Қызыл қорымындағы зерттеулер

Қызыл қорымы Ə.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Сарыарқа экспедициясының 2006 жылғы далалық зерттеу жұмыстары кезінде археологиялық ескерткіштерді анықтауға бағытталған ізденістері барысында ашылған болатын. Қорым соңғы қола дəуірінің құрылыстарынан, ерте темір дəуірінің тас жəне топырақтан үйілген обалар тобы мен домалақ қаландылар түріндегі ғұрыптық құрылыстардан тұрады.

Қазба жұмыстарына дейінгі барлау кезінде қорым құрамында келесідей нысандар байқалды:

– қорымның батыс бөлігінде жайғасқан соңғы қола дəуірінің 2 төртбұрышты құрылыс;

– жоғарыда аталған нысандардан солтүстікке қарай тас пен топырақ аралас үйіндісі бар 1 оба;

– бұлардан шығысқа қарай меридианалды сызық бойынша тас, тасты-топырақты 4 оба;

– қорымның шығыс аймағындағы ғұрыптық 3 тас құрылыс.