің Тарих және археология бөлімінің жасағы Я.А.Лұқпанованың жетекшілігімен Елек өзенінің (Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы) екінші жайылма үстіндегі террасада орналасқан Ұрысай-2 кешенінің үш апатты қорғанын зерттеді. Оба үйінділерінің астынан топырақ блоктары мен ағаштан жасалған құрылымдар табылды. Қазба жұмысының нәтижесінде алты жерлеу, оның ішінде төрт жауынгер жерленген бір ұжымдық жерлеу; ер мен әйелдің қос жерлеуі; үш жеке әскери және бір бала жерлеуі ашылды. Алынған мәліметтерді алдын-ала талдау Ұрысай-2 қорымда зерттелген обаларды б.д.д. VI ғ. соңы – V ғ. басымен мерзімдеуге мүмкіндік береді.