Ә.М. Оразбаевтың Марқакөл өңірінде жүргізген зертеулері

15.06.2022 12:50

ҚазМУ-дың тарих факультеті археология және этнография кафедрасының археологиялық экспедициясы Ә.М. Оразбаевтың басқаруымен 1985 жылдан бастап Шығыс Қазақстан өңірінде зерттеулерін бастады. 1986 жылы Марқакөл ауданында археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді. Бұрын белгісіз Архиповка, Қалжыр, Бала Қалжыр, Бесоба, Қароба, Ақжайлау, Ақбұлақ және Төсқайың ауылы жанындағы ескерткіштер өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. 1988 жылы Күршім, Марқакөл аудандарындағы ерте көшпелілердің 26 белгісіз қорымынан 487 обаны тізімге алды.

Шығыс Қазақстан жерлерінің ертесақ мәдениеті жерлеу ескерткіштерін ұзақ жылдар жүйелі түрде зерттеген С.С. Черников бұл аймақтың мәдени бірлігін және хронологиялық шеңберін екіге бөледі. Бірінші хронологиялық жағынан б.з.д. ҮІІ – ІҮ ғғ. ерте кезең және б.з.д. ІІІ ғ.– б.д І ғасырының соңы, Құлажорға кезеңі. Мәдени ерекшелік те аймақтық жағынан екіге бөлінді. Солтүстік аймақ Ертіске дейінгі таулы Алтай мәдениетіне жақын болса, оңтүстік аймақ Зайсан, Тарбағатай өңірлерінің Орта Азия ескерткіштеріне жақын үлгісі.