Шығыс Қазақстан обылыс Үржар ауданында 2015 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

2015 жылғы маусымда Үржар ауданында жүргізілген археологиялық жұмыстардың барысында 20-дан аса алғаш рет ашылған археологиялық нысандар зерттеліп, жобасы түсірілді, географиялық координаттары мен картадағы орыны анықталды. Сондай-ақ алғаш рет Бұқпан атты жерде құм мен қиыршық тастан тұратын 2 ерте темір дәуірінің қорғанына қазба жұмыстары жүргізіліп зерттелді және өзінің бастапқы қалпына келтірілді. Қорғандардан адамның кейбір сүйектері, қоладан жасалған жебелер мен паста моншақтары табылды. Бұқпан қорымындағы қазылған қорғандар материалдарына, сыртқы құрылысы мен ішкі құрылымына қарағанда б.д.б. VI- б.д.б. IV ғасырлармен мерзімдеуге болады.