Хантау, Айыртау және Кіндіктас тауларындағы ежелгі ескерткіштерге жүргізілген археологиялық барлауды

Хантау, Айыртау және Кіндіктас тауларындағы ежелгі ескерткіштерге жүргізіген зерттеулер жүйеленді және қосымша археологиялық барлау жүргізілді. Алдын ала алынған мәліметтер аймақта ежелгі ескерткіштердің тығыз орналасқандығын көрсетуіне орай бірінші тәжірибелік зерттеу кезеңі космостық суреттер бойынша барлау жүргізу болды, одан кейін тікелей зерттеу болды. Алынған материалдарды камералдық өңдеу мен жүйелеу палеометал кезеңіндегі тұрғындардың шаруашылық – мәдени дәстүрін анықтау мақсатында жүргізілді. Зерттеу аймағы іргелес жазықтарды қосып алғанда ауданы 4000 шаршы км–ге жуық территорияны қамтыды. Топографиясы бойынша палеометал мен ерте темір дәуірінің 500-ге жуық, ал планиграфиясы бойынша 200-ге жуық ескерткіш материалдары жиналды. Ежелгі заманның 20-дан көп қоныс, 165 қорым және 17 петроглифтер шоғыры зерттелді. Кіндіктас тау-кен металургиялық орталығының палеометал кезеңінің 5 тау–кен қазбалары анықталды. Барлау нәтижесінде Хантау транзиттік коридорының батыс бөлегідегі ежелгі қоныс аударудың нақты бағыттарын анықтайтын мәліметтер алынды.