Қоскеліншек қалашығына 2014 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

Әл фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, тарих, археология және музеология кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Ә.Т.Төлеубаевтың жетекшілігіндегі Алакөл археологиялық экспедициясы 2014 жылдың жазғы зерттеу мауысымында, Алматы облысы, Үшарал ауданы, Көктұма ауылдық округке қарасты аймақтан, Алакөлдің оңтүстігінде Көктұма қаласынан оңтүстікке қарай шамамен алғанда 5 шақырым жерде орналасқан ортағасырлық Қоскеліншек қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Қоскеліншек қаласынан түсірілген 3 қазба орны мен кесіктен шыққан материалдардың денін қыш бұйым сынықтары, құрылыс кірпіштері, шаруашыылықта пайдаланған диірмен тас сынықтары және ошақ бөліктері құрайды. Қоскеліншек қаласында тіршілік X-XII ғасырлар аралығында өрбіген деп болжайды.