Қараспан қалашығындағы зерттеулер

2009 жылы Оңтүстік Қазақстан кешендік археологиялық экспедициясының Қараспан отрядымен, Қараспантөбе қалашығында зерттеу жұмыстары жалғасын тапты. Қалашықта барлығы алты жерде қазба жұмыстары жүргізілді, олардың үшеуі (Қ-1, Қ-2, Қ-3) стратиграфиялық тұрғыда. Қ-1 Қараспантөбе цитаделінің оңтүстік беткейінде орналасса, Қ-2 қалашықтың оңтүстік беткейінде дөңгелек рабадта жүргізілді, қалашықтан оңтүстікке қарай 900 м қашықтықта орналасқан Кіші Қараспанда Қ-3 жүргізілді. Қ-4, қазба үштен шығысқа қарай 200 метр қашықтықта жатқан, қалашықты оңтүстік, батыс, шығысынан қоршап тұрған ұзын дуалдың бірінде жүргізілді. Бесінші қазба (Қ-5) Қараспан қалашығының дөңгелек рабадының шығыс бөлігінде орналастырылды. Қазба алты (Қ-6) үшінші қазбадан оңтүстік- шығысқа қарай 70 метр қашықтықта, қалашықтың сыртқы дуалынан оңтүстікте орналасты.

Бірінші қазба (Қ-1) цитадельдің үстіңгі шетінен қыр негізіне дейін алынды, ені 2 м, ұзындығы 24 м. Ол стратиграфиялық түрде кесіліп қазылды (географиялық координаттары - 42 Т 503806 UTM 4703783.). Цитадельдің бұл беткейдегі жоғарғы алаңқайшасы бізге дейін ОҚКАЭ отрядымен қазба жұмыстары жүргізіліп нәтижесінде үш құрылыс қабаттары ашылған. Жоғарғы құрылыс қабатындағы бірінші және екінші қабаттарда ашылған бөлмелер XVII-XVIII ғғ. жатқызылған. 2006 жылы қазба жұмыстарында ашылған үшінші қабатқа келетін болсақ, Д.А. Талеевпен жазылған жұмыстарда күмән тудырарлықтай жерлер бар. Мәселен ол бір жұмысында үшінші қабатты, керамикалық материалдар бойынша XI-XII ғғ. жатқызса, ал басқа жинақта дәл осы қабат XV-XVI ғғ. жатқызған. Бірақ, 2009 жылғы қазба жұмыстары көрсеткендей аталған қабаттың материалдары негізінен ХІ-ХІІ ғғ. жатады.

Қазба жұмыстары кезінде шөп қабаты астынан тығыз қоңыр топырақ қабаты ашылды, ол еңіс бойымен төменге қарай 5 м төмендікке дейін созылып жатыр. III қабаттың ортасынан бастап кірпіш сынықтары араласқан түйіршікті қабат жалғасқан. Бұл қабаттың барлығы шамамен 60 см қалыңдықта лаймен құйылған, ол V қабаттан бастап, VIII қабаттың ортасына дейін жетіп цитадель қиясымен жоқ болып кеткен. Төменірек, қазбаның негізіне дейін мәдени қабат, сұр түсті қам кірпіштердің қаландылары мен тығыз топырақ араласқан қабаттан тұрады. Батыс кесіндінің солтүстік бөлігіне жақынырақ, қам кірпіштердің сынықтары кездессе, осы жерден солтүстікке қарай орташа тығыздықтағы қоңыр топырақпен түйіршіктелген борпылдақ топырақ араласа орналасқан. Осы жерде X қабат деңгейінде қалыңдығы 20 см күл линзасы байқалады. Одан төменірек еңіс бойымен XXII қабатқа дейін қам кірпіш пен тығыз топырақ араласа орналасқан. Кірпіштердің көлемдері әрқалай 36x26x7-8, 40x18x10, 42x22x10, 50x25x8-10 см. Осы жерде XII қабаттағы кірпішпен айналдыра қоршалған ошақ немесе кан қызықтырады, оның биіктігі 40 см, ені 80 см. Ошақтың ішінде жанған оттың іздері қалған. Кірпіштер ошақтың үстіңгі және астыңғы беткейінде жалпағынан қойылса екі шетінде кірпіштер тігінен жатқызылған. Одан төменірек XIV қабатпен XV қабаттың арасында қалыңдықтары 15-20 см күлді линзалар мен азынаулақ жануар сүйектері белгіленді. XXII және XXIV қабаттар арасында шағыл тас араласқан топырақ қабаты ашылды. Мұның астында тығыз топырақ араласқан қам кірпіштер қаландылары табылды.

