Шағалалы V обасындағы ертесақтық жерлеу

2014 жылғы далалық маусымда Шағалалы ІІ қола дәуірінің қонысынан оңтүстік-шығысқа қарай Шағалалы V деп аталатын жалғыз қорған табылып, зерттелді. Ескерткіш Қошқарбай тауларынан (Ақмола облысы, Зеренді ауданы) солтүстікке қарай шоқылар тізбегінде орналасқан. Қорған солтүстік-оңтүстік бағытында созылған топрыақ пен тас араласқан екң құрамды үйіндіден тұрғызылған. археологиялық зерттеулер нәтижесінде ескерткіштің оңтүстік бөлігіндегі жерлеу ерте сақ дәуіріне, ал солтүстігіндегі ерте ортағасырларға жататындығы анықталды. Обаның оңтүстік бағытындағы зерттеу лақатта жасалған және жерлеу заттарына қарай

б.д.д. VII-VI ғғ. мерзімделеді. Шағалалы V обасындағы зерттеу жұмыстарының нәтижесі жерлеу құрылымның лақатты түрі Солтүстік Қазақстанда б.д.д. І мың. алғашқы ширегінде, яғни ұлыбай-тасмола мәдениетінің бастапқы кезеңінде пайда болғандығын көрсетеді.