2018 жылғы Тұттыбұлақ-I үңгіріндегі археологиялық зерттеулер
2018 ж. далалық маусымда Тұттыбұлақ-І үңгірінде зерттеу жүргізілген. Қазба ежелгі қабатты табу үшін 2,2 м тереңдікте барлық (90 м²) периметрі бойынша ескерткіштің солтүстік және батыс бөлігінде жүргізілді. Монғол-Темiр заманы мен ерте ортағасырдың темір шеберханасының ошақ шұңқыры тазаланды. 40–85 см тереңдіктегі қабаттан ортағасырлық қыш ыдыс, тиындар, ұсталық қолөнердің заттары мен құрал жабдықтары шықты. 100–120 см тереңдікте қыш ыдыстың сынықтары, қола және ерте темір дәуірінің оқтарының сүңгілері кездесті. Үңгірдің ортасындағы жартасты плитаның астынан адам қаңқасының жамбас сүйектері мен астыңғы жақ сүйегінің сынықтары табылды. Бақылау сызығы бойынша үңгірдің 120 см-ден 200 см-ге дейінгі тереңдіктегі аумағы негізінен тығыз щебен және кішкентай тас сынықтары, слюдамен толған. Бұл қазба кезінде біздің қола дәуірінен бастап кейінгі ортағасырларға дейінгі мәдени қабатты зерттегенімізді негіздей түседі. Қола дәуірінде үңгір аңшылар мен жинаушылардың уақытша тұрағы болғанын байқауға болады. Ерте темір дәуірінде темір балқыту үшін пайдалана бастады. Ерте ортағасыр мен қараханид кезеңінде метал балқытатын шеберхана ретінде көбірек қолданылды. Ол шеберхана ретінде кейінгі ортағасыр кезеңінде, тіпті XVii–XViii ғғ. дейін қолданылуын жалғастырды.