Жоғарыда атап өткеніміздей I-VII қабаттардағы керамикалық материалдар ХІ-ХІІ ғғ. жатқызылып отыр. Олардың арасында азынаулақ кейінгі ортағасырлық шыңылтырлы керамикалардың бөліктері кездеседі, алынған ыдыстар ақ фонға көк немесе қоңыр бояулармен орындалған өсімдік тектес өрнектері бар табақтар мен кеселерден тұрады. IV қабат бойында ертеректегі керамика табылды, ол шамасы қайта өңдеу кезінде түскен болуы мүмкін. Бұл цилиндрлі тіреуіші бар дөңгелек кесе тәрізді құты (курильница). Осыған ұқсаған ыдыстар Ташкент оазисіндегі жетіасар мәдениетінде, Талас мекендерінде кеңінен тараған. Аталмыш табылмалар Қауыншытөбе, Шаш төбе, Шаушұқұмтөбенің жоғарғы қабаттарынан мәлім, ол жерде олар VI-VIII ғғ. жатқызылған.  

IX-XIV қабаттардың керамикалары аралас, ортағасырлық керамикалармен бірге ерте ортағасырға жататын керамикалар да кездеседі. Бұл ернеуінде шығыңқы сызықшасы бар сүр және ашық сұр ангобпен қапталған құмыра сынықтары. Мұндай құмыралар Шаш оазисіндегі Ханабад қалашығының VII-VIII ғасырға жатқызылған екінші құрылыс қабатында кездеседі.- Сол сияқты XIV-XV қабаттағы күлді линзалардан қалың қабырғалы хұмдардың ернеулері, су таситын құмыралар сынығы, қызыл ангобпен қапталған шағын құмыраның ернеуі шыққан. Бұл ыдыстарға ұқсастықты қауыншы мәдениетінің IV-V ғасырға жатқызылатын II кезең керамикаларының арасында кездеседі.

Қазба-2, цитадельді дөңгелене қоршап тұрған рабадтың оңтүстік бөлігінде орналастырылып, ол да стратиграфиялық тұрғыда қазылды. Оның географиялық координаттары-42 Т 503762 UTM4703565. Қазба екіден солтүстік-батысқа қарай (рабад территориясында) 2004 жылдың стратиграфиялық қазбасы орналасқан, қазба материалдарды қала сыртындағы өмір сүру кезеңін 5 этапқа бөлуге мүмкіндік берді, ол б.э. I мыңжылдық және XII ғ. дейін.

Шөп қабатынан төмен IV қабатқа дейін қоңыр түсті борпылдақ топырақ орналасқан. Осы жерде атап кететін жайт, II ярус бойында еңіс шетінде жас баланың көмбесі ашылды, оның басы солтүстік-батысқа бағытталса, беті батысқа қараған. Аталған деңгейдегі жұмыс барысында адам сүйектерінің бөліктері де кездесті. Ерекше белгілеріне қарап оны кейініректегі көмбеге жатқызуға болады. Сүйектерден солтүстікке қарай ІІ-ІІІ қабат деңгейінде қазба жақтауына перпендикулярлы орналасқан қам кірпіштер бір қатарға қаланған, кірпіштердің көлемдері - 32x20x12 см. IV қабаттан төменірек IX ярусқа шейін қам кірпіштердің сынықтары араласқан орташа тығыздықтағы топырақ созылып жатыр.

Кей жерлерінде оңтүстікке қарай жеңіл түскен жасылтым түсті топырақтар мен орташа тығыздықтағы ашық-сұр, сұр түсті қабаттар кездеседі. Сынық кірпіштердің арасында бүтіндей сақталған кірпіштер де бар, олардың көлемі 28x12x18 см. Ал, батыс беткейдегі кесінді бойынша VIII-IX ярустар деңгейінде екі қатарға қаланған қам кірпіштердің қаландылары анықталды, оның ені шамамен 1 м жуық. Оны соңына дейін анықтау мүмкін болмады, өйткені ол батысқа қарай созылып қазба жақтауына кіріп кетті. Бұл жердегі кірпіштердің көлемдері басқаша, үлкенірек - 40x20x7-10 см. Содан, X қабаттан XIII қабатқа шейін мәдени қабат жеке күл қабаттарынан және жасылтым қатпаршадан тұрады. Одан төменірек материк асты майда жанған түйіршіктер мен сұршыл топырақ орналасқан,

