Бурнооктябрьск (Жылқышытөбе) қалашығында 2018–2019 жылдары жүргізілген зерттеулер

Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Бурнооктябрьск қалашығында 2018–2019 жылдары жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижелері баяндалады. Көлемі 110×100×18–20 м болатын төбенің оңтүстік шетінен салынған қазба бұл жерде екі қабатты құрылыс кешенінің болғандығын анықтады. Қазба барысында кешеннің әртүрлі көлемдегі бірнеше бөлмелері ашылды. Бөлмелердің қам кесектен қаланған қабырғаларының қалыңдығы 2 м және одан да көп, сақталған биіктігі 3–3,5   м. Қазбадан табылған археологиялық материалдардың сипаты кешеннің І–ІV  ғғ. аралығымен мерзімделетіндігін көрсетті. Табылған материалдар Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеттері материалдарымен өте ұқсас. Құрылыс салу тәсілі де етене жақын. Зерттеу барысында алынған мәліметтер кешенді қаңлы дәуірінде осы өңірді мекендеген егінші қауымның орталығы болған деп тұжырымдауға негіз береді