Жанкент қалашығындағы қорғау аймағын ұйымдастыру және тұмшалау жұмыстары

Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан ортағасырлық Жанкент қалашығында жүргізілген қорғау және музеефикация жұмыстарының нәтижелері көрсетіледі. Жанкент қалашығы оғыз тайпаларының тарихын зерттеуде тірек ескерткіштердің бірі болып табылады. Бұл ескерткіш 2005 жылдан бастап Жанкент археологиялық экспедициясының мүшелерімен зерттеліп жатыр. Оның зерттелуінде археологиялық және пәнаралық зерттеу әдістері қолданылады. 2014 жылдан бастап археологиялық қазбамен қатар қалашықтың қорғау аймағын ұйымдастыру және консервациялық сипаттағы жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмыстардың нәтижесінде Жанкенттің архитектуралық ғимараттарының жақсы сақталғандығын байқаймыз. Біздің пікірімізше, қайта-қалпына келтіру және тұмшалау жұмыстарын жалғастыру Жанкент қалашығының аумағында археологиялық саябақ құруға ықпал етеді.