Жоғарғы қабаттардағы (I-IV қабаттар) керамикалық материалдарды Х-ХІІ ғғ. жатқызуға болады, олар су таситын құмыралардың табандары мен тостағандардың ұстағыштары, табақтар және т.б. 1V-IX қабаттардағы керамикалық материалдар айтарлықтай ертеректегі (VII-IX ғғ.) кезеңге жатады. Олардың басым бөлігі VI-VII қабаттардан көптеген жануар сүйектерімен араласа алынған болатын. Бұлар қалың қабырғалы, ақшыл сұр фонға қара ангоб ағындылары бар хұмдардың бөліктері және тағара, қолмен жапсырып жасалынған қазандардың сынықтары. Төменгі қабаттардан да айтарлықтай көп мөлшерде керамикалық материалдар кездесті, олар қызыл ангобпен қапталған хұмдардың ернеулері мен қабырғалары, алмұрт пішімдес қолмен жапсырылған құмыралар мен қақпақтар. Керамикалық материалдардың басым бөлігі күл қабатынан (Х-ХІІІ қабаттар) шықты. Бұл материалдар өздерінің жақын ұқсастықтарын Отырар оазисінің және Арыс өзенінің жоғарғы және төменгі ағысындағы ескерткіштерден табады, олар I-IV және IV-VI ғғ. жатқызылған.

Қараспан қалашығының цитаделінен оңтүстік-шығысқа қарай 700 м қашықтықта Кіші Қараспан орналасқан - ескерткіш «алаңқайшасы бар төбе» тәріздес. Төбенің батыс жағынан үлкен емес алаңқайшасы бар, жалпы диаметрі 80 м. биіктігі 10-12 м.

Кіші Қараспанның шығыс еңісінде ені 1,5 м, ұзындығы төбенің төменгі негізіне дейін - 16 м шурф-кесінді жасалынды (Р-3). Оның географиялық координаттары - 42 Т 504193 UTM 4702984. 2009 жылғы қазба 2008 жылғы Д.А. Талеевпен жүргізілген қазбаның жалғасы болып табылады.   Сол жылғы қазба VII қабатқа дейін жеткен. Осыған орай табылған заттар мен мәдени қабаттардың мінездемесі VII қабаттан басталады. VII қабат деңгейінде борпылдақ топырақ пен арасында сынық, бүтіндерінің көлемдері 42x20x10 см қам кірпіштер кездесті. Одан төменірек VIII-IX қабаттарда қалыңдығы 50-60 см қоңыр түсті тығыз топырақ қабаты еңіс астымен шығысқа қарай 3 м-ге дейін созылып жатыр. XII қабаттың басында пахсалы дуал ашылды, дуалдың негізі XV яруста тұр. Сақталған дуалдың биіктігі 1,5 м жуық. XVI қабат деңгейінен нашар сақталған ошақ табылды, көлемі шамамен 40 см. Ошақтың ішкі жағында толы күл мен құмыралардың екі-үш сынықтары бар. Төменірек XVI қабаттың ортасынан бастап дуалдың шығыс беткейінде дуалға жабысқан ені 6 м алаңқайшасы бар және оның келесі беті қам кірпіштердің қаландыларымен шектелген XXIV қабаттың ортасына дейін төмен түскен. Кірпіштердің көлемдері 30x12x10 см. аталған кірпіш қаландыдан шығысқа қарай мәдени қабаттардың мінездемесі төмендегідей. XVII қабаттан XXII қабаттың ортасына дейін күйген-күлді қабаттар

Кей жерлерінде оңтүстікке қарай жеңіл түскен жасылтым түсті топырақтар мен орташа тығыздықтағы ашық-сұр, сұр түсті қабаттар кездеседі. Сынық кірпіштердің арасында бүтіндей сақталған кірпіштер де бар, олардың көлемі 28x12x18 см. Ал, батыс беткейдегі кесінді бойынша VIII-IX ярустар деңгейінде екі қатарға қаланған қам кірпіштердің қаландылары анықталды, оның ені шамамен 1 м жуық. Оны соңына дейін анықтау мүмкін болмады, өйткені ол батысқа қарай созылып қазба жақтауына кіріп кетті. Бұл жердегі кірпіштердің көлемдері басқаша, үлкенірек- 40x20x7-10 см. Содан, X қабаттан Х111 қабатқа шейін мәдени қабат жеке күл қабаттарынан және жасылтым қатпаршадан тұрады. Одан төменірек материк асты майда жанған түйіршіктер мен сұршыл топырақ орналасқан.

