Асанас қаласында 2020 ж жүргізілген археологиялық зерттеулер

Ескерткіштің аумағын және айналасын зерттеу үшін әуеден және жердегі барлау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында ескерткіштің батыс қақпалары, шахристан бөлігіндегі тұрғын үй кешені, цитадель қақпаларының бұрыштық мұнарасы қазылды. Асанастан алынған жаңа мәліметтер орта ғасырларда Сырдария өңірі мен Хорезм тұрғындары арасындағы тығыз сауда-экономикалық байланыстар болғанын куәландырады. Сонымен қатар, Асанас қалашығынан алынған жаңа мәліметтер оны VIII – XIV ғғ. мерзімдеуге мүмкіндік береді. Бұл тиісінше бұған дейінгі ұсынылған Н.Н. Вактурская және Т. Мамидің пікірлерін дәлелдеп отыр.