Тағдыры жұмбақ Қышқала

Қызылорда қаласынан оңтүстікке қарай 30 км жерде, Қоғалыкөл ауылының маңында орналасқан Қышқала қалашығында 2018 ж. археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген. Қышқаланың осыған дейінгі археологиялық зерттелу тарихына шолу жасалып, оның деректерден белгілі тарихи қаламен баламалану мәселесі қарастырылған. Қалашықтың тарихи атын анықтауда мамандар арасындағы әртүрлі көзқарастар сараланған. Сондай-ақ көпшілік мамандардың Қышқаланың Сырдарияның көне арнасы Баршындарияның бойындағы Баршынкент қаласының орны деген пікірлеріне сүйене отырып, Баршынкент қаласы туралы сақталған жазба деректердің мәліметтері топтастырылған.