Жоғарғы қабаттардағы (I-IV қабаттар) керамикалық материалдарды Х-ХІІ ғғ. жатқызуға болады, олар су таситын құмыралардың табандары мен тостағандардың ұстағыштары, табақтар және т.б. 1V-IX қабаттардағы керамикалық материалдар айтарлықтай ертеректегі (VII-IX ғғ.) кезеңге жатады. Олардың басым бөлігі VI-VII қабаттардан көптеген жануар сүйектерімен араласа алынған болатын. Бұлар қалың қабырғалы, ақшыл сұр фонға қара ангоб ағындылары бар хұмдардың бөліктері және тағара, қолмен жапсырып жасалынған қазандардың сынықтары. Төменгі қабаттардан да айтарлықтай көп мөлшерде керамикалық материалдар кездесті, олар қызыл ангобпен қапталған хұмдардың ернеулері мен қабырғалары, алмұрт пішімдес қолмен жапсырылған құмыралар мен қақпақтар. Керамикалық материалдардың басым бөлігі күл қабатынан (Х-ХІІІ қабаттар) шықты. Бүл материалдар өздерінің жақын ұқсастықтарын Отырар оазисінің және Арыс өзенінің жоғарғы және төменгі ағысындағы ескерткіштерден табады, олар I-IV және IV-VI ғғ. жатқызылған.

Қараспан қалашығының цитаделінен оңтүстік-шығысқа қарай 700 м қашықтықта Кіші Қараспан орналасқан - ескерткіш «алаңқайшасы бар төбе» тәріздес. Төбенің батыс жағынан үлкен емес алаңқайшасы бар, жалпы диаметрі 80 м, биіктігі 10-12 м.

Кіші Қараспанның шығыс еңісінде ені 1,5 м, ұзындығы төбенің төменгі негізіне дейін - 16 м шурф-кесінді жасалынды (Р-З). Оның географиялық координаттары - 42 Т 504193 UTM 4702984. 2009 жылғы қазба 2008 жылғы Д.А. Талеевпен жүргізілген қазбаның жалғасы болып табылады. Сол жылғы қазба VII қабатқа дейін жеткен. Осыған орай табылған заттар мен мәдени қабаттардың мінездемесі VII қабаттан басталады. VII қабат деңгейінде борпылдақ топырақ пен арасында сынық, бүтіндерінің көлемдері 42x20x10 см қам кірпіштер кездесті. Одан төменірек VIII-IX қабаттарда қалыңдығы 50-60 см қоңыр түсті тығыз топырақ қабаты еңіс астымен шығысқа қарай 3 м-ге дейін созылып жатыр. XII қабаттың басында пахсалы дуал ашылды, дуалдың негізі XV яруста тұр. Сақталған дуалдың биіктігі 1,5 м жуық. XVI қабат деңгейінен нашар сақталған ошақ табылды, көлемі шамамен 40 см. Ошақтың ішкі жағында толы күл мен құмыралардың екі-үш сынықтары бар. Төменірек XVI қабаттың ортасынан бастап дуалдың шығыс беткейінде дуалға жабысқан ені 6 м алаңқайшасы бар және оның келесі беті қам кірпіштердің қаландыларымен шектелген XXIV қабаттың ортасына дейін төмен түскен. Кірпіштердің көлемдері 30x12x10 см. аталған кірпіш қаландыдан шығысқа қарай мәдени қабаттардың мінездемесі төмендегідей. XVII қабаттан XXII қабаттың ортасына дейін күйген-күлді қабаттар мен жануар сүйектері араласқан борпылдақ топырақтар қабаттары орналасқан. Шурфтың шетінен XVII қабаттың деңгейінде материкті қабат белгіленді, бірақта төмендегі кене қабат батысқа қарай бірден төмен түсіп XXVII қабатқа жеткен. Бұл ор тереңдігі шамамен 3 м. XXII қабаттың ортасынан XXVII қабаттың соңына шейін ордың іші бірінің соңынан ерген қабаттармен толтырылған: жоғарғы бетінде - қалыңдығы 1,8 м жасылтым топырақ дуалда және ор бойымен бірден көтеріліп 20 см-ге дейін жұқарып кеткен. Осы қабаттан төменірек қоңыр түсті тығыз топырақ шығыс беткейден батысқа қарай бірден түсіп кеткен. Одан төменірек қалыңдығы 10-20 см жасылтым топырақ орналасқан. Оның астынан қоңыр түсті тығызырақ топырақ ордың түбін жауып тұр. Ең астында сонымен катар керамика аралас күлді-күйген қабаттар анықталды.

