Шу өнірінің ортағасырлық Қарауыл мұналары мен Қарауылтөбелері

13.06.2022 11:39

Шу өңірінде 1941-1986 жылдарда жүргізілген археологиялық зертеу жұмыстарының барысында 4 қарауыл мұнара, 3 қарауылтөбе , 4 елді мекенқарауылтөбе жəне 2 оба-қарауылтөбеле ашылып, зерттелді. Олардың қатарындағы елді мекен-қарауылтөбелер Үлкен (Бас) Ақтөбе, Орта Ақтөбе, Аяқ Ақтөбе, Гүлшара Мойынқұм ауданында, қарауыл мұнаралар Тоқтас, Қырқүй, Төрткүл 4, Қамысбек, оба-қарауылтөбе Тастұмсық Шу ауданында жəне оба-қарауылтөбе Ыстөбе Қордай ауданында орналасқан. Елді мекен - қарауылтөбе Үлкен (Бас) Ақтөбе (VII-XII ғасырлар, ортағасырлар). Қарауылтөбе Жамбыл облысының Мойынұқұм ауданындағы Қызылту ауылынан 6 км солтүстікте орналасқан. Елді мекеннің (қалашықтың) орталық бөлігіндегі көлемі 50 х 50 м келетін төбенің биіктігі 5 м, оны жан-жағынан қоршап жатқан алаңның көлемі 100 х 90 м, биіктігі 1-1,5 м. Оба-қарауылтөбе Тастұмсық (е.т.ғ., ортағасырлар). Оба-қарауылтөбе Жамбыл облысының Шу ауданындағы Тасөткел ауылынан 6 км оңтүстік-шығыста, ортағасырлық Тастұмсық елді мекенінен 0,3 км солтүстікте биік жерде

орналасқан. Топырақтан үйілген оба-қарауылтөбенің үсті тегіс, аумағы 50 м, биіктігі 5,5 м, (сурет 5) оны 1984 жылы ҚазМУ археологиялық экспедициясының тобы ашып, зерттеген.