Үржар қорғаны : ашылу тарихы және зерттеудің кейбір қорытындылары

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында Таскескен-Бақты автөлік жолындарын қалпына келтіру жұмыстары барысында 2013 ж. қорғау жұмыстары кезінде табылған әйел жерленген тоналмаған Үржар қорғаны туралы хабарлама ұсынылады. Ескерткіш толықтай қалпына келтіруге болатын, бірегей жерленген бас киімнің сақталуымен ерекшеленеді. Жерлеу жеке және тас жәшікте орындалған. Ілеспелі кешеннің бөлшектері ретінде құрбандық астарының қалдықтары жануарлардың сүйектері, керамика мен ағаш ыдыстар, құрбандық шалатын тастан жасалған бұйымдар табылды. Әшекей бұйымдарынан тас салпыншағы 21бар сырға сақталған. 14 С мерзімдеу зертханасынан болжамдалған мерзім алынды. Қорған б.д.д. V-IV ғғ. мерзімделеді. Ескерткіштен алынған материалдар палеоантро-пологтар, генетиктер, биологтар, палинологтар қатысқан мамандар тобымен сарап-талды. Қазіргі таңда Үржар қорғанынан табылған материалдарды зерттеу жалғасын табуда

2013 жылы А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында Таскескен-Бақты автомобиль жолын қайта жаңаруына байланысты апатты археологиялық жұмыстар жүргізді