IX-XV1 қабаттардан алынған азынаулақ керамикалық материалдары бізбен IV-V ғғ. жатқызылды. Олар негізінен осы кезеңге тән керамикалардың, яғни ангобтардың аққан іздері бар үлкен хұмдардың сонымен қатар доға тәріздес тік ұстағыштары және цилиндрлі мойындары бар су таситын құмыралардың бөліктерінен, тұрады. Сирегірек дөңгелек ұстағышы бар қызыл ангобты құтылар да бар. XVIII-XXVII қабаттардағы күл деңгейінен шыққан материалдар жеке бір комплекске жиналды. Олар ернеулері кесіндіде тік бұрышты немесе доға келген хұмдардың, құмыралардың бөліктері мен олардың ернеулері, ұстағыштары, су таситын құмыралардың қабырғалары. ЬІдыстардың сырты ақшылтым-сүр түсті немесе ашық қоңыр ангобтармен қапталған және ыдыстың сыртында шикі затқа тырналып орындалған толқын тәріздес өрнектер бар. Мұндай ыдыстар Арыс өзенінің бассейінінде I-IV ғғ. жатқызылған.

Қазба-4 кіші Қараспаннан оңтүстік-шығысқа қарай 200 м қашықтықта, қалашықты оңтүстік беткейден қоршап тұрған дуалда орнатылды. Оның географиялық координаттары - 42 Т 504389 UTM 4702866. Микрорелефтер бойынша дуалдан солтүстікке қарай қою құрылыс нысандары орналасқандығын көреміз. Оңтүстікке қарай дуал бойымен ор өткен. Қазба жұмыстарының негізгі мақсаттарының бірі қорғаныс дуалының құрлымын және ордың ені мен тереңдігін анықтау болып табылды. Осылайша дуал мен орды қоса ені 1 м, ұзындығы 32 м кесінді жасалынды.

Қ-4 қазба жұмыстары нәтижесінде анық болғандай, қорғаныс дуалының қалыңдығы 9 м, дуалдың сыртқы және ішкі жағында алаңқайшылар бар болған. Дуалдың сыртқы беткейінің сақталған биіктігі 4,5 м. Бұл жерде дуал тік емес, кей жерлері еңісіп, төменгі жағы керітпеленген. Азын аулақ керамикалар негізінен ор үстіне толтырылған борпылдақ топырақтан алынды. Бұл, қою жасыл шыңылтырмен қапталып, штампты өрнекпен өрнектелген шырағданның үш бұрышты пішімді құлағы, қазандардың ернеулері, су таситын құмыраның ұстағышы, бетінде ойылып салынған өрнегі бар жабқыш қақпақ сынығы, ыдыс қабырғасынан жасалған кішкентай ұршық.

Қысқаша мінездемеленген керамикалық материалдар ХІ-ХІІ - XIII ғғ. басына тән. Бұл жерде айтып кететін жайт, материалдардың ішінде ертеректегі керамикаларда бар. Олар ақшыл фонға қара ангобтар аққан қалың хұмдардың қабырғалары мен олардың жалпақ табандары. Мұндағы ертеректегі керамикалардың кездесуі, дуалдың құрылысы кезінде жер бетіндегі қираған көмбелердің топырақтарын пайдалану кезінде дуал құрылыс аймақтарына түсуі мүмкін.

