ШҚО Үржар ауданында 2015 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бұл өлкеде археологиялық экспедициялар жұмыс істемеді, тек 2012 жылы жол салу барысында Жаңатілек және Лайұлақ аулының ортасында кездейсоқ қорған зерртеліп, соның негізінде ел тарихына «Үржар ханшайымы» деген тұжырым кірді.

2015 жылғы маусымда Үржар ауданында жүргізілген археологиялық жұмыстардың барысында 20-дан аса алғаш рет ашылған археологиялық нысандар зерттеліп, жобасы түсірілді, географиялық координаттары мен картадағы орыны анықталды. Сондай-ақ алғаш рет Бұқпан атты жерде құм мен қиыршық тастан тұратын 2 ерте темір дәуірінің қорғанына қазба жұмыстары жүргізіліп зерттелді және өзінің бастапқы қалпына келтірілді.