Жоғарғы нөлдік нүктеден 120 см тереңдікте еден деңгейі керамика сынықтарымен төселген сағана табылды. Керамикалар VI-VIII ғғ. тән қалың қабырғалы хұмдар, су таситын құмыралар және олардың ұстағыштары арнайы сындырылып төселген. Камераның ортасында ОШ-СБ бағытында жарты сопақша тәріздес шағын тастардан құрастырылған сызық орналасқан. Камераға кіреберіс оңтүстік шығыс беткейде орналасып, есік қам кірпішпен бекітілген. Сонымен катар кіреберісте бүтін қам кірпіш жатыр, кірпіш көлемі 53x25 см. Биіктігі анықталған жоқ, өйткені кірпіш нашар сақталған. ғимарат қабырғаларының қалыңдықтары 110 см, өте нашар сақталған, негізіне дейін қирап кеткен. ғимараттың сыртқы көлемдері шамамен 4,5x5 м (сурет 1). Бүл қабір құрылыстарының жер үстіндегі сағаналарға (наус) жататыны сөзсіз.

Қызықты табылмалардың ішінен адам бас сүйегінің астынан табылған пішімі дөңгелек тәріздес қола бұйым, ол жейденің түймесі болуы мүмкін. Оның сыртқы жағында түймеге тән доғал тәріздес ілмек бар. Беткі жағында басы оңға қараған адам силуэті бедерлене бейнеленген. Бұрым контурлары байқалады. Басының үстінде нимб бейнеленген және қыртысталып сырт киімі көрінеді. Мұның әйел силуеті болуы мүмкін (?). Суреттің кесіндісінен бас сүйектің деформацияланғанын байқауға болады.

Басқа табылмалардан сурматашты, темірден жасалған бұйымдарды (пышақ сынықтары, белдік басы), сол сияқты екі-үш жақтаулы садақ ұштарын айтуға болады. Бұл бұйымдарға ұқсастықтарды Жуантөбе некрополі сағаналарынан табылған VI-VII ғғ. жатқызылатын бұйымдарда, Сидақ қалашығының некрополдері сағаналарынан шыққан VI-VIII ғғ. жатқызылатын бұйымдар арасынан табылады. Барлық табылмалар комплекс! зиратты VI-VIII ғғ. жатқызуға мүмкіндік береді.

           

Шербаев Р.К, Дудаков С.А. Қараспантобе қалажұртындағы археологиялық зерттеулер// Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2004 жылы археологиялық зерттеулер жайлы есеп. - Алматы, 2005 .- С.68-70; Байпаков K.M., Шербаев Р.К. Қараспантөбе қалажұртында жүргізілген археологиялық жұмыстардың бастапқы есебі//Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2005 жылғы Археологиялық зерттеулер жайлы есеп. - Алматы,2005. - С.151-153;

Талеев Д.А. Қараспан қалашығындағы зерттеулер қорытындысы// Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша 2006 жылы археологиялық зерттеулер жайлы есеп. - Алматы, 2007.- 40-416.

Талеев Д.А. Қараспан қалатпығындағы зерттеулер қорытындысы // Древняя и средневековая урбанизация Евразии и возраст города Шымкент,- Шымкент, 2008,- С.133-135

Левина Л.М. Керамика Нижней и Средней Сырдарьи в I тысячелетии н.э. - Москва, 1971. - Б. 150-152, рис.52. 35 , рис.59. 3/3.

Брусенко Л.Г. Глазурованная керамика Чача ЕХ-ХІІ веков,- Ташкент, 1986.- Б. 16-17, табл. 2, рис. 2

Левина Л.М. Керамика Нижней и Средней... Атал.шығ,- Б.181-184, рис.59

Шербаев Р.К , Дудаков С.А. Археологические исследования на городище Караспантобе... Атал.шығ,- Б. 169-170

Байпаков K.M., Подушкин A.H. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана (I тыс.н.э.).-Алма-Ата, 1989,- 160 б.

Материалдар жарияланбаган

Байпаков K.M., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры Южного Казахстана (I тыс.н.э.).-Алма-Ата, 1989.- 160 б.

Материалдар жарияланбаган

3         Байпаков K.M., Подушкин А.Н. Памятники земледельческо-скотоводческой культуры... Атал.шығ,- Б. 127, табл.У, 57, 59;

           Баііпакое К.М.,Смагулов Е.А.,Ержигитова А.А. Раннесредневековые некрополи Южного Казахстана.-Алматы, 2005.- Б.122, рис.3.23

           Сонда,- Б.129-133, рис.3.2< 3.25, 3.27